Нақыл сөздер Chapter 21

For English

Read Нақыл сөздер Chapter 21 Online

Read Нақыл сөздер Chapter 21 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Нақыл сөздер 21

Тарау 21

1. Патшаның жүрегі Жаратқанның қолында Ұқсайды аққан суға өзен салаларында: Жаратқан бағыттайды оны қалаған жағына.

2. Өз жолы адамға түзу болып көрінер, Ал оның жүрегін Жаратқан Ие тексерер.

3. Адамның адалдық пен әділдік сақтағаны Жаратқанға құрбандық шалғанынан ұнамды.

4. Көз тәкаппарлығы, жүректің асқақтығы Екеуі де күнә — зұлымның қылықтары.

5. Ұқыптының ой-ниеті дәулетке бастар, Тым асыққан тапшылыққа ұшырар.

6. Жалғандықпен жиналған байлық — Ұшып кетер бу әрі ажалды тұзақ.

7. Зұлымның зомбылығы өзін жоқ қылар, Әділ істен бас тартқаны себепшісі болар.

8. Айыптының жолы — қисық соқпақ, Айыпсыздың жүрісі түзу болмақ.

9. Ұрысқақ әйелмен бір үйде тұрғанша Үй төбесіндегі күркеде тұрған артық оңаша.

10. Зұлымның жаны сұмдық көздер, Өз жақынына қаталдық көрсетер.

11. Мазақшыл жазаланса, аңғырттың даналығы артар, Дана жан тәлім алса, ол содан білім қабылдар.

12. Әділ Тәңір Иеміз зұлымның үйін бақылар, Содан зұлымды құлатып, көзін құртар.

13. Жарлының зарына құлағын жабатын Таппас өз зарына құлақ асатын.

14. Жасырын сый-тарту ашуды тыншытар, Құпия сыйлық зор қаһарды басар.

15. Әділдік жасалса әділдер қуанар, Ал зұлымдық жасаушылар шошынар.

16. Даналық жолынан адасқан — О дүниеге жақында аттанар жан.

17. Байи қоймас шарап, майға құмартқан, Кедейленер аса сауықшыл жан.

18. Арамза адам әділдің төлемі болар, Опасыз ұсталып, адал жан құтылар.

19. Ұрысқақ, ызақор әйелмен тұрғанша, Оңаша тұрған артық айдалада.

20. Дананың мекені май мен байлыққа толар, Ал надан өзінде барды шашар.

21. Әділдік пен берік мейірім жолынан Шын өмір, әділет, құрмет табады жан.

22. Күштілердің қаласын кемеңгер басып алар, Олар сенген қамалдың күл-талқанын шығарар.

23. Тілі мен аузына ие болған Пәледен басын сақтар аман.

24. Өркөкірек, паң адамды мысқылшыл дер, Асқан менмендікпен ол әрекет етер.

25. Жалқауды құмарлықтары құртар, Себебі қолы жұмыстан қашар.

26. Жалқау жан күні бойы алуды көксер, Ал әділ жан мұқтажға аямай берер.

27. Зұлымның құрбандығын Жаратқан жек көрер, Арам оймен ұсынса оны, одан да бетер.

28. Өтірік айтатын куә құрып кетер, Ал өз құлағымен естігеннің сөзі өтер.

29. Азғын жан сондай батыл болып көрінер, Әділ жан жүрер жолына көңіл бөлер.

30. Ешбір даналық, түсінік пен кеңес Жаратқан Иеге қарсы келмес.

31. Жауынгер шайқасқа атын дайындар, Ал жеңісті оған Жаратқан Ие сыйлар.

About Нақыл сөздер Chapter 21

Read Нақыл сөздер Chapter 21 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Нақыл сөздер
Chapter: 21
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Нақыл сөздер Chapter 21 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Нақыл сөздер Chapter 21?

Нақыл сөздер Chapter 21 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 21 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from нақыл-сөздер

  1. Нақыл сөздер Chapter 11
  2. Нақыл сөздер Chapter 20
  3. Нақыл сөздер Chapter 31
  4. Нақыл сөздер Chapter 25
  5. Нақыл сөздер Chapter 14
  6. Нақыл сөздер Chapter 10
  7. Нақыл сөздер Chapter 19

Related Chapters & Readings

  1. 1 Қорынттықтарга Chapter 3
  2. Забур жырлары Chapter 74
  3. Езекиел Chapter 28
  4. Еврейлерге Chapter 12
  5. Езекиел Chapter 10
  6. Ошия Chapter 10
  7. 1 Салониқалықтарга Chapter 5
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *