Әйүп Chapter 8

For English

Read Әйүп Chapter 8 Online

Read Әйүп Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 8

Тарау 8

1. Сонда шуахтық Билдад Әйүпке былай деп жауап берді:

2. — Қашанғы осы әңгімеңді соза бересің? Айтқан сөздерің ғаламат дауылдай бұрқырауда.

3. Құдай әділдікті бұрмалайтын ба еді? Құдіреті шексіз Тәңір дұрысты бұрыс қылатын ба еді?

4. Керісінше, балаларың Оған қарсы күнә жасаған болса керек. Содан Құдай оларға теріс қылықтарының зардабын шеккізді.

5. Ал енді, Құдайға шын жүректен бет бұрып сиын, құдіреті шексіз Тәңірден рақым етуін жалбарына өтін,

6. әрі әділ де кінәратсыз таза жүр! Егер солай істесең, онда Ол, әрине, сен үшін іс қылып, мекеніңде әділдікті қайтадан орнықтырады.

7. Бұрын шағынға ие болғанмен, соңындағың көл-көсір асып-тасып жатады.

8. Тек аға буын ұрпақтан сұрастырып біліп, олардың ата-бабаларының ізденісінің нәтижелеріне назар салсаң екен.

9. Біздің дүниеге келгеніміз кеше ғана, ештеңе білмейміз ғой. Жер бетіндегі өміріміз көлеңкедей өткінші.

10. Ал бұрынғы ұрпақтардан тәлім ала аласың. Олардың жан дүниелерінде сақталған дана сөздерінен ғибрат таба аласың.

11. Құрақ батпақсыз биіктеп өсе ала ма? Әрі қамыс сусыз жерде жайқала ма?

12. Су тартылса, олар әлі де жасыл күйде тұрғанмен, басқа шөптен тез қурайды.

13. Құдайды ұмытқандардың тағдыры да осындай, арсыз адамдардың үміті ақталмайды.

14. Олардың сенім артқандары әлсіз де үзілгіш, сүйенгендері өрмекшінің торындай сенімсіз.

15. Сондай адам өрмегіне сүйенсе, ол шыдамайды, егер мықтап ұстаса, ол төзбейді.

16. Зұлым жан күн көзінде, жақсы суарылған жерде жайқалып өсіп тұрған өсімдікке ұқсайды. Ол өркендерін бүкіл бақтың ішіне жайып жібереді.

17. Оның тамырлары үйілген тастарды орап алып, тастақ жерді қармап, жақсылап бекінеді.

18. Ал егер өсімдік сол жерінен жұлынып тасталса, сол орында ешқашан болмағандай жоғалады.

19. Біліп қой, оның өркендеуі осылай аяқталады. Сол топырақтан басқа өсімдіктер өсіп шығады.

20. Құдай, әрине, кінәратсыз адамнан бас тартпайды, зұлымның істегендерін де қолдамайды.

21. Ол әлі де аузыңды күлкіден жиғызбай, көмейіңнен шаттық үніңді сыңғырлайтын қыла алады.

22. Ал сені жек көретіндер масқараға қалады, зұлымдардың мекендері құритын болады.

About Әйүп Chapter 8

Read Әйүп Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 8
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 8 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 8?

Әйүп Chapter 8 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 8 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 12
  2. Әйүп Chapter 10
  3. Әйүп Chapter 33
  4. Әйүп Chapter 26
  5. Әйүп Chapter 2
  6. Әйүп Chapter 42
  7. Әйүп Chapter 27

Explore More from Ескі өсиет

  1. Амос Chapter 3
  2. Жаратылыстың бастауы Chapter 7
  3. Шежірелер 1-ж Chapter 1
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 13
  5. Естер Chapter 9
  6. Ишая Chapter 48
  7. Ишая Chapter 18

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 3-ж Chapter 5
  2. Нехемия Chapter 10
  3. Патшалықтар 4-ж Chapter 17
  4. Забур жырлары Chapter 94
  5. Нақыл сөздер Chapter 12
  6. Еремия Chapter 51
  7. Лұқа Chapter 15
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *