Әйүп Chapter 16

For English

Read Әйүп Chapter 16 Online

Read Әйүп Chapter 16 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 16

Тарау 16

1. Әйүп оған былай деп жауап берді:

2. — Мен мұндайды бұрын да көп естігенмін. Сендер не қылған жаман жұбатушысыңдар!

3. Бос сөздеріңді қашан доғарасыңдар? Бұндайды айтуға сендерді не итермелеп тұр?

4. Мен де өздерің сияқты сөз құрастырып ақыл айта алар едім. Егер менің орнымда болсаңдар, сендерге де сұқ саусағыммен шұқып көрсете алар едім.

5. Қайта, мен өздеріңе сөзбен демеу болар едім. Көріп отырған азаптарыңды айтар сөздеріммен жеңілдетер едім.

6. Ал қазір сөйлесем де, азабым жеңілдемейді, сөйлемесем де, ол басылмайды.

7. Уа, Құдай, мені титықтатып, бүкіл отбасымды қаңыратып бос қалдырдың.

8. Сен кінәмді әшкерелемек болғандай, мені жүдетіп жібердің. Құр сүлдерім қалып, азып-тозғаным маған қарсы айғақ болып, кінәмді бетіме басып тұрғандай.

9. Құдайдың қаһары маған тап беріп, паршалап тастайды. Ол мені дұшпандай қауып алып, маған көздерімен атып жатқан жауым іспетті қадала қарайды.

10. Жұрт маған тістерін ақситып, келеке қылады. Шекемнен ұрып, басынады да. Олар маған қарсы тобыр құрып жиналады.

11. Құдай мені әділетсіздерге қалдырды, нағыз зұлымдардың қолына түсірді.

12. Алаңсыз едім, Ол мені екіге бөлді. Мені мойнымнан қармап ұстап, кесек-кесек қылып сындырды. Мені Өзіне нысана қылып алды.

13. Садақшылары мені қоршап алды. Жебелерімен еш аямай бүйрегімді жарып, бауырымнан шыққан өтті жерге төгуде.

14. Ол маған қайта-қайта тап беріп, жасақшыдай бас салуда.

15. Мен тәніме азалы киім киіп, бетімді топыраққа бастым.

16. Бет-әлпетім жылағаннан қып-қызыл, көзімнің айналасы қара тартқан.

17. Қолыммен еш зорлық жасаған жоқпын, еткен мінәжаттарым да пәк таза. Дегенмен осының бәрі басыма түсіп отыр.

18. Ей, жер, қанымды жасыра көрме! Жалынған үнім де еш тынбасын.

19. Тіпті қазірдің өзінде мен үшін де куәлік беретін Қорғаушым көкте. Сөзімді сөйлейтін Қолдаушым заңғар биікте.

20. Бірақ мына достарым мені келеке қылып отыр. Көзімнен жас ағып, Құдайдан көмек сұраймын.

21. Беу, досына арашашы болғандай біреу мен үшін Құдай алдында өтініш жасаса ғой!

22. Себебі өмірімнің соңы таяп қалды, жуырда қайтпас сапарға аттанамын.

About Әйүп Chapter 16

Read Әйүп Chapter 16 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 16
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 16 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 16?

Әйүп Chapter 16 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 16 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 12
  2. Әйүп Chapter 10
  3. Әйүп Chapter 17
  4. Әйүп Chapter 2
  5. Әйүп Chapter 42
  6. Әйүп Chapter 41
  7. Әйүп Chapter 33

Explore More from Ескі өсиет

  1. Патшалықтар 1-ж Chapter 14
  2. Ишая Chapter 26
  3. Еремия Chapter 11
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 1
  5. Езекиел Chapter 12
  6. Әйүп Chapter 3
  7. Шежірелер 1-ж Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. Билер Chapter 7
  2. Шежірелер 1-ж Chapter 6
  3. Патшалықтар 4-ж Chapter 23
  4. Аян Chapter 1
  5. Аян Chapter 7
  6. Нақыл сөздер Chapter 20
  7. Еремия Chapter 46
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *