Read Жоқтау Chapter 4 Online
Read Жоқтау Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жоқтау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жоқтау and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Жоқтау 4
Тарау 4
1. Алтын қаншама көмескі тартқан, Саф алтын сапасынан айырылған, Киелі орынның құнды тастары Көше қиылыстарында шашылған!
2. Сионның алтындай асыл ұлдары Көзешінің жай ыдысындай саналған!
3. Шибөрі күшіктерін қамқорлап емізеді, Ал халқым шөлдегі түйеқұстай қатыгезденді.
4. Сәбилер шөлдеп, тілі таңдайына жабысқан, Жалынып жатқан оларға беруге жоқ еш нан.
5. Таңдап тамақ жегендер көшеде қалжырауда, Сәнді киініп өскендер қи-көңде құруда.
6. Халқымның кінәсі асып түсті Содомдікінен, Ол кенет күйреп, ешкім де қол ұшын бермеген.
7. Қардан пәк, сүттен ақ еді елдің әміршілері, Әрі маржаннан қызғылт олардың тәндері, Көк асыл тастай жарқылдайтын өңдері.
8. Ал қазір күйеден де қара келбеттері, Көшеде танымайды оларды таныс кісілері, Отындай кеуіп, сүйегіне жабысты терілері.
9. Аштықтан өліп жатқандардан гөрі Семсерден қаза тапқандарға игі. Болмағанда жейтін азық-түліктері Адамдар зор азаппен қалжырап өледі.
10. Халқымның осылай күйреген кезінде Мейірімді әйелдердің өздері де Балаларын өз қолымен асып, жеді де.
11. Жаратқан Ие бүкіл кәрін жаудырды, Ол Сионға қаһарының отын құйды, Өрт қаланың негізін де жалмап жойды.
12. Иерусалимнің қақпаларына жау кіреді Деп жердің еш патшасы не халқы сенбеп еді.
13. Бірақ халықтың зұлым пайғамбарлары Мен діни қызметкерлерінің күнәлары Үшін солай болды: жазықсыз адамдарды Қала ішінде солар өлтіріп тастады!
14. Енді олар көшеде соқырдай сипалауда, Үстері төккен қандарынан ластанды да, Ешкім жанасқысы келмейді оларға.
15. Жұрт: «Алшаққа кетіңдер, арамсыңдар сендер! — Деп айқайлады. — Кетіңдер! Қол тигізбеңдер!» Һәм былай деді бөтен елдердегі кісілер: «Осында тұра алмайды сол кінәлілер!»
16. Жаратқан оларды Өзі шашып тастайды, Бұдан былай Ол соларға ден қоймайды. Жұрт діни қызметкерлерге ізет білдірмейді, Қарияларға да мейірім көрсетпейді.
17. Бекерге көмек іздеп көзіміз талды. Мұнарадан тостық құтқара алмайтын халықты.
18. Жау аңдып, жүре алмадық жолдарымызда, Күндеріміз бітіп, ажал таяп қалды да.
19. Қуғыншылар аспандағы бүркіттен жылдам еді, Тауда өкшелеп, түзде де аңдыды бізді.
20. Сеніп едік Жаратқан тағайындаған патшамызға, Бірақ ол да түсті жаудың тұзақтарына. Былай деп едік: «Патшаның қол астында Тірі қалармыз өзге ұлттар арасында».
21. Ус еліндегі Едом халқы, қуанасың ба? Ащы шараптай кәрлі жазаны тартасың да, Мас адамдай абыройыңды ашасың да!
22. Уа, Сион халқы, бітпек енді күнәңнің жазасы, Иеміз қуғыныңды көп ұзартпайды тағы! Ал, Едом халқы, Жаратқан сені жазалайды, Ол зұлым істеріңді ашып жариялайды.
About Жоқтау Chapter 4
Read Жоқтау Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жоқтау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Жоқтау
Chapter: 4
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жоқтау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Жоқтау Chapter 4 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Жоқтау Chapter 4?
Жоқтау Chapter 4 is part of the Book of Жоқтау in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Жоқтау Chapter 4 online for free with easy chapter navigation.