Әйүп Chapter 20

For English

Read Әйүп Chapter 20 Online

Read Әйүп Chapter 20 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 20

Тарау 20

1. Сонда нағамалық Сопар тағы да сөйлей бастап былай деді:

2. — Ішім алай-дүлей болып, ойларым маған маза бермей тұр. Жауап беруім қажет!

3. Сен мені айыптап, намысыма тиіп отырсың! Сондықтан ақылым мені сөйлетіп отыр.

4. Білмейтін бе едің? Баяғы заманнан бері, адам баласы жер бетіне орналасқалы,

5. зұлымның шаттануы ешқашан ұзаққа созылмады, арсыздың қуанышы бір мезеттік қана.

6. Ол тіпті асқақтап, аспанға дейін көтерілсе де, басы бұлттарға тиетін болып өссе де,

7. бәрібір малдың қиы сияқты лақтырылып тасталмай ма? Оның таныстары: «Қайда екен ол?» дейтін болады.

8. Зұлым адам түс сияқты ғайып болып, ешкім таба алмай қалады, түнде көрген елестей жоғалып кетеді.

9. Оны көрген көз енді қайтып көрмейді, зұлымның үй іші оған бұдан былай қарамайды.

10. Зұлымның балалары кедейлерден қайыр сұрайды, өйткені ол алдау-арбаумен жинаған дүние-мүлкін өз қолымен қайтарып беруге мәжбүр болды.

11. Жастықтың күш-қуаты болғанмен, сонысы кейін зұлымның өзімен бірге көрге түседі.

12. Арсыз жан күнәні тәп-тәтті көріп, тілінің астына салып тамсана сорса да,

13. оны қоя бергісі келмей, аузында қанша ұстап қалуға тырысса да,

14. онысы асқазанында быршып ашиды. Сөйтіп күнә арсыздың ішінде жыланның уы болып шыға келеді.

15. Ол небір байлықты жұтқан еді, енді соның бәрін құсып тастайды. Оны ішінен шығаратын Құдайдың Өзі болады.

16. Ондай адам сұр жыланның уын сорады, зәрлі жылан оны шағып өлтіреді.

17. Осылай ол елдің ағы мен балының өзендей ағыл-тегіл мол екенін көре алмайды.

18. Бейнетпен қолға түсіргенін жей алмай, қайтаруы қажет болады, саудасының түсімінің де пайдасын көрмейді.

19. Өйткені ол кедейді қанап, шарасыз жағдайында қалдырып кететін, өзі салмаған үйлерді тартып алатын.

20. Ашқарақтығы маза бермейтіндіктен, өзі сүйсінетін нәрселерінің ешқайсысын сақтап қала алмайды.

21. Жеп болған соң, басқа ештеңесі қалмайды. Сондықтан зұлымның дәулеті тұрақты болмайды.

22. Дәулетке кенеліп отырған кезінде басына пәле түседі. Өкпелеген әркім оған қарсы қолын көтереді.

23. Арсыздың қарнын толықтай толтыру үшін, Құдай лаулаған қаһарын оған бағыттап, пәлені жаңбырдай лақ еткізіп төгеді.

24. Зұлым адам темір қарудан қашып құтылып кетсе де, қола ұшты жебе оны түйреп өтетін болады.

25. Соның жылтыраған ұшы денесін тесіп өтіп, арқасынан шыға келмек. Сондықтан ол өлімнен қорқып, зәресі ұшады.

26. Өзіне ерекше қымбат нәрселер түнекте жоғалмақ. Адам үрлемеген от зұлымды жалмайды. Оның үйінде қалған нәрселер де өртеніп кетеді.

27. Аспан оның залымдығын әшкере етіп, жер де оған қарсы шығып, оны айыптайды.

28. Құдай қаһарланып, жазалайтын күні тасыған өзен зұлымның үйіндегі бар өнімін ағызып әкетіп, жоқ қылады.

29. Құдайдың зұлымдарға белгілеген тағдыры осындай, Тәңірдің оларға бұйырған «мұрасы», міне, осы.

About Әйүп Chapter 20

Read Әйүп Chapter 20 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 20
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 20 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 20?

Әйүп Chapter 20 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 20 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 2
  2. Әйүп Chapter 12
  3. Әйүп Chapter 10
  4. Әйүп Chapter 33
  5. Әйүп Chapter 17
  6. Әйүп Chapter 35
  7. Әйүп Chapter 26

Explore More from Ескі өсиет

  1. Забур жырлары Chapter 32
  2. Забур жырлары Chapter 27
  3. Жоел Chapter 3
  4. Заңды қайталау Chapter 18
  5. Жаратылыстың бастауы Chapter 44
  6. Әйүп Chapter 27
  7. Забур жырлары Chapter 46

Related Chapters & Readings

  1. Ишая Chapter 59
  2. Патшалықтар 3-ж Chapter 10
  3. Ефестіктерге Chapter 1
  4. Леуіліктер Chapter 20
  5. 2 Қорынттықтарга Chapter 11
  6. Жаратылыстың бастауы Chapter 12
  7. Заңды қайталау Chapter 6
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *