Read Нақыл сөздер Chapter 13 Online
Read Нақыл сөздер Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Нақыл сөздер 13
Тарау 13
1. Ақылды бала әке тәрбиесін қабыл алар, Ал мысқылшыл ескертуге құлақ аспас.
2. Адам игі сөздерінің жемісін көрер, Ал опасыз жан зорлық-зомбылық көздер.
3. Аузына ие болған өмірін сақтар, Аузын айқара ашқан пәлеге ұшырар.
4. Жалқау мол аңсағанмен аз алар, Ынтамен еңбек еткен тоқ болар.
5. Әділ өтірік сөзді жек көрер, Зұлым арсыз ісімен абыройын төгер.
6. Таза жанды әділдігі аман сақтар, Күнәкарды зұлымдығы құлатар.
7. Бай болғансыған біреудің түгі де жоқ, Ал кедейсіген басқа біреу байлыққа тоқ.
8. Байлық байдың өміріне төлем болар, Ал кедей қоқан-лоқыдан аман болар.
9. Әділдің нұры жарқырап жанар, Зұлымның шырағы өшіп қалар.
10. Менмендік дау-жанжал туғызар, Даналық ақылдасқандарда болар.
11. Оңай олжа тез таусылар, Еңбекпен жинаған байлығын молайтар.
12. Ұзаққа созылған үміт жүрек қажытар, Орындалған тілек өмірді құлпыртар.
13. Нақыл сөзді елемеген кесірін көрер, Нұсқауды құрметтеген пайдасын көрер.
14. Данышпанның тәлімі — өмір бұлағы, Ол адамды ажал торынан құтқарады.
15. Ақыл-парасат адамды ұнамды қылар, Зымиянның жолы тым ауыр болар.
16. Зерделі білгірлікпен әрекет етер, Зердесіз надандығын паш етер.
17. Зұлым хабаршы пәлеге тап болар, Адал хабаршы амандық орнатар.
18. Тәрбиеден безген жоқтық пен масқараға ұшырар, Ескертуге көңіл бөлген қадір-құрметке ие болар.
19. Аңсағаны іске асса көңіл сүйсінер, Арам ісінен қайтудан надан жиренер.
20. Данамен жолдас болған дана болар, Наданмен жолдас болған пәлеге қалар.
21. Күнәкардың соңынан пәле қалмас, Әділ жан ізгі сыйынан ада қалмас.
22. Ізгі жанның мұрасы үрім-бұтағына қалар, Күнәкардың байлығы әділ жанға сақталар.
23. Кедей жыртқан тың жерден егін бітік шығар, Ал әділетсіздіктің кесірінен бір бөлігі ұрланар.
24. Жазасын тартқызбаған баласын сүймейді, Баласын сүйген оны жасынан тәрбиелейді.
25. Әділ жан тамағын тойып ішер, Арамзаның қарны аш жүрер.
About Нақыл сөздер Chapter 13
Read Нақыл сөздер Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Нақыл сөздер
Chapter: 13
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Нақыл сөздер Chapter 13 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Нақыл сөздер Chapter 13?
Нақыл сөздер Chapter 13 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 13 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from нақыл-сөздер
- Нақыл сөздер Chapter 15
- Нақыл сөздер Chapter 4
- Нақыл сөздер Chapter 9
- Нақыл сөздер Chapter 17
- Нақыл сөздер Chapter 16
- Нақыл сөздер Chapter 12
- Нақыл сөздер Chapter 2