Read Нақыл сөздер Chapter 30 Online
Read Нақыл сөздер Chapter 30 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Нақыл сөздер 30
Тарау 30
1. Мынау Жәке ұлы Ағұрдың сөздері: Осы адамның Ітиелге, Ітиел мен Ұқалға білдірген Құдай Рухының хабары.
2. Адамдардың білімсізі шынында менмін, Адамға тән түсінігім де жоқ менің.
3. Даналықты оқып-үйренген емеспін, Киелі Құдайды жақыннан таныған емеспін.
4. Кім аспанға көтерілген? Кім қайтадан жерге түскен? Кім желді уысында ұстай алар? Кім мұхитты шапанымен орап қояр? Кім жердің шегін орнатқан? Өзі мен Ұлының аты кім? Білсең соны айтып берші маған.
5. Құдайдың барлық сөздері пәк таза, Ол қалқандай Өзін паналайтындарға.
6. Оның сөздеріне еш нәрсе қоспа, Әйтпесе Ол саған ескертіп ұрсар, Өтірігің ашылып жария болар.
7. Уа, Ием, сұраймын Сенен екі-ақ нәрсе, Көзім жұмылғанша соларды аямашы:
8. Өтірік пен жалғанды менен алшақтатшы, Кедейлік те, байлық та маған бұйырмашы, Тек бере гөр күнделікті нанымды.
9. Себебі байып кетіп, «Жаратқан Ие кім?» Деп ешқашан Сенен бас тартып кетпейін, Жарлы болып, ұрлық жасап та жүрмейін, Сол арқылы киелі атыңа кір келтірмейін.
10. Жамандама қожайынына қызметшісін, Әйтпесе қызметші сені қарғап, зиянын шегерсің.
11. Бір ұрпақ бар, олар әкелерін қарғайды, Шешелеріне де алғыс айтпайды,
12. Олар арамдығынан жуынып тазармайды, Алайда өздерін пәк таза санайды.
13. Көздері сондай асқақ, тәкаппар, Кірпіктерін жоғары көтереді олар.
14. Осы ұрпақтың тістері өткір қанжардай, Олардың жақтары өткір пышақтай, Жарлыны жер бетінен жалмап құртар, Мұқтажды адамзат арасынан аластатар.
15. Сүліктің екі сорғышы үнемі «Бер маған! Берші!» деп талап етеді. Мына үшеу де тойым білмес, Тіпті төртеуі де «жетер» демес:
16. Қабірдің қара топырағы, Әйелдің бедеу құрсағы, Суға қанбас шөлейт жер, «Жетер» демес ашкөз өрт.
17. Әкесін мазақтап келекелеген, Шешесін тыңдамай менсінбеген Жанның көздерін шоқыр сайдағы қарғалар, Әрі құзғынның балапандары жеп қояр.
18. Таңғалдырар мені үш, тіпті төрт нәрсе бар, Шамам жоқ менің оларды ұғына алар:
19. Аспанда самғар қыранның жолы, Жартаста жылжыған жыланның жолы, Теңізде жүзген кеменің жолы, Қыз жүрегінің кілтін тапқан жігіттің жолы.
20. Азғын әйел жолы да таңдандырар: Ол ішіп-жеп, аузын сүртер, «Еш жамандық істемедім» дер.
21. Мына үшеуден солқылдар жер, Төртеуіне де төзе алмас жер:
22. Құл патша болғанда, Ақымақ асқа тойғанда,
23. Қараниет қыз күйеуге шыққанда, Ханымның орнын күңі басқанда.
24. Мына төртеу жердегі кішкенесі, Алайда олар даналардың данасы:
25. Құмырсқа қауымы зор күштен ада, Ал қысқы азығын жинайды жазда.
26. Әлсіздің бірі — тау тышқаны, Ал інін ол жартасқа салады.
27. Шегірткеде болмайды патша, Алайда сап түзеп, аттанады жұмыла.
28. Кесірткені қолмен де ұстап алады, Бірақ ол патша сарайынан да табылады.
29. Қадамын нық басады мына үшеу, Айбынды қозғалады мына төртеу:
30. Хайуандар арасындағы батыры — арыстан, Еш нәрседен қаймығып шегінбес жолынан.
31. Ерттелген тұлпар не қой бастар серке, Әскерін жинап аттанған патша.
32. Егер асқақтанып ақымақ болсаң, Не басқаға жамандық ойлап тұрсаң, Ұялып, жап аузыңды қолыңменен.
33. Себебі қаймақты былғасаң май алғандай, Біреудін мұрнын ұрсаң қан шыққандай, Ашу қоздырсаң жанжал туар дәл осылай.
About Нақыл сөздер Chapter 30
Read Нақыл сөздер Chapter 30 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Нақыл сөздер
Chapter: 30
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Нақыл сөздер Chapter 30 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Нақыл сөздер Chapter 30?
Нақыл сөздер Chapter 30 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 30 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from нақыл-сөздер
- Нақыл сөздер Chapter 22
- Нақыл сөздер Chapter 18
- Нақыл сөздер Chapter 4
- Нақыл сөздер Chapter 9
- Нақыл сөздер Chapter 7
- Нақыл сөздер Chapter 5
- Нақыл сөздер Chapter 19