Read Әйүп Chapter 28 Online
Read Әйүп Chapter 28 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Әйүп 28
Тарау 28
1. Адам баласы күмісті кеннен шығарады, Алтынды арнайы орында тазартады,
2. Темірді топырақтан қазып алады, Мысты да кеннен балқытып айырады.
3. Кеншілер түнекті жарықтандырады, Қараңғыда тіпті ең алыстағы Кенді де іздеп тауып алады.
4. Ұсталар шалғай, адам аяғы Баспайтын жерлерде құдық қазады, Төменге түскенде арқанға асылады, Содан олай-бұлай тербеліп тұрады.
5. Жер бетінде астық өсіп-өнеді, Жер астын лаулаған от өзгертеді,
6. Тастарынан көк асыл тас табылады, Топырағынан алтын алынады.
7. Жыртқыш құс білмейді осы жолдарды, Сұңқардың көзі көрмейді оларды,
8. Маңғаз аңдар соларды басқан емес, Арыстан да үстімен өткен емес.
9. Пенде қатты тастарды да сындырады, Тауларды тамырымен қопарады,
10. Жартастарда үңгір шауып қазады, Әр түрлі құнды заттарды көзі шалады,
11. Өзен бастауларын іздеп табады, Тығылған заттарды жарыққа шығарады.
12. Ал даналықты қайдан табуға болады? Шынайы парасат қай жерде тұрады?
13. Оның құнын пенде жете ұқпайды, Бұ дүниеден оны таба алмайды.
14. Терең тұңғиық: «Ол менде емес!» дейді, Теңіз де: «Менде ол жоқ!» деп мәлімдейді.
15. Саф алтынға оны сатып ала алмайсың, Құнын күміспен төлей де алмайсың.
16. Не Опырдан әкелінген алтынменен, Не оникс тас, не көк асыл таспенен Оның бағасын айқындай алмайсың сен.
17. Даналықты алтын, гауһармен салыстырмас, Саф алтын бұйымға оны сатып ала алмас.
18. Інжу-маржанды ескермей-ақ қойса болады, Даналық лағыл тастардан да тым бағалы!
19. Құштық топазды даналықпен салыстырмайды, Саф алтынмен оны айырбастамайды.
20. Сонда даналық қайдан келеді екен? Парасаттың мекені қайда екен?
21. Ол тірі жандының бәрінен жасырынған, Құстардың назарынан да тыс қалған.
22. О дүние мен өлім былай дер ол жайлы: «Тек сыбыс қана естідік сол туралы».
23. Тек Құдай біледі даналыққа барар жолды, Оған ғана белгілі соның тұрағы.
24. Өйткені Құдай жердің шеттеріне қарайды, Аспан астындағының бәрін де Ол байқайды.
25. Құдай желдің қуатын белгіледі, Бүкіл судың мөлшерін де өлшеді,
26. Құдай жаңбырға жаусын деп бұйрық берді, Найзағай мен күн күркіреу жолын белгіледі,
27. Сол кезде Ол даналыққа қарап, баға берді, Тиісті орнын бекітіп, оны тексерді.
28. Құдай адамға былай деді: «Даналық — Жаратқан Иені терең қастерлеу Және нағыз ақыл-парасаттылық — Зұлымдық атаулыдан алшақ кету».
About Әйүп Chapter 28
Read Әйүп Chapter 28 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Әйүп
Chapter: 28
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Әйүп Chapter 28 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Әйүп Chapter 28?
Әйүп Chapter 28 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 28 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from әйүп
- Әйүп Chapter 12
- Әйүп Chapter 10
- Әйүп Chapter 2
- Әйүп Chapter 42
- Әйүп Chapter 33
- Әйүп Chapter 26
- Әйүп Chapter 27
Explore More from Ескі өсиет
- Ошия Chapter 11
- Еремия Chapter 16
- Руларды санау Chapter 14
- Ешуа Chapter 13
- Забур жырлары Chapter 63
- Леуіліктер Chapter 17
- Руларды санау Chapter 1