Нақыл сөздер Chapter 28

For English

Read Нақыл сөздер Chapter 28 Online

Read Нақыл сөздер Chapter 28 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Нақыл сөздер 28

Тарау 28

1. Ешкім қумаса да қылмыскер қуыстанар, Ал әділ жан арыстандай батыл болар.

2. Ел заңнан безсе басшылары көп болар, Білгір, дана билеушімен елде тәртіп сақталар.

3. Бейшараларды қанайтын кедей жан Егінді шайған жауындай елге зиян.

4. Заңды бұзғандар зұлымдарды мақтар, Заңды сақтағандар оларға қарсы шығар.

5. Зұлым жан әділдікті ұғынбас, Жаратқанға бет бұрған оны толықтай ұғынар.

6. Бұрыс жүрген байдан гөрі Адал жүрген жарлы жақсы.

7. Заңды ұстанған — зерделі бала, Ал ысырапшылдарға қосылса, Әкесін қалдырар ұятқа.

8. Тойымсыз өсімқор жиған байлығынан айырылар, Соңында байлығы кедейді аяғанға бұйырар.

9. Заңға құлақ аспайтынның Мінажаты да Құдайға жексұрын.

10. Әділді адастырған теріс жолға Өз торына өзі түсер жан, Ие болар ақырында жақсылыққа Кінәратсыз, адал жан.

11. Бай адам өзін данышпан санар, Зерделі кедей оның шындығын ашар.

12. Әділдер жеңіп шықса, елдің ұлылығы асар, Зұлымдар үстемдік етсе, жұрт бас сауғалар.

13. Күнәларын жасырған жан өркендемейді, Оларын мойындап, бас тартқан рақым көреді.

14. Жаратқанды лайым қастерлейтін жарылқанар, Ал жүрегін қасарыстырған пәлеге ұшырар.

15. Бейшара халыққа билік құрған арамза Ұқсайды ақырған арыстан я бас салған аюға.

16. Зердесіз билеуші халқын езгіге салар, Арам пайданы жек көрген ұзақ билік құрар.

17. Кісі өлтірген күнәкар Өле-өлгенше қашқын болар, Болмасын ешкім оны қорғар!

18. Мінсіз жүрген жан пәледен аман болар, Бұрыс жолмен жүрген бірден құлап қалар.

19. Жер өңдегеннің тамағы мол, Құр қиял қуғанның жоқшылығы мол.

20. Адал жан молынан жарылқанар, Баюға асыққан жазасын тартар.

21. Адамдарды алалау ешқандай дұрыс емес, Кейбіреу бір үзім нан үшін қылмыстан шегінбес.

22. Ашкөз адам асығып баюға ұмтылар, Аңғармай ақырында жоқшылыққа ұшырар.

23. Жағымпаздан гөрі ескертуші Соңында көбірек көрер құрметті.

24. «Күнә емес» деп ата-анасынан ұрлаушы — Қарақшылардың нағыз сыбайласы.

25. Тәкаппар адам дау-жанжал туғызар, Тәңір Иеге сенуші өркендейтін болар.

26. Өз ақылына ғана сенген аңғал болар, Даналықпен жүрген аман сақталар.

27. Мүсәпірді аяған жоқшылыққа тап болмас, Ал оған көзін жұмған қарғыстан бас алмас.

28. Зұлымдар үстемдік етсе, жұрт бас сауғалар, Зұлымдар құлап түссе, әділдер саны молаяр.

About Нақыл сөздер Chapter 28

Read Нақыл сөздер Chapter 28 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Нақыл сөздер
Chapter: 28
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Нақыл сөздер Chapter 28 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Нақыл сөздер Chapter 28?

Нақыл сөздер Chapter 28 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 28 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from нақыл-сөздер

  1. Нақыл сөздер Chapter 23
  2. Нақыл сөздер Chapter 11
  3. Нақыл сөздер Chapter 4
  4. Нақыл сөздер Chapter 8
  5. Нақыл сөздер Chapter 21
  6. Нақыл сөздер Chapter 30
  7. Нақыл сөздер Chapter 29

Related Chapters & Readings

  1. Әйүп Chapter 6
  2. Елшілердің істері Chapter 19
  3. Ишая Chapter 52
  4. Ошия Chapter 11
  5. 1 Жоханның Chapter 4
  6. Езекиел Chapter 30
  7. Елшілердің істері Chapter 5
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *