Әйүп Chapter 34

For English

Read Әйүп Chapter 34 Online

Read Әйүп Chapter 34 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Әйүп 34

Тарау 34

1. Еліху сөзін әрі қарай сабақтап былай деді:

2. — Уа, парасатты ағалар, сөздерімді тыңдаңыздар. Түсінігі терең сіздер, маған құлақ ассаңыздар екен.

3. Өйткені тілдің тамақтың дәмін ажырататыны сияқты, адамның құлағы да сөздерді тексеріп ажыратады.

4. Осылайша бір дұрыс шешімге келейік, ненің игі екенін арамызда анықтап алайық.

5. Себебі Әйүп аға: «Мен жазықсызбын, ал Құдай мені өзіме тиісті құқығымнан айырды.

6. Менікі дұрыс болса да, өтірікшідей болып көрініп отырмын. Еш жазығым болмаса да, Оның жебесі тиіп, жазылмайтын жара салуда!» деп шағымданып отыр.

7. Алайда Әйүп аға сияқты келекелеуге әбден бейім тағы басқа адам бар ма екен, сірә?

8. Ол қылмыс істеушілермен серіктес болып, зұлымдармен бірге жүретін.

9. Өйткені ол: «Адамның Құдайды риза қылуынан ешқандай пайда жоқ!» деді ғой!

10. Сондықтан тыңдаңыздаршы, уа, зор парасат иелері! Зұлымдық атаулы Құдайдан тым алшақ, әділетсіздік атаулы құдіреті шексіз Тәңірден әбден аулақ!

11. Себебі Тәңір Ие пендеге істеген іс-әрекетіне сай қарымтасын қайтарады, әрі жүрген жолдарына сәйкес оған есесін қайырады.

12. Иә, шынымен Құдай ешқандай зұлымдық істемейді, құдіреті шексіз Тәңір ақиқатты бұрмаламайды!

13. Кім Оны барлық әлемнің үстінен тағайындаған? Бүкіл дүниенің үстінен билікті Оған кім берді? (Ешкім де!)

14. Егер Ол өз рухын Өзіне қайтарып, тіршілік лебін қайтып алуды шешсе,

15. онда бар адамзат бірден құрып, пенде атаулы топыраққа қайта айналар еді.

16. Ақылыңыз болса, мынаны тыңдап, айтар сөздеріме құлақ түрсеңіз екен:

17. Егер Құдай әділдікті жек көрсе, билік жүргізе алар ма еді?! Әділ де құдіретті Құдайды айыпты дей аласыз ба?!

18. Керісінше, патшаларға: «Сен түкке тұрмайтын күнәкарсың!» әрі әміршілерге: «Сендер зұлымсыңдар!» деп үкім шығаратын Соның Өзі емес пе?!

19. Ол билеушілердің бет-жүзіне қарамайды. Байды кедейден артық көрмейді, себебі екеуін де Өзі жаратқан.

20. Олар аяқ астынан өліп, түн ортасында қайтыс болады. Адамдар шайқалып, құрып кетеді. Құдай мықтыларды да ешбір адамға қол жұмсатқызбастан-ақ ғайып қылады.

21. Тәңір әрқашан да пенденің істеріне назар аударады. Оның басқан әрбір қадамын Ол көріп отырады.

22. Зұлымдық істеушілер бас сауғалап құтыла алатындай қараңғылық та, қара түнек те болмайды.

23. Өзінің Құдай алдына барып, сотталатын уақытын пенде белгілемейді.

24. Қайта, Құдай мықты күнәкарларды ешкіммен ақылдаспай-ақ құртып, орындарына басқаларды қоя салады.

25. Шынында Ол солардың істерін біледі. Оларды бір түнде-ақ астан-кестен қылып, талқандайды.

26. Құдай сондайларды зұлымдықтары үшін бәрінің көзінше жазалайды.

27. Өйткені олар Оның тура жолынан бұрылып кетіп, Оның еркіне мүлдем көңіл бөлмеді.

28. Олардан қорлық көрген жарлылар жалбарына көмек сұрап, Құдай сол қаналғандардың айқайларына құлақ асты.

29. Бірақ егер Құдай үнсіз қала беретін болса, Оны кім айыптай алады? Егер Ол өз жүзін жасырса, кім Оны көре алады? Ол жеке адам мен біртұтас ұлттың екеуінен де жоғары.

30. Құдай арсыз адамның билік жүргізіп, бүкіл халықты бақытсыздыққа ұшыратуын тоқтатады.

31. Адамның Құдайға: «Мен күнә жасап келемін. Бірақ бұдан былай олай етпеймін» деп мойындауы керек.

32. Оның: «Өзімнің неліктен айыпты болғанымды білмей жатырмын, соны көрсете гөр! Егер де әділетсіздік істеген болсам, енді қайтып оны істемеймін!» дегені де игі.

33. Уа, Әйүп аға, Құдай Өзінің талаптарын сіздің ойыңыз бойынша өзгертуге тиіс пе?! Шешімді мен емес, өзіңіз қабылдаңыз! Сондықтан нені білсеңіз, соны айта беріңіз.

34. Парасатты адамдар және мені тыңдап отырған данышпандар маған:

35. «Әйүп өзі білмейтін нәрсе жайлы айтып отыр, оның сөздерінің жаны жоқ!» дер еді.

36. Зұлым адам сияқты сөйлегені үшін Әйүп толықтай тексеріліп сыналса ғой!

37. Өйткені ол жасаған күнәсіне тағы бағынбаушылықты да қосты. Сондай-ақ, біздің арамызда өз-өзін мақтап қолын шапалақтап, Құдайға қарсы сөздерін көбейтіп отыр.

About Әйүп Chapter 34

Read Әйүп Chapter 34 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 34
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 34 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 34?

Әйүп Chapter 34 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 34 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 12
  2. Әйүп Chapter 10
  3. Әйүп Chapter 33
  4. Әйүп Chapter 17
  5. Әйүп Chapter 2
  6. Әйүп Chapter 16
  7. Әйүп Chapter 42

Explore More from Ескі өсиет

  1. Әйүп Chapter 16
  2. Патшалықтар 4-ж Chapter 11
  3. Нақұм Chapter 3
  4. Забур жырлары Chapter 95
  5. Заңды қайталау Chapter 24
  6. Шежірелер 1-ж Chapter 15
  7. Руларды санау Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. Еремия Chapter 13
  2. Жақыптың Chapter 3
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 39
  4. Зәкәрия Chapter 5
  5. Зәкәрия Chapter 2
  6. Римдіктерге Chapter 15
  7. Філіпіліктерге Chapter 2
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *