Read Забур жырлары Chapter 73 Online
Read Забур жырлары Chapter 73 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Забур жырлары 73
Тарау 73
1. Құдай Исраил үшін қандай игі, Жүрегі пәктер үшін мейірімді!
2. Ал мен тура жолдан тая жаздадым, Тірегімнен айырылуға шақ қалдым.
3. Күнәкарлардың өркендеуін көрдім, Менмендерге қызғана қарай бердім.
4. Өмірінде шекпейді олар азапты, Денсаулығы мықты әрі қуатты,
5. Өзгелердей көрмейді ауыртпалықты, Басқалардай жемейді олар соққыны,
6. Содан моншақтай тағып алып мақтанышты, Әрі киімдей жамылған зорлық-зомбылықты.
7. Тым семіздіктен көздерін май басқан, Арамдық пиғылдары да асып-тасқан.
8. Өзгелерді олар қорлап, жамандайды, Паңдана зәбір-жапа жоспарлайды.
9. Көкті ауызымен иеленгенсиді, Жерге де тілімен билік еткенсиді.
10. Сондықтан да халық оларға бет бұрып, Айтқандарын тыңдайды құштарланып:
11. «Құдай қайдан білсін? — деп сол зұлымдар Мақтана сұрайды: — Хақ Тағала ма хабардар?»
12. Бейқам болып осы арам пиғылдылар Молынан жинайды байлықтар.
13. Әлде бекерге жүрегімді пәк сақтап, Қолымды күнәдан таза ұстадым ба?!
14. Сонда да күн ұзағына қиналып, Таң атысымен түсемін азабыма!
15. Ал егер мен солай сөйлейін десем, Халқыңды алдап, опасыздық жасар едім.
16. Мұның бәрін ақылға салып көргенімде Көзім жетті аса қиын екеніне.
17. Соңында мен Құдайдың үйіне кірдім, Ақыры солармен не боларын білдім:
18. Сен зұлымдарды тайғақ жолға түсіресің, Биіктен құлатып, жойып жібересің.
19. Олар күтпеген жерден талқандалады, Зәрелері ұшып, жойылып, жоғалады.
20. Я, Ием, көтерілсең, олар ғайып болар, Оянғанда жоқ болатын түске ұқсар.
21. Ал жүрегім менің қызғаныштан күйді, Жан дүнием шүбәдан налып ренжіді.
22. Сонда санасыз ақымақ болып қалдым, Көз алдыңда ақылсыз хайуанға ұқсадым.
23. Алайда қасыңда боламын әрқашан, Сен мені ұстап қолдайсың оң қолымнан,
24. Ақыл-кеңесіңмен мені бастайсың, Ақыры салтанатыңа қабылдайсың.
25. Өзіңнен басқа кімім бар еді көкте? Өзге ештеңе аңсамаймын жерде де!
26. Тәнім әлсіреп, жаным шаршағанмен, Уа, Құдай, мәңгілік жар боласың Сен, Жүрегімнің берік тірегі бола бересің.
27. Бірақ жойылады алшақтағандар Өзіңнен, Безіп кеткендердің бәрін жоясың Сен.
28. Құдайға жақын болғаным қандай игі! Паналап Жаратушы Тәңір Ием — Сені, Жариялап тұрмын күллі істеріңді.
About Забур жырлары Chapter 73
Read Забур жырлары Chapter 73 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Забур жырлары
Chapter: 73
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Забур жырлары Chapter 73 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Забур жырлары Chapter 73?
Забур жырлары Chapter 73 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 73 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from забур жырлары
- Забур жырлары Chapter 45
- Забур жырлары Chapter 118
- Забур жырлары Chapter 86
- Забур жырлары Chapter 87
- Забур жырлары Chapter 46
- Забур жырлары Chapter 88
- Забур жырлары Chapter 52