Әйүп Chapter 6

For English

Read Әйүп Chapter 6 Online

Read Әйүп Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 6

Тарау 6

1. Бұған Әйүп былай деп жауап берді:

2. — Шегіп жүрген азабым өлшенсе ғой, бар қасіретім таразыға тартылса ғой!

3. Олар теңіздің құмынан да ауыр болар еді. Сөздерімнің ағат екендігі содан да.

4. Өйткені құдіреті шексіз Тәңірдің жебелері денеме қадалды, жаным солардың уын ішуде. Иә, Құдай мені әбден қорқытатын жайттарды өзіме қарсы даярлап қойды!

5. Құланның көк майса шөбі болса, азынай ақыра ма? Өгіздің жейтін пішені болса, қинала өкіре ме? (Ал мен мүшкіл жағдайымда дауыстап шағымданбаймын ба?)

6. Жұрт дәмсіз тамақты тұзсыз жей ме, әлде жұмыртқа ағының бір өзін ғана ұната ма?

7. Ондай тамақтан ауыз тигім келмейді, (жаңағы айтқан сөздерің де) мен үшін құстыратындай жиренішті!

8. Тілегім жүзеге асса екен, Құдай аңсағанымды берсе екен!

9. Құдай мені езіп тастаса ғой! Қолына ерік беріп, мені құртса ғой!

10. Сонда әлі де мынадан жұбаныш тауып, риза болар едім: Қатты ауырып жатсам да, Киелі Құдайдың сөздерінен еш бас тартқан емеспін!

11. Ал енді, менің үміттене күтетіндей күшім, әлде өміріме төзетіндей мақсатым бар ма?

12. Менде тастай қатты күш те, қоладай қатты дене де жоқ!

13. Рас, көмектесерлік еш қуатым жоқ, жетістік атаулы да менен алшақтап кетті.

14. Өмірден күдері үзілген адамға досы мейірім көрсетуі керек. Ал сендер (мені айыптап) құдіреті шексіз Тәңірді қастерлемейсіңдер.

15. Сөйтіп сендер де, уа, бауырларым, маусымдық өзендер секілді сенімсіз болып шықтыңдар.

16. Көктемде сол өзендер еріп жатқан қар мен мұзға толып, лайланып, асып-тасып, арналарынан шығады.

17. Бірақ қуаңшылық басталғанда, олардың суы азайып, ыстық кезде мүлдем тартылып қалады.

18. Сонда керуендер өз бағытынан бұрылып, сол өзендерді іздейді, бірақ шөлде лағып, құриды.

19. Темалық керуендер суды аңсап іздейді, Сәбаның саудагерлері де одан үміттенеді.

20. Су бар деп сеніп келген олар оны таппай абдырайды.

21. (Уа, жолдастарым,) мен үшін қазір сендер де сондай өзендер іспетті жарамсыз болып қалдыңдар! Қорқынышты азабымды көріп, зәрелерің ұшып кетті.

22. Ал сендерге: «Маған сый беріңдер» деп пе едім? Яки: «Өз байлықтарыңнан мен үшін төлем төлеңдер»,

23. әлде: «Мені жауымның қолынан арашалаңдаршы», немесе: «Жауыз дұшпанның қолынан құн төлеп құтқарып алыңдаршы» деп жалына сұрап па едім?

24. Енді маған тәлім беріңдер, сонда үндемеймін. Тура жолдан адасқан болсам, сонымды көрсетіңдерші!

25. Әрине, әділ сөздер адамның жанын сыздатады. Ал сендердің сын сөздерің нені дәлелдейді?

26. Менің сөздерімді жоққа шығарғыларың келе ме? Өмірден түңілген адамның сөздерін бос сандырақ деп санайсыңдар ма?

27. Өздерің тіпті жетімдер үшін жеребе тастап, оларды иеленіп, достарыңды саудаға салудан да тайынбас едіңдер, сірә.

28. Ал енді, маған назар салыңдаршы! Көздеріңе тура қарап тұрып өтірік айтпаймын ғой.

29. Қойыңдар енді, әділетсіз болмаңдар! Тоқтатыңдар, менің әділдігіме дақ түсірмеңдер!

30. Әлде аузымнан өтірік шықты ма?! Таңдайым жалғандықтың дәмін ажырата алмай ма?!

About Әйүп Chapter 6

Read Әйүп Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 6
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 6 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 6?

Әйүп Chapter 6 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 6 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 2
  2. Әйүп Chapter 12
  3. Әйүп Chapter 10
  4. Әйүп Chapter 33
  5. Әйүп Chapter 17
  6. Әйүп Chapter 35
  7. Әйүп Chapter 26

Explore More from Ескі өсиет

  1. Нақұм Chapter 1
  2. Жаратылыстың бастауы Chapter 10
  3. Софония Chapter 2
  4. Нақыл сөздер Chapter 13
  5. Нақыл сөздер Chapter 27
  6. Патшалықтар 2-ж Chapter 13
  7. Забур жырлары Chapter 128

Related Chapters & Readings

  1. Нақыл сөздер Chapter 31
  2. Шежірелер 2-ж Chapter 9
  3. Забур жырлары Chapter 61
  4. Забур жырлары Chapter 97
  5. 2 Қорынттықтарга Chapter 1
  6. Аян Chapter 16
  7. Руларды санау Chapter 5
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *