Read Нақыл сөздер Chapter 8 Online
Read Нақыл сөздер Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Нақыл сөздер 8
Тарау 8
1. Даналық шақырып жатыр емес пе, Ақыл-парасат дауыстап тұр емес пе?
2. Жол жиегінде, биік орындарда Тұр әрі жол тораптарында.
3. Қала қақпаларының төңірегінде, Халық өтетін кіреберістерде, Даналық былай деп мәлімдеуде:
4. «Уа, халайық, сендерді шақырамын, Бар адамзатқа дауыстап айтамын:
5. Аңқаулар, енді үйреніңдер, Аңғалдар, түсінік иеленіңдер,
6. Тыңдаңдар мені, асыл сөз айтпақпын, Ақиқат — барлығы да айтарымның.
7. Шындық — аузымнан шыққан сөздің бәрі, Өтірік айту маған аса жиренішті.
8. Менің сөздерімнің бәрі де дұрыс, Ешқайсысы емес арам не бұрыс.
9. Саналыға барлығы түсінікті, Білімдіге мінсіз де әділетті.
10. Күмістен гөрі ал менен тәлімді, Саф алтыннан гөрі қабыл ал білімді.
11. Даналық асыл тастардан да құнды, Аңсаған еш нәрсең оған тең келмейді».
12. «Мен даналықпын, парасат бар қасымда, Саналы білім тауып аламын да.
13. Жаратқанды қастерлеп, мойынсұну, Бұл — жамандық атаулыны жек көру. Жек көремін мен паңдық пен менмендікті, Жаман іс-әрекет пен бұрма сөзді.
14. Менде ақыл-кеңес бар, адал сана, Иемін парасат, күш-қуатқа да.
15. Мен арқылы патшалар билік құрады, Әкімдер әділ заңдар шығарады.
16. Әміршілер мен арқылы басқарады, Төрелер әділ үкім шығарады.
17. Мен де сүйемін өзімді сүйгенді, Іздеп жүрген тауып алады мені.
18. Сыйлайтын абырой-байлық бар менде, Жоғалмас қазына мен әділдік те.
19. Беретін жемісім алтыннан құнды, Ол тіпті саф алтыннан да бағалы, Шығаратын өнімім менің таңдаулы, Күмістен де әлдеқайда жоғары.
20. Әділетті жолмен жүре беремін, Ақиқат жолынан ешбір таймаймын.
21. Мені сүйгендерге игілік сыйлаймын, Қазыналарын толтыра беремін».
22. «Жаратқан Иенің меншігі болатынмын Ежелгі істерін Ол жасамастан бұрын.
23. Бұл дүние жаралмай тұрып, әуелден Мәңгілікте мен тағайындалғанмын.
24. Пайда болдым терең теңіз болмағанда, Суға толы қайнарлар ақпағанда,
25. Таулар әлі де орнамай тұрғанда Тудым, һәм төбелер жоқ болғанда,
26. Тәңір Ие әлі жаратпастан бұрын Жер, дала, әлемнің алғашқы топырағын.
27. Сонда болдым Ол аспанды орнатқанда, Теңіздің бетінде көкжиекті сызғанда.
28. Жаратушы бұлттарды аспанда орнатқанда, Тереңнен қайнар көздерді нығайтқанда,
29. Теңіз суының ауқымын шектегенде, Өз еркінен тыс тасытпай тежегенде Әрі дүниенің негізін белгілегенде,
30. Оның қасындағы сәулетші мен болғанмын, Күнде Оны қуантып, алдында шаттандым.
31. Жаратқанның әлемінде көңілдендім, Адамзатқа да шат-шадыман болдым».
32. «Сонымен, жастар, маған құлақ салыңдар, Қандай бақытты — жолымды сақтағандар!
33. Өсиетімді тыңдап, дана болыңдар, Еш уақытта одан бас тартпаңдар!
34. Қандай бақытты — күнде маған құлақ асқан, Сергек боп қақпамда өзімді күтіп тұрған.
35. Өйткені мені тапқан шынайы өмір табады, Жаратқан Иенің ризашылығын алады.
36. Ал менен безген өзіне зиян салар, Мені жек көрген әркім өлімді ұнатар».
About Нақыл сөздер Chapter 8
Read Нақыл сөздер Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Нақыл сөздер
Chapter: 8
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Нақыл сөздер Chapter 8 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Нақыл сөздер Chapter 8?
Нақыл сөздер Chapter 8 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 8 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from нақыл-сөздер
- Нақыл сөздер Chapter 20
- Нақыл сөздер Chapter 9
- Нақыл сөздер Chapter 4
- Нақыл сөздер Chapter 30
- Нақыл сөздер Chapter 22
- Нақыл сөздер Chapter 23
- Нақыл сөздер Chapter 26