Нақыл сөздер Chapter 24

For English

Read Нақыл сөздер Chapter 24 Online

Read Нақыл сөздер Chapter 24 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Нақыл сөздер 24

Тарау 24

1. Зұлымдарды күндеме, Қосылуды көксеме,

2. Ойлары — зорлық ету, Сөздері — сұмдық істеу.

3. Даналықпен үй салынар, Парасатпен берік болар,

4. Білгірлікпен үйдің іші Әр түрлі әсем дүниеге толар.

5. Дананың қуаты басым болар, Білгірдің күші нығайып толар.

6. Соғысты ақыл-кеңеспен басқар, Кеңесшісі көп жеңіп шығар.

7. Даналық тым жоғары ақымаққа, Аузын ашпас ол даналар бас қосқанда.

8. Сұмдық жасауды жоспарлаған жан Арам ниетті деп аталған.

9. Ақылсыздың арам ойы күнәкар, Мысқылшыл жан жұртқа жексұрын болар.

10. Тап болған қиындыққа мойығаның — Тым аздығы бойыңдағы қуатыңның!

11. Ажалға айдалып бара жатқандарды құтқар, Қырғынға теңселіп бара жатқандарды қайтар!

12. «Біздер білген жоқпыз» дейсің бе? Жүрек түкпірін сынайтын Жаратқан шындықты білмей ме? Ұдайы жаныңды бақылайтын Тәңір Ие білмей қалар дейсің бе? Ісіне қарап әрбір жанның Қарымтасын Ол береді де.

13. Балам менің, бал же, бойыңа ол нәрлі, Балауыз ұясынан тамғанын же, таңдайыңа ол тәтті,

14. Дәл солай даналық та жаныңа игілікті: Оны тапсаң жарқын болар келешегің, Әрі еш үзілмес үмітің сенің.

15. Әй, сұрқия, тосқауылдан көз салма Әділетті жанның тұрағына, Оның жайлы мекенін ойрандама!

16. Жеті рет жығылса да әділ жан, Қайта тұрып кетер орнынан, Ал зұлым құрып кетер апаттан.

17. Жығылса жауың соған қуанба, Сүрінсе мәз болып табалама!

18. Әйтпесе Жаратқан саған наразы болар, Жауыңа деген қаһарынан қайтар.

19. Зұлымдарға ызаланба, Арамзаларды қызғанба,

20. Болашағы жоқ зұлым жанның, Шырағы ерте өшер зымиянның.

21. Балам, Жаратқанды терең қастерле, Мойынсұнып патшаңды да құрметте, Ал бүлікшімен ешқашан бірлеспе!

22. Қосылсаң оған, кенет пәлеге ұшырарсың, Кім білер Жаратқан мен патшаның үкімдерінің Сондай бүлікшіні неге бұйыратындарын?

23. Даналар мына нақылдарды да қалдырған. Адамды алалау сот ісінде, Бұл — нағыз әділетсіз нәрсе.

24. Айыптыны «әділ» деп ақтаған төрені Халықтар қарғап, ұлттар жек көреді.

25. Ал айыптыны әшкерелегендер Мол игілік пен жарылқауға кенелер.

26. Әрқашан адал жауап қайтарушы Бетіңнен сүйген досыңа ұқсайды.

27. Алдымен сыртқы шаруаңды бітір, Егіндігіңді дайындап, жөнге келтір, Содан соң барып, шаңырақ көтер.

28. Жақыныңа жала жаппа, Аузыңнан өтірік шығарма!

29. Мынаны да айтушы болма: «Ол не нәрсе істесе маған, Мен де соны істеймін оған, Ісіне қарап мен оның қарымтасын Қалай да қайтаратын боламын!»

30. Бірде мен өттім жалқаудың жерінен, Ақылы аздың жүзімдігінен,

31. Қарасам, бәрін тікен басыпты, Ішіне қалақай қаптап кетіпті, Қоршаған тас дуалы қирап қалыпты.

32. Бұған қарап, ойға шомып қалдым, Өзім үшін мынадай сабақ алдым:

33. Біраз ұйықтап, аздап мызғып отырсаң, Аз-аздан қол қусырып жата берсең,

34. Сонда қарақшыдай боп жоқшылық, Қарулы тонаушыдай боп тапшылық Жетіп келер саған бас салып.

About Нақыл сөздер Chapter 24

Read Нақыл сөздер Chapter 24 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Нақыл сөздер
Chapter: 24
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Нақыл сөздер Chapter 24 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Нақыл сөздер Chapter 24?

Нақыл сөздер Chapter 24 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 24 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from нақыл-сөздер

  1. Нақыл сөздер Chapter 20
  2. Нақыл сөздер Chapter 10
  3. Нақыл сөздер Chapter 21
  4. Нақыл сөздер Chapter 19
  5. Нақыл сөздер Chapter 6
  6. Нақыл сөздер Chapter 7
  7. Нақыл сөздер Chapter 15

Related Chapters & Readings

  1. Әйүп Chapter 13
  2. Патшалықтар 1-ж Chapter 19
  3. Заңды қайталау Chapter 24
  4. Мысырдан шығу Chapter 24
  5. Патшалықтар 4-ж Chapter 12
  6. Еремия Chapter 26
  7. Аян Chapter 15
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *