Әйүп Chapter 19

For English

Read Әйүп Chapter 19 Online

Read Әйүп Chapter 19 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 19

Тарау 19

1. Бұған Әйүп былай деп жауап берді:

2. — Қашанғы жанымды қинамақсыңдар, айтқан сөздеріңмен мені езгілей бересіңдер?

3. Мені он рет масқараладыңдар, маған еш ұялмай жамандық істей бересіңдер!

4. Егер адасқаным шындық болса, сол қателігім менің ғана мәселем!

5. Ал расында өздеріңді менен жоғары қойып, осы бейшаралығымды бетіме бассаңдар,

6. онда мынаны біліп қойыңдар: мені осы мүшкіл жағдайға түсіріп, жан-жағыма торын жайған — Құдайдың Өзі!

7. Мен: «Зорлық!» деп айқайласам да, ешкім жауап бермейді. Жұртты көмекке шақырамын, бірақ әділдік бәрібір жоқ.

8. Өтіп кете алмауым үшін Құдай жолыма бөгет қойды. Ол жүретін соқпағымды түнекпен жауып тастады.

9. Құдай мені абыройымнан жұрдай қылып, басымнан «тәжімді» сыпырып алды.

10. Мені жан-жақтан қырып-жойып, үмітімді арам шөптей түп-тамырымен жұлып тастады.

11. Ол маған өз қаһарын тұтатып, мені қас жауындай есептейді.

12. Оның «жасақшылары» маған қарсы анталап келіп, мені құрсаулап, мекенжайымды қоршап алды.

13. Құдай ағайындарымды өзімнен алыстатып, таныстарым маған жат болып кетті.

14. Туған-туыстарым менен безіп, дос-жарандарым мені танудан қалды.

15. Үйімде тұратын келімсектер мен қызметші қыздар мені бөтен адамдай санап шеттетеді. Олар үшін жат жұрттық кірме болып қалдым.

16. Қызметшімді шақырсам, жауап бермейді, оған тіпті жалынып өтінуім қажет!

17. Әйелім демімнің иісінен жеркенеді, туған бауырларыма да жексұрынмын.

18. Тіпті жас балалар да мені менсінбейді, орнымнан тұрғанымда келекелейді.

19. Сырлас достарымның бәрі менен жиренеді, жақсы көретін адамдарым маған қарсы шықты.

20. Құр сүлдерім қалып, зорға тірі жүрмін.

21. Аяңдаршы мені, аяңдаршы, достарым-ау! Мені Құдайдың Өзі ұрып-соқты.

22. Неге сендер Құдайға ұқсап артымнан қуып, етіме тоймағандай өкшелеп соңымнан қалмайсыңдар?

23. Менің сөздерім жазылып қалдырылса ғой! Бір кітапқа жазылса ғой!

24. Сөздерім темір қаламмен тас бетіне қашалып, қорғасынмен толтырылып, осылайша мәңгілікке жазылса ғой!

25. Ал мен Құтқарушымның тірі екенін білемін! Ақырында Ол осы (өткінші) жерде (мені ақтап) тұратын болады!

26. Денемнің күллі терісі шіріп, құрып кетсе де, соңында мен денемде Құдайды көретін боламын!

27. Оны мен өзім көремін! Оны көретін басқаның емес, менің өз көздерім болады. Сол үшін де жүрегім кеудемде қатты толқып тұр!

28. Ал өздерің: «Оны қудалап көрейік, мәселенің түп-тамыры оның өзінде ғой!» дейсіңдер.

29. Бірақ сендер Соттаушының семсерінен қорқыңдар! Себебі Оның қаһары бастарыңа семсерді төндірмек. Сонда сендер соттың бар екеніне көз жеткізесіңдер.

About Әйүп Chapter 19

Read Әйүп Chapter 19 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 19
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 19 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 19?

Әйүп Chapter 19 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 19 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 12
  2. Әйүп Chapter 10
  3. Әйүп Chapter 2
  4. Әйүп Chapter 33
  5. Әйүп Chapter 17
  6. Әйүп Chapter 26
  7. Әйүп Chapter 16

Explore More from Ескі өсиет

  1. Мысырдан шығу Chapter 40
  2. Малақай Chapter 1
  3. Даниял Chapter 4
  4. Нақұм Chapter 1
  5. Руларды санау Chapter 26
  6. Жоқтау Chapter 4
  7. Билер Chapter 14

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 139
  2. Зәкәрия Chapter 5
  3. Забур жырлары Chapter 54
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 4
  5. Ишая Chapter 36
  6. Жүніс Chapter 3
  7. Жохан Chapter 3
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *