Нақыл сөздер Chapter 22

For English

Read Нақыл сөздер Chapter 22 Online

Read Нақыл сөздер Chapter 22 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Нақыл сөздер 22

Тарау 22

1. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан, Жақсы абыройың құнды күміс-алтыннан.

2. Бай мен жарлының ортақ қасиеті: Екеуін де жаратты Тәңір — Құдай Иелері.

3. Зерделі жан қатер көріп бас сауғалар, Аңғал адам жүре беріп, зиян табар.

4. Жаратқанды терең қастерлейтін кішіпейілдер Байлық, абырой, шынайы өмірге кенелер.

5. Зымиянның жолы тікен мен торға толған, Өзіне сақ болған аулақ жүрсін содан.

6. Баланы жастан салсаң тура жолға, Есейгенде ол содан таймайды да.

7. Бай адам жарлыға үстемдік құрар, Қарыздар қарыз бергеннің құлы болар.

8. Әділетсіздік сепкен пәлені орар, Оның қаһарының сойылы сынып қалар.

9. Жомарт жан жарлымен нанын бөлісер, Құдайдың жарылқауына кейін кенелер.

10. Қорлаушыны қусаң, жанжалдан арыларсың, Ұрыс-керіс, балағаттан ада боларсың.

11. Жүрек пәктігін жақтыратын, Ұнамды сөздерді айтатын Жанға патша да болар жақын.

12. Жаратқан Ие білімге қырағы болар, Опасыздардың істерін Ол құлдыратар.

13. «Далада арыстан бар, алаңда көзімді құртар» Деп жалқау ұдайы сылтау айтар.

14. Азғын әйелдің сөздері — терең шыңырау, Тәңір Ие жақтырмаған пенде соған құлар-ау.

15. Баланың жүрегінде надандық бар, Тиянақты тәрбие оны содан арылтар.

16. Баюы үшін кедейге жәбір көрсететін Әрі байға сыйлықтар бере беретін Адам болады кедейленетін.

17. Даналардың айтқандарын құлақ түріп тыңда, Бермек тәліміме зейініңді бағышта!

18. Игі болар оларды есіңде сақтасаң, Әрі аузыңнан да ешбір тастамасаң.

19. Сенімің болсын деп Жаратқан Иемізде, Осыны бүгін үйретемін дәл өзіңе.

20. Саған ақыл-кеңес пен білім беру үшін Мына отыз нақылды жазған едім,

21. Ақиқат, адал сөздер үйренуің үшін, Өзіңді жібергенге дәл жауап беруің үшін:

22. Жарлыны жарлы деп тонама, Бейшараны дау сотында қыстама!

23. Солардың мүдделерін Жаратқан Ие қорғайды, Оларды тонағандардың өздерін тонайды.

24. Ызақормен дос болма, Ашушаңмен байланыспа.

25. Әйтпесе өзің соған еліктейсің, Тұзаққа түсіп, күйреп кетесің.

26. Қол алысып, бөтеннің қарызына Кепіл болатындай ақылсыз болма!

27. Болмағанда төлейтін ақшаң Төсегіңді тартып алар астыңнан.

28. Ата-бабаң салып кеткен межеңді Жасырын жылжытып, ұлғайтпа жеріңді.

29. Кездестірсең біреуді ісіне аса шебер, Жай адамдарға емес, патшаларға қызмет етер.

About Нақыл сөздер Chapter 22

Read Нақыл сөздер Chapter 22 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Нақыл сөздер
Chapter: 22
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Нақыл сөздер Chapter 22 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Нақыл сөздер Chapter 22?

Нақыл сөздер Chapter 22 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 22 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 3
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 4
  6. Ешуа Chapter 6
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from нақыл-сөздер

  1. Нақыл сөздер Chapter 9
  2. Нақыл сөздер Chapter 24
  3. Нақыл сөздер Chapter 1
  4. Нақыл сөздер Chapter 8
  5. Нақыл сөздер Chapter 14
  6. Нақыл сөздер Chapter 13
  7. Нақыл сөздер Chapter 7

Related Chapters & Readings

  1. Әйүп Chapter 3
  2. Руларды санау Chapter 25
  3. Нақыл сөздер Chapter 17
  4. Забур жырлары Chapter 73
  5. Аян Chapter 12
  6. Даниял Chapter 9
  7. Ишая Chapter 39
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *