Руларды санау Chapter 25

For English

Read Руларды санау Chapter 25 Online

Read Руларды санау Chapter 25 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Руларды санау and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Руларды санау 25

Тарау 25

1. Ал Исраилдің көші Шиттим деген жерде тұрған кезде, халық моабтық қыздармен азғындық жасай бастады.

2. Бұлар халықты өздерінің жалған тәңірлеріне арнаған құрбандықтарына шақырған еді. Исраилдіктер солардан дайындалған тамақты жеп, моабтықтардың жалған тәңірлеріне иіліп табынды.

3. Осылай исраилдіктер пеғорлық Бағал атты жалған тәңірге мықтап беріліп кетті. Содан Жаратқан Иенің қаһары Исраил халқына қарсы лаулады.

4. Ол Мұсаға былай деді: «Осы халықтың барлық басшыларын ұстап алып, оларды күндіз Менің, Жаратқан Иенің, алдында (күллі жұрттың көзінше) дарға асып, іліп қой! Сонда Менің Исраилге деген жалындаған қаһарым басылады!»

5. Сондықтан Мұса Исраилдің төрешілеріне: «Әрқайсыларың пеғорлық Бағалға беріліп кеткен өз адамдарыңның барлығын өлтіріп жазалаңдар!» — деген әмір берді.

6. Дәл осы кезде исраилдіктердің біреуі бір мадияндық әйелді өз әулетіне алып келді. Адам онысын кездесу шатырының кіреберісі алдында қайғырып зарлап тұрған Мұса мен бүкіл исраилдік жамағаттың көз алдында істеді.

7. Мұны діни қызметкер Елазардың ұлы, Һаронның немересі Пінехес көрді. Ол жамағаттың ортасынан шықты да, қолына найзасын алды.

8. Пінехес исраилдік ер адам мен сол әйелдің артынан шатырға кіріп, екеуіне де найзасын сұғып алды. Найза еркекті тесіп өтіп, әйелдің ішіне қадалды. Осылай Пінехес исраилдіктердің басына түскен індеттің бетін әрі қайырды.

9. Ал індеттен қаза тапқандардың саны жиырма төрт мыңға жеткен еді.

10. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:

11. «Діни қызметкер Елазардың ұлы, Һаронның немересі Пінехес Менің исраилдіктерге деген қаһарымды басты. Ол солардың арасында Менің абыройымды Өзім іспетті жан сала құлшына қорғады. Сол себепті Мен Исраил халқының бәрін бірдей қаһарыммен қырып тауысқан жоқпын.

12. Сондықтан оған мынаны айт: Біліп қой, Мен сенімен амандық пен тыныштық туралы Келісімімді жасамақпын.

13. Мен Елазардың өзін және одан кейінгі ұрпақтарын әрқашан діни қызметкер қыламын деп уәде беріп Келісімімді бекітемін. Себебі ол қызмет еткен Құдайының абыройын жан сала қорғап, Исраил халқын күнәларының арамдығынан тазартты».

14. Мадияндық әйелмен бірге өлтірілген исраилдіктің есімі — Салу ұлы Зімри. Ол Шимон руындағы бір әулеттің басшысы еді.

15. Ал өлтірілген мадияндық әйелдің есімі — Хазба, ол мадияндықтардың бір әулетінің басшысы Сурдың қызы болатын.

16. Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға бұйрық беріп былай деді:

17. «Мадияндықтарға қарсы шығып, олардың көздерін жойыңдар!

18. Себебі олар Пеғорда сендерді жалған тәңірге табынуға азғырулары және өздерінің қарындасы — мадияндық әулет басының қызы Хазба арқылы сендерге қулық-сұмдықпен жәбір көрсетті. Сол Хазба Пеғордағы оқиға үшін болған індет кезінде өлтірілді».

About Руларды санау Chapter 25

Read Руларды санау Chapter 25 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Руларды санау
Chapter: 25
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Руларды санау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Руларды санау Chapter 25 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Руларды санау Chapter 25?

Руларды санау Chapter 25 is part of the Book of Руларды санау in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Руларды санау Chapter 25 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from руларды санау

  1. Руларды санау Chapter 32
  2. Руларды санау Chapter 13
  3. Руларды санау Chapter 16
  4. Руларды санау Chapter 1
  5. Руларды санау Chapter 17
  6. Руларды санау Chapter 24
  7. Руларды санау Chapter 10

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 103
  2. Шежірелер 1-ж Chapter 16
  3. Шежірелер 2-ж Chapter 31
  4. Забур жырлары Chapter 146
  5. Еремия Chapter 24
  6. 3 Жоханның Chapter 1
  7. Аян Chapter 21
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *