Әйүп Chapter 17

For English

Read Әйүп Chapter 17 Online

Read Әйүп Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 17

Тарау 17

1. Рухым күйреген, күндерім таусылуға жақын. Алдымда күтіп тұрған көр ғана.

2. Қасымдағылар мені келеке қылуда. Бар көретінім — олардың ащы қорлығы.

3. (Уа, Құдай,) менің әділдігім жайлы кепілдік бере көрші! Сенен басқа оны беретін кім бар?

4. Өзің олардың ой-санасын жауып қойдың. Енді олардың жеңіске жетуіне жол бермеші!

5. Олар өз пайдалары үшін достарын сатады, бірақ соның кесірі балаларына тиетін болады.

6. Құдай мені жұрттың мазағына айналдырды. Бәрі де бетіме түкіріп қорлайды.

7. Қайғыдан көздерім буалдырланып, денемнің құр сүлдері қалды.

8. Әділ адамдар мені көргенде аңтарыла шошынады. Кінәсіздер арсыздарға ашуланып, қарсы көтеріледі.

9. Сонда да әділдер өз жолдарымен нық жүреді, қолдары таза ізгі жандар күшейген үстіне күшейе береді.

10. Бірақ келіңдер, бәрің де, қайтадан тырысыңдар! Бәрібір араларыңнан ақылды адамды таба алмаспын.

11. Күндерім өтіп, ниеттенгендерім өшіп қалды. Жан-тәніммен аңсағаным да осылайша құрыды.

12. Ал адамдар күнді түн қылады, қараңғы басқанның өзінде «Қазір жарық болады!» деп баса айтады.

13. Егер көр үйім болайын деп, төсегім түнекте салынайын деп жатса,

14. шіруді әкем, тәнімді жалмайтын құртты шешем, әпке-қарындасым деп отырсам,

15. онда үмітімнің қайда болғаны? Оны таба алатын біреу бар ма?

16. Жоқ, үмітім менімен бірге о дүниеге аттанбақ. Екеуіміз де бірдей жер қойнына түсерміз.

About Әйүп Chapter 17

Read Әйүп Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 17
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 17 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 17?

Әйүп Chapter 17 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 17 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 12
  2. Әйүп Chapter 10
  3. Әйүп Chapter 2
  4. Әйүп Chapter 41
  5. Әйүп Chapter 33
  6. Әйүп Chapter 16
  7. Әйүп Chapter 42

Explore More from Ескі өсиет

  1. Шежірелер 2-ж Chapter 12
  2. Миха Chapter 5
  3. Әйүп Chapter 37
  4. Ишая Chapter 38
  5. Езекиел Chapter 16
  6. Жаратылыстың бастауы Chapter 50
  7. Әйүп Chapter 30

Related Chapters & Readings

  1. Әйүп Chapter 38
  2. Жохан Chapter 18
  3. Ишая Chapter 32
  4. Ишая Chapter 29
  5. Аян Chapter 7
  6. Забур жырлары Chapter 144
  7. 1 Тімотеге Chapter 1
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *