Жохан Chapter 3

For English

Read Жохан Chapter 3 Online

Read Жохан Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жохан in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жохан and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Жохан 3

Тарау 3

1. Парызшылдар арасында яһуди халқының Нікөдем есімді басшысы бар еді.

2. Ол Исаға түнде келіп: — Ұстаз, Сіздің Құдайдан келген мұғалім екендігіңізді білеміз. Себебі Сіз жасаған керемет істерді Құдайдың қолдауынсыз ешкім де орындай алмайды, — деді.

3. Иса: — Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығын көре алмайды, — деді.

4. Нікөдем: — Есейген адам қалайша қайта туылады? Шешесінің құрсағына еніп, екінші рет дүниеге келуі мүмкін бе? — деп сұрады.

5. Иса: — Саған өте маңызды шындықты айтайын: кімде-кім судан және Киелі Рухтан туылмаса Құдайдың Патшалығын көре алмайды.

6. Тәннен — тән, Рухтан — рух туады.

7. Менің «қайтадан туылуға тиіссіңдер» дегеніме таңданба!

8. Жел қалаған жерінде соғады: оның гуілін естисің, бірақ қайдан келіп, қайда кеткенін білмейсің. Киелі Рухтан туылған әр адамның басынан өткені де осыған ұқсас, — деді.

9. Нікөдем: — Бұл қалай болады? — деп сұрағанда,

10. Исаның жауабы мынау болды: — Исраилдің дін мұғалімі бола тұра, осыны білмейсің бе?

11. Саған өте маңызды шындықты айтайын: біз білгеніміз туралы сөйлеп, көргеніміз туралы куәлік етеміз, ал сендер айтқандарымызды қабыл алмайсыңдар.

12. Мен сендерге жерде болып жатқандарды айтқанда сенбейсіңдер, ал егер көктегі рухани нәрселер туралы сөйлесем, қалай сенбексіңдер?

13. Көктен келген Билеушіден басқа ешкім көкке шыққан жоқ, (Ол — көкте тұрушы).

14. Мұса пайғамбар айдалада мыс жыланды жоғары көтеріп қойған. Дәл солай көктен келген Билеуші де көтеріліп қойылуға тиіс.

15. Сонда Оған сенуші әркім мәңгілік өмірге ие болады.

16. Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.

17. Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құтқаруға жіберді.

18. Оған сенушілер қияметте сотталмайды. Ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған.

19. Соттың мәні мынадай: «Құдайдың Нұры» жерге келді, бірақ адамдар Одан гөрі түнекті жақсы көрді, себебі олардың істері жаман еді.

20. Жамандық істеген әркім Нұрды жек көреді және жасаған істері әшкереленбес үшін Нұрға жоламайды.

21. Ал шындыққа сай өмір сүретін әркім өз істерінің Құдайдың көмегімен жасалғандығы көрініп тұрсын деп Нұрға шығады.

22. Бұдан кейін Иса шәкірттерімен Яһудея аймағына барды. Сонда біраз уақыт олармен бірге болып, теріс жолдан қайтқан кісілерді шомылдыру рәсімінен өткізді.

23. Жақия пайғамбар да Сәлім қаласына жақын Енонда осы рәсімді орындап жүрді, өйткені ол жерде су мол еді. Көп адамдар оған келіп, рәсімнен өтті.

24. Сол кезде Жақия әлі де түрмеге жабылмаған болатын.

25. Осы уақытта Жақияның шәкірттері мен өзге бір яһудидің арасында діни тазару салттары туралы айтыс туды.

26. Олар Жақияға келіп: — Ұстаз, өткенде Иорданның арғы жағында сізбен бірге болған Адамға өзіңіз жақсы куәлік берген едіңіз. Ал енді Ол да шомылдыру рәсімін орындауда. Жұрттың бәрі Соған барып жатыр! — деді.

27. Жақияның жауабы мынау болды: — Құдай бермесе, ешкім еш нәрсе ала алмайды.

28. «Мен Мәсіхтің Өзі емеспін, тек Оның алдынан жіберілген хабаршысы ғанамын» деп айтқаныма сендер өздерің куәсіңдер.

29. Қалыңдығы бар кісі — күйеу жігіт қой. Оны күтіп тұрған досы даусын естіп, қуанады. Қазір менің қуанышым қойныма сыймай тұр.

30. Мәсіхтің беделі артуға, ал менікі төмендеуге тиіс.

31. Көктен келген Ол бәрінен де ұлы. Жерден пайда болған мен жердікімін, сондықтан жердің тұрғысынан сөйлеймін. Көктен келген Мәсіх бәрінен де үстем!

32. Ол Өзінің көкте көріп, естігендеріне куәлік етеді. Алайда Оның шынайы хабарын көпшілік қабылдамайды.

33. Бірақ соны қабылдағандар Құдайдың Өзін шындық деп мойындайды.

34. Құдай жіберген Мәсіх Оның хабарын жариялайды, өйткені Құдай Оған Киелі Рухын шексіз береді.

35. Әкесі Ұлын сүйіп, Оның қолына бар билікті тапсырған.

36. Құдайдың рухани Ұлына сенушілер мәңгілік өмірге ие. Ал Оны тыңдамағандар шынайы өмірді көрмей, Құдайдың төніп тұрған қаһарына ұшырайды.

About Жохан Chapter 3

Read Жохан Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жохан in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Жохан
Chapter: 3
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жохан. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Жохан Chapter 3 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Жохан Chapter 3?

Жохан Chapter 3 is part of the Book of Жохан in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Жохан Chapter 3 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Жаңа өсиет

  1. Жохан Chapter 9
  2. Жохан Chapter 7
  3. Жохан Chapter 4
  4. Жохан Chapter 1
  5. Жохан Chapter 8
  6. Жохан Chapter 6
  7. Жохан Chapter 5

Explore More from жохан

  1. Жохан Chapter 1
  2. Жохан Chapter 4
  3. Жохан Chapter 16
  4. Жохан Chapter 14
  5. Жохан Chapter 7
  6. Жохан Chapter 2
  7. Жохан Chapter 21

Related Chapters & Readings

  1. Езекиел Chapter 37
  2. Забур жырлары Chapter 95
  3. Нақыл сөздер Chapter 2
  4. Забур жырлары Chapter 13
  5. Забур жырлары Chapter 79
  6. Естер Chapter 4
  7. Шежірелер 2-ж Chapter 19
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *