Read Әйүп Chapter 23 Online
Read Әйүп Chapter 23 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Әйүп 23
Тарау 23
1. Сонда Әйүп тағы да сөйлеп былай деді:
2. — Бүгін де айтар шағымым ащы! Қанша күрсініп ыңқылдасам да, Құдай мені ауыр жазалауын қояр емес.
3. Құдайды қайдан табуға болатынын, дәл тұрағына қалай баруға болатынын білсем ғой!
4. Басыма түскен істі Оған көрсетіп, ауыз толтыра уәжімді айтар едім.
5. Оның маған берер жауабын біліп алып, не айтатынын түсінер едім.
6. Сонда Құдай бүкіл құдіретін қолданып мені құртар ма еді? Жоқ, керісінше, мені тыңдаған болар еді.
7. Әділ жан сол жерде Онымен пікірталасқа түсер еді. Мен де өзімді соттаушы Құдайдан біржола ақталып құтылар едім.
8. Бірақ шығысқа қарай жүрсем, Ол онда жоқ, батысқа қарай жүрсем, Оны сол жерден де таппаймын.
9. Солтүстікте әрекет еткен кезінде де Оны көре алмаймын, оңтүстікке бұрылсам, Оны сол жерден де байқай алмаймын.
10. Құдай жүретін жолымды жақсы біледі. Ол мені сынап тексергенде, алтын сияқты таза болып шыға келемін.
11. Себебі Оның жолымен аяқ басып, содан еш бұрылмай жүріп келдім.
12. Оның бұйырған өсиеттерінен бас тартқан жоқпын, аузынан шыққан сөздерін қажетті тамағымнан да артық көріп сақтайтынмын.
13. Бірақ Ол жалғыз Өзі ғана Құдай, кім Оған қарсы тұра алады? Ол нені қаласа, соны істейді.
14. Өзі маған нені белгілеген болса, сонысын жүзеге асырады. Осы сияқты көп нәрсе әлі де Оның ой-санасында бар шығар.
15. Сол себепті мен Оның алдында үрейге кенелемін. Бұл жайт есіме түскен сайын қорқып дірілдеймін.
16. Осылай Құдай жүрегімді дір-дір еткізіп, құдіреті шексіз Тәңір зәремді ұшырады.
17. Түнек, иә, бетімді жауып отырған қалың түнек жан-жағымды басып алды.
About Әйүп Chapter 23
Read Әйүп Chapter 23 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Әйүп
Chapter: 23
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Әйүп Chapter 23 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Әйүп Chapter 23?
Әйүп Chapter 23 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 23 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from әйүп
- Әйүп Chapter 12
- Әйүп Chapter 10
- Әйүп Chapter 17
- Әйүп Chapter 2
- Әйүп Chapter 33
- Әйүп Chapter 16
- Әйүп Chapter 42
Explore More from Ескі өсиет
- Ошия Chapter 11
- Шежірелер 1-ж Chapter 7
- Шежірелер 2-ж Chapter 19
- Забур жырлары Chapter 118
- Әйүп Chapter 35
- Леуіліктер Chapter 2
- Патшалықтар 2-ж Chapter 19