Әйүп Chapter 12

For English

Read Әйүп Chapter 12 Online

Read Әйүп Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 12

Тарау 12

1. Сонда Әйүп жауап беріп былай деді:

2. — Шынымен де нағыз данышпансыңдар-ау! Сендер өлгенде даналық атаулы қалмас, сірә?

3. Бірақ менде де өздеріңдікіндей ақыл-сана бар, сендерден кем емеспін. Осы айтқан нәрселеріңді кім білмейді?

4. Мен достарымның мазағына айналдым. Құдайға сиынатынмын және Ол маған жауап беретін. Әділ де кінәратсыз болып келемін, әйтсе де күлкіге қалып отырмын.

5. Тоқмейілсігендер бақытсыздыққа ұшырағандарға немқұрайды қарап, аяқтары тайғандарын тіпті итеріп те жібереді.

6. Халықты құртушылардың мекенінде әлі де тыныштық. Олар Құдайды қаһарландырып келеді, бірақ Ол соларды Өзінің құдіретті қолында ұстайды.

7. Тек хайуандардан сұрап көр, олар саған үйретеді. Әуедегі құстардан сұра, олар саған айтып береді.

8. Немесе жерден сұра, ол да саған көрсетеді. Теңіздегі балықтар да саған білдіреді.

9. Осылардың қайсысы Жаратқан Иенің бәрін Өзінің құдіретті қолымен жаратқанын білмейді екен?

10. Әрбір тірі мақұлықтың жаны да, әр адам баласының тіршілік лебі де Жаратқан Иенің қолында.

11. Адам тамақтың ащы-тұщылығын тілімен ажыратқандай, сөздерді құлағымен сараламай ма?

12. «Даналық қарияларда, парасат көп жасағандарда» дейді.

13. Ал нағыз даналық пен құдірет тек Құдайда, дана ақыл-кеңес пен парасат та Оның Өзінде.

14. Құдай құлатса, ешкім қайта тұрғыза алмайды. Ол тұтқындаса, ешкім босата алмайды.

15. Егер Тәңір жаңбыр жібермей қойса, жер беті құрғап, қуаңшылық жайлайды, ал егер еркіне қоя берсе, бүкіл жерді су басады.

16. Күш-қуат пен жеңіс те Оның қолында, алданған да, алдаушы да Оның көз алдында.

17. Құдай кеңесшілерді ақылынан айырады, билерді де ақымаққа айналдырады.

18. Ол патшалардың сәнді белдігін босатады, белдеріне құл іспетті мата байлатады.

19. Тәңір жауға діни қызметкерлерді жалаң аяқ айдатып әкеткізеді, билік иелерінің астан-кестенін шығарады.

20. Ол сенімге ие болған ақылшыларды тілден айырады, ақсақалдарды парасаттан ада қылады.

21. Ол атақтыларды қор қылады, мықтыларды қаруынан айырады.

22. Құдай қараңғыда жасырынған ой-ниеттерді ашады, қара түнекті жарыққа шығарады.

23. Ол халықтарды ұлы қылып, кейін құртады, олардың жерін кеңейтіп, кейін адамдарын ыдыратып жібереді.

24. Тәңір елдің басшыларын ақылдан жұрдай қылады, жолсыз құла түзді кездіріп қояды.

25. Олар жарығы жоқ түнекте сипалап жүреді. Тәңір оларды мас адамдай теңселтіп қояды.

About Әйүп Chapter 12

Read Әйүп Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 12
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 12 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 12?

Әйүп Chapter 12 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 12 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 2
  2. Әйүп Chapter 10
  3. Әйүп Chapter 33
  4. Әйүп Chapter 17
  5. Әйүп Chapter 35
  6. Әйүп Chapter 26
  7. Әйүп Chapter 16

Explore More from Ескі өсиет

  1. Ишая Chapter 10
  2. Нақыл сөздер Chapter 20
  3. Амос Chapter 8
  4. Леуіліктер Chapter 18
  5. Зәкәрия Chapter 6
  6. Естер Chapter 1
  7. Мысырдан шығу Chapter 12

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 135
  2. Ишая Chapter 42
  3. Шежірелер 2-ж Chapter 24
  4. Заңды қайталау Chapter 24
  5. Уағыздаушы Chapter 12
  6. Заңды қайталау Chapter 10
  7. Езекиел Chapter 11
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *