Әйүп Chapter 18

For English

Read Әйүп Chapter 18 Online

Read Әйүп Chapter 18 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 18

Тарау 18

1. Сонда шуахтық Билдад былай деп жауап берді:

2. — Бұл әңгімені қашанға дейін айта бересіңдер? Ақылға келіңдер, кейін сөйлесе жатармыз.

3. Әйүп, неге бізді малдай көресің? Сен үшін біз миғұла адамдар сияқтымыз!

4. Ашуланып өзіңді соншама қазбалай беретінің не? Саған бола бүкіл жер қаңырап қалып, жартастар өз орындарынан қозғалуы керек пе?

5. Шүбә жоқ, зұлымның жарығы сөнеді, оның отының алауы жарқырай бермейді.

6. Үйіндегі жарық қараңғы болып, шам-шырағы да өшеді.

7. Күшті аяғы қысқарып, құрған арам жоспары оның өзін құлатады.

8. Зұлымды өз аяғы торға түсіріп, өз бетімен жүрген ол орға құлайды.

9. Қақпан оны өкшесінен ұстап, тұзақ оны тұтады.

10. Тұзақ жіп жерде жасырын қойылған, жүретін соқпағында қақпан орнатылған.

11. Күнәкарды жан-жағынан қорқыныш үрейлендіріп, соңынан қалмай қуады.

12. Оның күші аштықтан таусылып, құлаған кезінде пәле де дәл қасында бола қалады.

13. Ауру оның терісін жеп, кейін ажал да жетіп, дене мүшелерін құртпақ.

14. Зұлым өзі сенім артқан мекенінен жұлынады, оны «үрейдің патшасына» апарып тапсырады.

15. Жауыздың мекенін от жалмайды, тұрған үйіне жанып жатқан күкірт жаумақ.

16. Оның түп-тамыры құрғап, бұтақтары қурап қалады.

17. Күнәкар туралы естелік жер бетінен құрып, өз мекенінде де оның есімі ұмытылады.

18. Ол жарықтан түнекке қуылып, тұрған жерінен аластатылады.

19. Халықтың арасында оның баласы да жоқ, үрім-бұтағы да жоқ. Бұрын қоныстанған елінде ешбір тұяғы қалмайды.

20. Батыстан келгендер оның басына түскен жайтты көріп аңтарылады, шығыстан келгендер де қорқып былай демек:

21. «Міне, зұлымның мекеніне осындай бақытсыздық түспек! Құдайды мойындамайтынның тұрған орны осындай болмақ!»

About Әйүп Chapter 18

Read Әйүп Chapter 18 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 18
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 18 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 18?

Әйүп Chapter 18 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 18 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 12
  2. Әйүп Chapter 10
  3. Әйүп Chapter 17
  4. Әйүп Chapter 2
  5. Әйүп Chapter 16
  6. Әйүп Chapter 42
  7. Әйүп Chapter 41

Explore More from Ескі өсиет

  1. Забур жырлары Chapter 112
  2. Даниял Chapter 4
  3. Әйүп Chapter 24
  4. Забур жырлары Chapter 84
  5. Патшалықтар 4-ж Chapter 18
  6. Патшалықтар 2-ж Chapter 17
  7. Ишая Chapter 54

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 28
  2. Забур жырлары Chapter 27
  3. Забур жырлары Chapter 26
  4. Забур жырлары Chapter 29
  5. Забур жырлары Chapter 25
  6. Таңдауы ән Chapter 2
  7. Забур жырлары Chapter 24
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *