Нақұм Chapter 1

For English

Read Нақұм Chapter 1 Online

Read Нақұм Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақұм in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақұм and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Нақұм 1

Тарау 1

1. Бұл — Жаратқан Иенің Ниневи жайындағы ауыр хабары, елқостық Нақұм көрген көріністер туралы жазба.

2. Жаратқан Ие — Өзінен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбейтін әрі арам істің қарымтасын қайтаратын Құдай. Ол зұлымдықтарды жазалап, оларға ашуланады. Жаратқан Ие жауларына лайықты жазаларын тартқызып, дұшпандарының қылмыстарын есінен шығармайды.

3. Жаратқан Ие қаһарлануға асықпайды, Оның құдіреті ерен зор. Ол айыптыны жазасыз қалдырмайды. Тәңір Иенің жүрген жолы құйын мен дауылдан өтеді, бұлттар Оның аяғының басқан шаңына ұқсайды.

4. Жаратқан Ие теңізге тыйым салып, оны құрғатады, өзендерге бұйырғанда солардың барлығы кеуіп қалады, Башан мен Қармил тауларындағы жайылымдар күйіп кетеді, Ливанның қаулаған ормандары солып қурап қалады.

5. Таулар Оның алдында сілкініп, төбелер балқып кетеді. Жер беті, бүкіл әлем және онда тұратындардың барлығы Оның алдында дірілдейді.

6. Жаратқан Иенің ашуына кім шыдай алар екен? Оның лаулаған қаһарына кім төтеп бере алады? Оның ашу-ызасы от сияқты төгіліп, жартастар да Оның алдында талқандалып үгітіледі.

7. Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі.

8. Бірақ жау қаласын Иеміз ғаламат топан сумен іргетасына дейін құртады, қара түнек Оның жауларын басады.

9. Сендер Жаратқан Иеге қарсы не ұйымдастырмақсыңдар? Ол соларыңды біржола құртады. Осы пәле екінші рет бастарыңа түспейді.

10. Оның жаулары тікенді бұтаға шырмалып, мас адамдай тәлтіректеп жүретін болады. Олар өртке жанған құрғақ сабандай мүлдем құрып кетеді.

11. Жаратқан Иеге қарсы жамандық ойлап, зұлым іс жоспарлайтын біреу сенен шығып аттанды (уа, Ниневи).

12. Жаратқан Ие мынаны айтады: «Олардың күші зор, саны өте көп болғанмен, ассурлықтар жойылып, құрып кетеді. Уа, халқым, Мен сені ауыр апатқа ұшыратқан едім, алайда қайтадан солай істемеймін.

13. Мен енді Ассурдың салған мойынтұрығын иығыңнан алып тастап, кісендеріңді үзіп босатамын».

14. Жаратқан Ие сен туралы мынадай бұйрық берді, уа, Ассур патшасы: «Сенің соңыңнан ұрпақ қалмай, атың өшеді. Тәңірсымақтарыңның ғибадатханаларындағы қашалған бейнелер мен құйылған мүсіндерді қиратамын. Мен қабіріңді ойрандатқызамын, себебі сен жек көрініштісің».

15. Қараңдар, ізгі хабар жеткізуші біреу таудан асып келе жатыр! Ол тыныштықты жариялап: «Уа, Яһуда елі, мейрамдарыңды тойлап, Құдайға берген уәделеріңді орында! Сол сұмырайлар енді саған баса-көктеп кірмейтін болады! Қайта, олардың өздері толығымен құрып кетеді!» — деп паш етеді.

About Нақұм Chapter 1

Read Нақұм Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақұм in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Нақұм
Chapter: 1
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақұм. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Нақұм Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Нақұм Chapter 1?

Нақұм Chapter 1 is part of the Book of Нақұм in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Нақұм Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 6

Explore More from нақұм

  1. Нақұм Chapter 2
  2. Нақұм Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. Әйүп Chapter 19
  2. Матай Chapter 6
  3. Әйүп Chapter 15
  4. Заңды қайталау Chapter 1
  5. Мысырдан шығу Chapter 4
  6. Нақыл сөздер Chapter 14
  7. Забур жырлары Chapter 104
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *