Малақай Chapter 1

For English

Read Малақай Chapter 1 Online

Read Малақай Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Малақай in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Малақай and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Малақай 1

Тарау 1

1. Жаратқан Ие Малахи арқылы Исраилге сөзін арнап мына хабарды жеткізді:

2. — Мен сендерді сүйіп келемін, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Бірақ сендер: «Сен бізді қалайша сүйіп келесің?!» деп сұрайсыңдар. — Жаратқан Ие: — Есау Жақыптың туған ағасы емес пе еді? Бірақ Мен Жақыпты сүйіп таңдап алдым,

3. ал Есауды таңдамадым. Оның қыратты аймағын қаңыраған бос далаға айналдырып, меншікті жерін құла түздің шибөрілеріне қалдырдым, — деп жауап береді.

4. Едом: — Біз қирасақ та, үйінділерімізді қайта тұрғызып ала аламыз! — десе де, Әлемнің Иесі мынаны айтады: — Олар тұрғызса да, Мен қайтадан қиратып тастаймын. Олардың жері — «Зұлымдық елі», халқы — «Жаратқан Иенің наразылығына ұдайы іліккен халық» деп аталып кетеді.

5. Сендер бұны өз көздеріңмен көріп, «Жаратқан Ие Исраилдің шекараларынан тыс жерлерде де даңқтаулы!» дейтін боласыңдар.

6. — Ұл әкесін сыйлайды, қызметші қожайынын құрметтейді. Егер Мен көктегі Әкелерің болсам, Мені сыйлайтындарың қайда? Егер Қожайындарың болсам, Маған көрсеткен құрметтерің қайда? — деп сұрайды Әлемнің Иесі. — Алайда сендер, уа, діни қызметкерлер, Менің есімімді менсінбей жүресіңдер! Бірақ та сендер: «Біз қалайша Сенің есіміңді менсінбей жүр екенбіз?» деп сұрайсыңдар.

7. Сендер Маған бағышталған құрбандық үстелінде арам құрбандықтар ұсындыңдар! Сөйте тұра: «Біз Сені қалайша қорлаппыз?» деп сұрайсыңдар. Сендер «Жаратқан Иенің құрбандық үстеліне ерекше мән бермесек те болады» деп есептейсіңдер.

8. Құрбандыққа шалуға соқыр малды әкелесіңдер, бұл сұмдық емес пе?! Ақсақ не ауру мал әкелсеңдер, бұл да сұмдық емес пе?! Сондайды әкіміңе (салық ретінде) ұсынып көр! Ол соған риза болып саған оң көзімен қарар ма екен? — деп ескертеді Әлемнің Иесі.

9. Енді Құдайға: «Бізге рақымды бола гөр!» деп жалбарынып көріңдер! Бірақ сендердің алып келген осындай құрбандықтарың үшін Ол сендерге оң көзімен қарар ма екен?! — деп сұрайды Әлемнің Иесі.

10. — Одан да сендердің біреуің ғибадатхананың қақпаларын бекітіп қойсаңдар игі болар еді! Сонда сендер құрбандық үстелінде бекерге от жақпас едіңдер! Мен сендерге риза емеспін, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Мен сендердің қолдарыңнан ешқандай сый-тартуды қабылдамаймын.

11. Күннің шығысынан батысына дейін халықтар арасында Менің есімім зор даңққа бөленеді. Барлық жерлерде де Маған арналып хош иісті заттар түтетіліп, адал сый-тартулар ұсынылады. Себебі халықтар арасында Менің есімім даңқталады, — деп нық айтады Әлемнің Иесі.

12. Алайда сендер Менің есімімді қорлайсыңдар! Өйткені Жаратқан Иенің құрбандық үстеліне лайықсыз сый-тартулар әкелулерің арқылы сендер: «Оның үстелін арамдауға болады» дейсіңдер.

13. Сондай-ақ: «Қандай ауыр жүк!» деп, оны менсінбей мұрындарыңды шүйіре иіскейсіңдер, — дейді Әлемнің Иесі. — Сендер ұрлап алынған, жараланған, ақсақ не ауру малды әкеліп, оны Маған арнап құрбандыққа шалғандарыңда, неліктен Менің сондай сый-тартуды қолдарыңнан қабылдауым қажет? — деп сұрайды Жаратқан Ие.

14. Өзінің отарында құрбандыққа ұсынуға лайықты мінсіз еркек тоқтысы болып, соны Тәңір Иеге бағыштап шалуға уәде бере тұра, кейін Оған кемістігі бар басқа малды ұсынған өтірікшіні қарғыс атады! Өйткені Мен ұлы Патшамын! — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Менің есімім өзге халықтардың арасында айбатты болып, терең қастерленеді.

About Малақай Chapter 1

Read Малақай Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Малақай in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Малақай
Chapter: 1
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Малақай. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Малақай Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Малақай Chapter 1?

Малақай Chapter 1 is part of the Book of Малақай in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Малақай Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from малақай

  1. Малақай Chapter 2
  2. Малақай Chapter 3
  3. Малақай Chapter 4

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 1-ж Chapter 26
  2. Уағыздаушы Chapter 2
  3. Елшілердің істері Chapter 21
  4. Ешуа Chapter 21
  5. Римдіктерге Chapter 4
  6. Лұқа Chapter 20
  7. Шежірелер 1-ж Chapter 3
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *