Read Нақыл сөздер Chapter 17 Online
Read Нақыл сөздер Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Нақыл сөздер 17
Тарау 17
1. Жанжалды үйдің мол етінен гөрі Татулықпен жеген қатқан нан игі.
2. Арсыз ұлды ұғымпаз құлы билер, Ағайындарымен бірге мұрасын бөлісер.
3. Алтынды отта балқытып, күмісті көрікте сынар, Адам жүрегін Жаратқанның Өзі тексеріп сынар.
4. Зұлымдық істеуші залым тілге құлақ асар, Өтірік айтушы сұмдық тілге ден қояр.
5. Кедейді тілдеген Жаратушысын қорлайды, Сәтсіздікке қуанған жазасыз қалмайды.
6. Қарттардың тәжі — немере-шөберелері, Балалардың мақтанышы — әке-шешелері.
7. Өрелі сөз ақымаққа еш жараспас, Өтірік сөз мырзаға одан бетер жараспас.
8. Сый-тарту беруші оны сиқырлы тастай көрер, Қайда барса да, ол табысқа қол жеткізер.
9. Қатені кешіретін достығын нығайтар, Ал оны айта беретін досынан айырылар.
10. Ақылсызға берген жүз дүреден гөрі Ақылдыға берген бір сөгіс әсерлі.
11. Зұлым жан тек бүлікті көздер, Оған қарсы қатал өкіл жіберілер.
12. Наданның ақымақтығына тап болғаннан гөрі Қонжығынан айырылған аюға тап болған игі.
13. Жақсылыққа жамандық қайтарған — Өз үйіне үздіксіз пәле шақырған.
14. Басталған ұрыс тасқын суға ұқсас, Жанжал қызбай тұрып, дауды бас.
15. Ақтау кінәліні, айыптау кінәсізді — Екеуі де Жаратқан Иеге жиренішті.
16. Даналықты меңгеруге құлшынысы болмаса, Наданның қолындағы ақшадан не пайда?
17. Шынайы дос әрдайым жақсы көрер, Қиыншылықта бауырыңдай көмектесер.
18. Ұғымсыз жан қол алысар, Басқаның қарызына кепіл болар.
19. Жанжалды сүйген күнәні ұнатқан, Кеудесін тым көтерген пәле шақырған.
20. Қастық ойлаған жақсылық таппайды, Жалған сөйлеген пәлеге ұшырайды.
21. Надан ұл өзін туғанға сор, Ақымақтың әкесі қуаныштан құр.
22. Көтеріңкі көңіл шипа болар, Жабырқаңқы көңіл тәнді қуартар.
23. Арамза жасырын пара алар, Әділет жолын бұрмақ болар.
24. Ақылды жан даналықты назарында ұстар, Ақымақтың көзі жер түбін шарлар.
25. Надан ұл әкесін қапаландырар, Туған анасын ашындырар.
26. Әділ жанды жазалау игі болмас, Адал жүрген мырза жанды дүрелеу жараспас.
27. Есті адам байыппен сөйлер, Ұғымды жан байсалды жүрер.
28. Үндемесе тіпті наданды саналы дер, Аузына ие болса, ол дана болып көрінер.
About Нақыл сөздер Chapter 17
Read Нақыл сөздер Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Нақыл сөздер
Chapter: 17
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Нақыл сөздер Chapter 17 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Нақыл сөздер Chapter 17?
Нақыл сөздер Chapter 17 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 17 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from нақыл-сөздер
- Нақыл сөздер Chapter 4
- Нақыл сөздер Chapter 25
- Нақыл сөздер Chapter 15
- Нақыл сөздер Chapter 19
- Нақыл сөздер Chapter 31
- Нақыл сөздер Chapter 10
- Нақыл сөздер Chapter 6