Read Патшалықтар 1-ж Chapter 30 Online
Read Патшалықтар 1-ж Chapter 30 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Патшалықтар 1-ж and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Патшалықтар 1-ж 30
Тарау 30
1. Дәуіт адамдарымен үшінші күні Сикеләгке жетті. Ал амалектіктер Яһуда жерінің оңтүстігіне және Сикеләгке жорыққа аттанып, осы қалаға шабуыл жасап, өртеп жіберген еді.
2. Олар қаладағы әйелдер мен үлкенді-кішілі басқа адамдардың барлығын да тұтқындап, ешқайсысын өлтірмей, өздерімен бірге алып кеткен болатын.
3. Дәуіт сарбаздарымен Сикеләгке жеткенде, қала өртелген, ал әйелдері мен ұл-қыздары айдалып әкетілген екен.
4. Сонда бәрі дауыстап жоқтап, әлдері құрығанша егіліп жылай берді.
5. Дәуіттің екі әйелі, ізрелдік Ахиноғам мен кәрмелдік Набалдың жесірі Әбигел де тұтқындалыпты.
6. Сарбаздар ұл-қыздарын жоқтап, ызаланып, тіпті: «Дәуітті таспен атқылап өлтіреміз!» — десті. Осылайша Дәуіттің жағдайы аса қиын болды. Алайда ол Құдай Иесіне сиынып, Одан қайрат-жігер алды. Содан Дәуіт Ахимәлік ұлы Абиятардан: «Бас діни қызметкердің жеңсіз сырт киімін алып келіңіз», — деп өтінді. Діни қызметкер оны әкелген соң,
8. Дәуіт Жаратқан Иеден: — Осы шапқыншы әскердің соңына түсейін бе? Оларды қуып жете аламын ба? — деп сұрады. Жаратқан Иенің жауабы мынау болды: — Соңына түс! Қуып жетесің, құтқарып та аласың!
9. Сонда Дәуіт қасындағы алты жүз сарбазымен жорыққа шығып, Босор сайының жағасына жетті. Алайда олардың кейбіреулері сол жерде қалып қойды.
10. Себебі екі жүз жігітінің қатты шаршағандықтан сайдың арғы бетіне өтуге шамалары келмеді. Қалған төрт жүз адамымен Дәуіт қуғындауын әрі қарай жалғастыра берді.
11. Жолшыбай олар далада жатқан бір мысырлық жігітті тауып, оны Дәуітке алып келді. Оған су ішкізіп,
12. жеуге нан, кепкен інжір жемістерін және екі бума мейіз берді. Жігіт үш тәулік бойы нәр татпаған екен. Жүрек жалғап, әл жинап алғаннан кейін,
13. Дәуіт одан: — Қай жақтың адамысың? Аты-жөнің кім? — деп сұрастыра бастады. Жігіт: — Мен мысырлық сарбазбын, бір амалектіктің құлымын. Ауырып қалған мені қожайыным бұдан үш күн бұрын тастап кетті.
14. Біз кереттіктердің оңтүстік жағына, Яһуданың жеріне және Халептің оңтүстік жағына шабуыл жасап, Сикеләгті өртеп жіберген едік, — деді.
15. Дәуіт: — Мені сол әскерге бастап алып барасың ба? — деп сұрады. Ол: — Мені өлтірмеймін, қожайыныма қайтарып бермеймін деп Құдайдың атымен ант етсеңіз, сізді соларға бастап алып барамын! — деді.
16. Сонымен жігіт Дәуіт пен серіктерін амалектіктер кеткен жаққа бастап алып жүрді. Олар жаудың қостарына таяп, қараса, амалектіктер бір кең жерге алаңсыз жайғасып, філістірлердің және Яһуданың елдерінен қолдарына түсірген ұлан-ғайыр олжаларына қуанғаннан ішіп-жеп тойлап жатыр екен.
17. Дәуіт сарбаздарымен оларға ымырт жабыла бас салып, келесі күннің кешіне дейін шайқасты. Түйелеріне мініп қашып кеткен төрт жүз жас жігіттен басқа амалектіктердің ешбіреуі құтыла алмады.
18. Дәуіт осылайша амалектіктердің алып кеткендерінің бәрін де, өзінің екі әйелін де құтқарып алды.
19. Сарбаздардың үлкенді-кішілі адамдарынан, ұл-қыздары мен жинаған олжаларынан, амалектіктердің бұлардан қолға түсіргендерінен ештеңе де жоғалмапты, Дәуіт бәрін де қайтарып алды.
20. Оның үстіне жаудың бүкіл ірілі-ұсақты малдарын да қолына түсірді. Адамдары осы малдарды өз малдарынан бұрын айдап, «Бұл — Дәуіттің олжасы!» — десті.
21. Осылай сарбаздар қатты қалжырап, ере алмайтын болғандықтан Босор сайының жағасында қалдырып кеткен екі жүз адамына жақындап келді. Сонда олар Дәуіт пен оның жанында жүргендердің алдарынан шықты. Дәуіт оларға жолығып, амандық сұрасты.
22. Бірақ онымен бірге жүргендердің ішіндегі кейбір пасық та арсыз адамдар: — Бұлар бізбен бірге шайқасқа барған жоқ. Ендеше біз қолға түсірген олжадан оларға үлес те жоқ! Әйелдері мен балаларын алсын да соған қанағаттансын! — деді.
23. Бірақ Дәуіт былай деп шешті: — Бауырларым, Жаратқан Иенің бізге сыйлағандарымен олай істемеңдер! Ол бізді аман-есен қорғап, шапқыншыларды қолымызға түсірді емес пе!?
24. Сендердің бұл ұсыныстарыңа кім құлақ түреді? Қайта, үлестері бірдей болсын Қарауылда қалғанның, Һәм шайқасқа да аттанғанның, Олжа бәріне бірдей бөлінсін!
25. Сол күннен бастап Дәуіт мұны Исраилдегі міндетті ереже ретінде бекітті. Ол әлі күнге дейін сақталып келе жатыр.
26. Дәуіт Сикеләгке қайта оралған соң, олжаның біразын Яһуда елінің өзімен достасқан рубасыларына жіберіп: «Бұл — сізге Жаратқан Иенің жауларынан түскен олжадан сыбаға!» — деген сәлемін жолдады.
27. Дәуіттің тартулар жіберген жерлері мыналар еді: Бетел, оңтүстіктегі Рамот, Ятир,
28. Арогер, Сифмот, Ештемоға,
29. Рахал, ерахмелдіктер мен кендіктердің қалалары,
30. Хорма, Хорашан, Атах,
31. Хеброн және өзі адамдарымен бірге барып тұрған барлық басқа жерлер.
About Патшалықтар 1-ж Chapter 30
Read Патшалықтар 1-ж Chapter 30 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Патшалықтар 1-ж
Chapter: 30
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Патшалықтар 1-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Патшалықтар 1-ж Chapter 30 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Патшалықтар 1-ж Chapter 30?
Патшалықтар 1-ж Chapter 30 is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Патшалықтар 1-ж Chapter 30 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
- Ешуа Chapter 2
- Ешуа Chapter 1
- Ешуа Chapter 4
- Ешуа Chapter 3
- Ешуа Chapter 12
- Ешуа Chapter 19
- Ешуа Chapter 6
Explore More from патшалықтар-1-ж
- Патшалықтар 1-ж Chapter 9
- Патшалықтар 1-ж Chapter 14
- Патшалықтар 1-ж Chapter 6
- Патшалықтар 1-ж Chapter 28
- Патшалықтар 1-ж Chapter 19
- Патшалықтар 1-ж Chapter 15
- Патшалықтар 1-ж Chapter 26