Нақыл сөздер Chapter 20

For English

Read Нақыл сөздер Chapter 20 Online

Read Нақыл сөздер Chapter 20 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Нақыл сөздер 20

Тарау 20

1. Шарап — қорлағыш, сыра — даурықтырғыш, Ішімдікке салынған әркім ақылсыз.

2. Патшаның қаһары — ақырған арыстан, Ашуын тұтатқан — басына пәле шақырған.

3. Жанжалға бармау адамға абырой болар, Ал ақымақ болса, жанжалға асығар.

4. Жалқау мезгілінде жерін жыртпас, Орақ кезі жеткенде өнім таппас.

5. Адамның ой-ниеті тұңғиық судай болар, Ақылды адам олардан сарқып алар.

6. Өз мейірімін көп адам мақтан тұтар, Ал шынымен адал жанды кім табар?

7. Әділ жан мінсіз өмір сүрер, Балалары жарылқауды иемденер.

8. Сот тағында отырған патшалар Бар қылмысты көзбен сұрыптап шығарар.

9. Жүрегімді таза ұстап, күнәсіз жүрдім Деп тайсалмай айта алар еді кім?

10. Тең емес таразы, тең емес өлшем — Екеуін де жек көрер Тәңір Ием.

11. Істерін байқасаң баланың, Білесің мінезінің таза, дұрысын.

12. Еститін құлақ пен көретін көздің Екеуін де жаратты Тәңір Иең.

13. Ұйқышыл болма, тапшылыққа ұшырарсың, Қырағы болғын, тамаққа тойынарсың.

14. Сатып алушы затты «тым нашар» деп сынар, Ал былай шығып, арзанға алғанына мақтанар.

15. Алтын да бар, маржан да мол, Зерделі тіл — нағыз қазына сол.

16. Бөгдеге біреу кепіл болса, Шапанын шешіп алыңдар сонда, Кепілдік болсын бөгденің қарызына.

17. Адамның алдап тапқан наны тәтті, Ал кейін аузы құмға толы іспетті.

18. Ақылдасқан іс берік тұр, Соғысар алдында кеңес құр.

19. Өсек тасыған сырыңды ашар, Серігің болмасын сөзқұмар!

20. Әке-шешесін қарғағанның Жанары қара түнекте сөнер.

21. Тым ерте иемденген мұралы еншің Соңынан болмас шынайы берекең.

22. Зұлымдықтың кегін қайтарам деме, Тәңір Иеге тапсыр, Ол қолдайды сені.

23. Жаратқанға мүлдем ұнамсызы — Дәл емес өлшем тастары, Өте жаман да — жалған таразы.

24. Адамның қадамдарын Тәңір Ие белгілер, Онсыз адам жүрер жолын қайдан білер?

25. Тәңірге асыға өз меншігін бағыштау, Ал берген антына соңынан өкіну, Бұл — өзіне-өзі тұзақ құру.

26. Ақылды патша қылмыскерлерді анықтар, Кейін соларды талқандап жазалар.

27. Адамның рухы — Жаратқанның шырағы, Жүрек түкпірлерін зерттейді ол қырағы.

28. Мархабат пен ақиқат патшаны қорғайды, Мызғымас мейірімі оның тағын қолдайды.

29. Жастардың мақтанары — күш-қуаты, Қарттардың қадірі — ағарған шашы.

30. Соққының ізі адамды зұлымдықтан арылтар, Әділ жазасы жан дүниесін тазартар.

About Нақыл сөздер Chapter 20

Read Нақыл сөздер Chapter 20 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Нақыл сөздер
Chapter: 20
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Нақыл сөздер Chapter 20 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Нақыл сөздер Chapter 20?

Нақыл сөздер Chapter 20 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 20 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from нақыл-сөздер

  1. Нақыл сөздер Chapter 29
  2. Нақыл сөздер Chapter 22
  3. Нақыл сөздер Chapter 5
  4. Нақыл сөздер Chapter 7
  5. Нақыл сөздер Chapter 26
  6. Нақыл сөздер Chapter 13
  7. Нақыл сөздер Chapter 19

Related Chapters & Readings

  1. Матай Chapter 24
  2. Патшалықтар 4-ж Chapter 10
  3. Ишая Chapter 4
  4. Әйүп Chapter 29
  5. Ефестіктерге Chapter 1
  6. Езра Chapter 3
  7. 1 Қорынттықтарга Chapter 12
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *