Әйүп Chapter 10

For English

Read Әйүп Chapter 10 Online

Read Әйүп Chapter 10 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 10

Тарау 10

1. Өз өмірім маған жек көрінішті болды. Сондықтан шағымымды тежеусіз, еркін айтамын. Жан дүниемде сақталып келген ащы шерімді ақтарамын.

2. Мен Құдайдан былай деп өтінемін: «Мені айыптай бермесең екен! Мені не үшін айыптайтыныңды ашық білдіре көрші!

3. Маған қысым жасау Өзіңе жақсы болып көріне ме? Неліктен Өзің жаратқан менен бас тартасың, ал зұлымдардың ісіне жылы жүзбен қарайсың?

4. Сенің көздерің пенденікіндей ме еді? Пенденің көргеніндей көретін бе едің?

5. Сенің өмірің де пенденікіндей қысқа ма? Әлде жылдарың да пенденің жылдарындай зулап өтіп,

6. сондықтан қайсыбір кінәмді іздеп, әділетсіз қылығымды тездетіп табуға тырысуың қажет пе?

7. Бірақ Сен менің қылмыскер емес екенімді, әрі өз қолыңнан ешкімнің де мені құтқара алмайтынын білесің ғой.

8. Сен мені өз қолыңмен түгелдей қалыптастырып жараттың. Ал енді мені біржола құртпақсың ба?

9. Мені саз-балшықты илегендей етіп жасағаның есіңде ме? Енді мені қайтадан топыраққа айналдырғың келіп отыр ма?

10. Анам жүкті боларда Сен мені оның құрсағына сүттей құйып, ірімшіктей ұйыттың емес пе?

11. Сүйектерім мен сіңірлерімді біріктіре тоқып, оларды тері, етпен жаппап па едің?

12. Сен маған өмір сыйлап, мейіріміңді таныттың. Сенің қамқорлығың арқасында рухым аман қалды.

13. Бірақ Сен мына нәрселерді өз жүрегіңде жасырып қойдың. Сенің мақсатыңның мынау екенін білемін:

14. Сен мені бақылап тұрсың. Егер күнә жасасам, мұнымды жазасыз қалдырмайсың.

15. Егер кінәлі болсам, қасіретке қалар едім. Тіпті әділ болғанмен, басымды көтере алмаймын. Өйткені әбден масқараланып, азап шегудемін.

16. Егер басымды көтерсем, Сен арыстандай соңымнан қуып жетіп, тап беріп, қайтадан айбарлы да ғажап істер істейсің.

17. Маған қарсы қайта-қайта куәлік келтіріп, өзіме бағытталған қаһарыңды күшейте түсесің. Жіберген апат-пәлелерің бірінен кейін бірі жөңкіп келе береді.

18. Ендеше неліктен мені анамның құрсағынан шығардың? Ешкім мені көрмес бұрын өліп кеткенімде ғой, шіркін!

19. Ешқашан бар болмағандай, анамның құрсағынан бірден қабірге қойылған болсам ғой!

20. Көрер күндерім тым қысқа! Мені жайыма қалдыра гөр, бір сәтке көңіл көтеріп тыншиын!

21. Себебі жақында мен қайтпас сапарға, тас түнек пен түк көргісіз қараңғылық жайлаған аймаққа аттанамын.

22. Қою қараңғылыққа шомған, астан-кестен ретсіздікке толы сол жердің жарығының өзі қара түнектей емес пе?»

About Әйүп Chapter 10

Read Әйүп Chapter 10 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 10
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 10 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 10?

Әйүп Chapter 10 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 10 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 12
  2. Әйүп Chapter 2
  3. Әйүп Chapter 33
  4. Әйүп Chapter 26
  5. Әйүп Chapter 17
  6. Әйүп Chapter 41
  7. Әйүп Chapter 35

Explore More from Ескі өсиет

  1. Даниял Chapter 2
  2. Патшалықтар 1-ж Chapter 15
  3. Заңды қайталау Chapter 20
  4. Шежірелер 1-ж Chapter 12
  5. Миха Chapter 5
  6. Ишая Chapter 40
  7. Билер Chapter 18

Related Chapters & Readings

  1. Жоқтау Chapter 4
  2. Патшалықтар 4-ж Chapter 9
  3. Әйүп Chapter 39
  4. Билер Chapter 19
  5. Таңдауы ән Chapter 8
  6. Еремия Chapter 20
  7. 1 Қорынттықтарга Chapter 7
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *