Read Нақыл сөздер Chapter 25 Online
Read Нақыл сөздер Chapter 25 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Нақыл сөздер 25
Тарау 25
1. Бұлар да Сүлейменнің нақыл сөздері. Оларды жинақтағандар — Яһуда елінің патшасы Езекияның қызметкерлері.
2. Істі құпиялау — Құдайдың даңқы, Оны зерттеп ашу — патшаның даңқы.
3. Аспанның заңғар, жердің терең екеніндей, Патшаның ой-ниетін білмес ешкім түгелдей.
4. Күмісті балқытып қоқыстан аластатар, Саф күмістен зергер құнды ыдыс жасар,
5. Дәл солай патшадан сұмдарды алшақтатыңдар, Патшаның тағы сонда әділдікпен нығаяр.
6. Патша алдында асқақтама, Ұлықтар орнына тұрып алма,
7. Мырзаңның көз алдында ұялғанша, Саған игі, «төрге шық» деп шақырса. Көргеніңді сотқа айтуға асықпа,
8. Қарсыласың жеңіп шықса соңында, Қайтесің өзіңді масқара қылғанда?
9. Көршіңмен мәселеңді жеке талқыла, Басқа адамның бірақ сырын ашпа.
10. Әйтпесе естіп қалған сені балағаттар, Масқараң өзіңде мәңгілік қалар.
11. Орнымен айтылған сөз күміс табаққа Салынған алтын алмадай тамаша.
12. Тыңдайтын құлаққа дананың әшкересі Алтын сырға мен саф алтын әшекей іспетті.
13. Жазғы орақ кезіндегі Сергіткен қар секілді, Қожайынының жанын сергітеді Жіберген сенімді елшісі.
14. Бермес сый-тартуымен мақтанушы Құрғақ жел һәм жаумас бұлтқа ұқсайды.
15. Билеушіні төзімділікпен сендірер, Қарсыласты майда тілмен көндірер.
16. Бал таба қалсаң Же оны шамаңа қарап, Артық жеп қойсаң Жиренерсің құсып тастап.
17. Көршіңе тым жиі барып Кетірме қадіріңді, Әйтпесе сенен мезі болып Жек көріп кетер өзіңді.
18. Өзгеге қарсы жалған куә болған — Сойыл, семсер, үшкір жебедей қауіпті жан.
19. Опасызға үміт арту апатты күні, Бұл — сынған тіс, сал болған аяқ іспетті.
20. Салқын күні басқаның шапанын тартып алған, Яки жарақатқа сірке су құйған жан Сияқты — қайғылыға көңілді өлең айтқан.
21. Жауың сенің аш болса тамақтандыр, Егер ол шөлдесе шөлін қандыр!
22. Сен осылай етіп басына оның Қызып тұрған шоқ жиғандай боласың, Һәм Жаратқан қайтарар саған қарымтасын.
23. Сөз жоқ, солтүстік самал жаңбыр жаудырар, Жала жапқыш тіл ашулы кейіп туғызар.
24. Ұрысқақ әйелмен бір үйде тұрғанша, Үй төбесіндегі күркеде тұрған артық оңаша.
25. Алыс елден әкелінген жақсы хабар Шөлдегенге берілген салқын суға ұқсар.
26. Арамзадан қорқып, көнген әділ жан — Бүлінген құдық пен бұлақтай лайланған.
27. Балды тым көп жеу пайдалы емес, Өз даңқы үшін ұмтылу абырой бермес.
28. Өзіне ие бола алмайтын жан Қорғансыз қаладай, қамалы құлаған.
About Нақыл сөздер Chapter 25
Read Нақыл сөздер Chapter 25 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Нақыл сөздер
Chapter: 25
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Нақыл сөздер Chapter 25 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Нақыл сөздер Chapter 25?
Нақыл сөздер Chapter 25 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 25 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from нақыл-сөздер
- Нақыл сөздер Chapter 2
- Нақыл сөздер Chapter 21
- Нақыл сөздер Chapter 16
- Нақыл сөздер Chapter 15
- Нақыл сөздер Chapter 5
- Нақыл сөздер Chapter 17
- Нақыл сөздер Chapter 10