Read Әйүп Chapter 24 Online
Read Әйүп Chapter 24 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Әйүп 24
Тарау 24
1. Құдіреті шексіз Тәңір әділ сотын жүргізетін уақытын неге тағайындамайды? Оның адал қызметшілері осындай күндерді неге босқа күте беруі керек?
2. Зұлым адамдар меже тастарын жасырын жылжытып (өздерінің жерін басқаның есебінен ұлғайтып алады). Олар мал ұрлап, өз жайылымдарында бағып жүреді.
3. Жетімнің есегін айдап әкетіп, бейшара жесірдің өгізін алған қарызының кепілдігі ретінде тартып алады.
4. Олар мұқтаж адамдарды жолдан итеріп шығарған, елдегі күллі жарлылар жасырынуға мәжбүр.
5. Сондықтан кедейлер жабайы есектей иен даланы шарлап шығып, балаларына құла түзден тамақ іздейді.
6. Олар басқа біреудің егістігінде қалған астық масақтарын жинап, зұлымның жүзімдігіндегі қалған-құтқанды теріп күндерін көреді.
7. Түнде жамылғысыз жатады, суық болғанда жамылатын көрпелері де жоқ.
8. Тауда жауған жаңбырдан үсті-басы су болып, панасыздықтан жартасқа жармасып тығылады.
9. Зұлымдар тіпті бейшара жесірдің нәрестесін бауырынан жұлып алып, анасының алған қарызы үшін сәбиін кепілдікке ұстайды.
10. Жарлылар сырт киімсіз жүруге мәжбүр, ашқарын кедейлер байдың астық бауларын тасуға тиіс болады.
11. Сол бейшаралар зәйтүн жемістерін сығып, майын шығарады, бірақ оның дәмін тата алмайды. Жүзім таптап, шарап та жасайды, бірақ онымен шөлдерін қандыра алмайды.
12. Қала ішінде ауыр жаралылар болып, өлім аузында жатқандар жалбарына үн қатады. Ал Құдай сондай жайттарға бөгет қоймайды.
13. Зұлымдар жарық нұрға қарсы бас көтереді. Олар нұрдың ізгі жолын білмейді де, оның соқпақтарымен жүрмейді де.
14. Кісі өлтіруші жауыз күн батқанда тұрып, жарлы-жақыбайларды өлтіреді, түнде ол ұрлық та жасайды.
15. Өзгелер «Мені ешкім де көрмейді» деп, ымырт түсуін күтіп, жүзін бүркемелеп, басқа адамның күйеуі не әйеліне барып, неке адалдығын бұзады.
16. Ұрылар түнекте қабырғасын қазып, үйлерге бұзып кіреді де, күндіз тығылып жатып алады. Олар нұрға еш жоламайды.
17. Олар үшін қою түнек атқан таңның шұғыласындай қолайлы, қара түнектің үрейлері оларға досындай ұнайды.
18. «Ондай адамдар су бетіндегі жаңқадай ғайып болады, олардың елдегі үлестерін қарғыс атқан, жүзімдіктеріне ешкім аяқ баспайтын болады.
19. Ыстық пен аптап қар суын алып кететініндей, о дүние де күнә жасағандарды жоқ қылады.
20. Өз аналары оларды ұмытып, жердің құрты оларды сүйсініп жейді. Оларды бәрі де ұмытып, зұлымдық жасаушылар сынған ағаштай құрып кетеді» (дейсіңдер).
21. Ондайлар көмектесер баласы жоқ әйелдерге озбырлық көрсетеді, жесірлерге еш жақсылық жасамайды.
22. Бірақ Құдай өз құдіретімен күштілерді де орындарынан тартып әкете алады. Олар тіпті орнығып алса да, өмірге деген берік үміті болмайды.
23. Құдай сол мықтыларға бейқам тұруға жол бергенмен, оларды назарында ұстап тұрады.
24. Зұлымдар аз уақытқа жоғарылатылса да, ақырында жоқ болып кетеді. Барлық басқалар сияқты олар да төмендетіліп, өлімге жетеленеді, әрі бидайдың піскен масағы сияқты орылады.
25. Мені кім өтірікші деп әшкерелей алар еді? Кім айтқан сөзімнің құр бекер екенін дәлелдей алар еді?
About Әйүп Chapter 24
Read Әйүп Chapter 24 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Әйүп
Chapter: 24
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Әйүп Chapter 24 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Әйүп Chapter 24?
Әйүп Chapter 24 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 24 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from әйүп
- Әйүп Chapter 12
- Әйүп Chapter 10
- Әйүп Chapter 2
- Әйүп Chapter 42
- Әйүп Chapter 33
- Әйүп Chapter 26
- Әйүп Chapter 27
Explore More from Ескі өсиет
- Забур жырлары Chapter 77
- Ишая Chapter 52
- Руларды санау Chapter 17
- Еремия Chapter 34
- Даниял Chapter 9
- Мысырдан шығу Chapter 22
- Таңдауы ән Chapter 2