Read Әйүп Chapter 29 Online
Read Әйүп Chapter 29 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Әйүп 29
Тарау 29
1. Әйүп сөзін одан әрі сабақтап былай деді:
2. — Бәрі бұрынғыдай, Құдай мені аман сақтап жүрген кездердегідей болса ғой, шіркін!
3. Сол жылдары Оның «шам-шырағы» үстімде жарқырап, Оның түсірген нұрымен түнекте адаспай жүретінмін.
4. Сол тұста мен өмірімнің өркен жайған шағында едім, әрі Құдай үйіме бас-көз болып ақыл-кеңес беретін.
5. Құдіреті шексіз Тәңір маған сол кезде әлі де жар болып, балаларым қасымда жүретін.
6. Үйімде ақ пен май ағыл-тегіл болып, жартастағы сыққыштан зәйтүн майы тасқындап ағып тұратын.
7. Мен қала қақпасына барып, соның маңындағы алаңда өз орныма келіп жайғасқанда,
8. жас жігіттер мені көргенде жол бере шегініп, ақсақалдар орындарынан тұратын.
9. Басшылар сонда сөздерін тыйып, ауыздарын алақандарымен жабатын.
10. Билеушілер дауыстарын шығармай, тілдері таңдайларына жабысып қалатын.
11. Сол кезде өзім туралы естіген адамдар мені дәріптеп, көздерімен көргендер жер-көкке сыйғызбай мақтайтын.
12. Өйткені мен қиналып, жалбарынған жарлыны да, арқа сүйер ешкімі жоқ жетімді де арашалайтынмын.
13. Ажалдан аман алып қалған адамдарым маған алғыстарын жаудырып, жесір әйел менен көрген көмектен әндете бастайтын.
14. Осылай бәрін де әділдікпен істедім, адалдық сәлдем мен шапаным сияқты маған жақын болды.
15. Зағип пен ақсаққа медет беруші,
16. жарлыға қамқоршы болдым. Өзім тіпті танымайтын адамның дау-жанжалын да әділдікпен шешіп беретінмін.
17. Ал жауыз қанаушылардың жақтарын сындырып, ұстаған олжасын аранынан түсірткізіп тастайтынмын.
18. Былай деп ойлайтынмын: «Мен көп жасап, отбасымның арасынан о дүниеге аттанатын шығармын.
19. Себебі мен тереңде жатқан суға дейін тамыр жайып, бұтақтарында түні бойы шық болатын ағаш сияқты мықтымын.
20. Әрқашан жұрттың мақтауына бөленемін, қолымдағы садағым әрдайым берік керіліп тұрады».
21. Осылай адамдар маған құлақ асып, кеңесімді үнсіз тыңдайтын.
22. Мен айтып болған соң олар соған еш нәрсе қоспайтын, себебі берген ақылым оларға ұнайтын.
23. Олар мені жаңбырды күткендей тағатсыздана күтетін. Көктемгі жаңбырды тосқан шаруалар сияқты ауыздарын ашып сөздерімді сіміретін.
24. Мен оларға жылы жүзбен қараған кезде, олар өз көздеріне өздері сенбейтін, менің жарқын жүзбен қарауым оларды жігерлендіретін.
25. Оларға жүретін жолды таңдап, көсемдері сияқты болып отыратынмын. Өз жасақшыларының арасындағы патша сияқты өмір сүрдім, әрі қайғы-қасіретке батқандарды жұбататынмын.
About Әйүп Chapter 29
Read Әйүп Chapter 29 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Әйүп
Chapter: 29
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Әйүп Chapter 29 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Әйүп Chapter 29?
Әйүп Chapter 29 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 29 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from әйүп
- Әйүп Chapter 12
- Әйүп Chapter 10
- Әйүп Chapter 2
- Әйүп Chapter 42
- Әйүп Chapter 33
- Әйүп Chapter 26
- Әйүп Chapter 27
Explore More from Ескі өсиет
- Патшалықтар 2-ж Chapter 13
- Езекиел Chapter 40
- Шежірелер 2-ж Chapter 23
- Шежірелер 2-ж Chapter 6
- Ешуа Chapter 13
- Патшалықтар 4-ж Chapter 7
- Мысырдан шығу Chapter 24