Read Забур жырлары Chapter 109 Online
Read Забур жырлары Chapter 109 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Забур жырлары 109
Тарау 109
1. Уа, Құдай, мадақтап келемін Сені, Тіл қатпай, үнсіз қала көрме енді.
2. Себебі адамдар зұлым да алдамшы, Маған қарсы ауыздарын ашады, Жалған тілдерімен жала жабады,
3. Қас сөздерімен жан-жақтан қыспақтайды, Еш себепсіз маған шабуыл жасайды,
4. Достығыма жауап береді қастықпен, Алайда Саған сиынып келемін мен.
5. Жақсылығыма олар сұмдық қайтарады, Достығыма өшпенділік танытады.
6. (Қарсыластарым мені былай деп қарғады:) «Оған бір зұлым жанды қарсы қойшы, Оң жағына айыптаушысын тұрғызшы,
7. Сотталғанда ол кінәлі боп шықсын, Тіпті дұғасы да күнә боп табылсын,
8. Көретін күндері оның аз болсын, Міндетін оның басқа біреу алсын!
9. Балалары жетім, әйелі жесір қалсын,
10. Ұрпақтары қаңғырған қайыршы болсын, Қираған үйлерінен аластатылсын,
11. Қарыз берген оның барын тартып алсын, Еңбегінің жемісін бөтендер тонасын,
12. Жаны ашитын адал досы болмасын, Жетімдерін мүсіркейтін де табылмасын,
13. Перзенттері көп жасамай шетінесін, Есімдерін келесі ұрпақ білмесін.
14. Әділетсіз істері ата-бабасының Жаратқан Иенің есіне салынсын, Шешесінің күнәсі де кешірілмесін,
15. Кінәлары Жаратқанның алдында қала берсін, Ол есімдерін жер бетінен із-түзсіз өшірсін.
16. Өйткені бұл жан жақсылық жасаудан безді, Кедейді, мүсәпір мен үмітсізді Өлтірмек болып қуғындап өкшеледі.
17. Ол қарғыс айтуды сондай ұнатты, Ендеше өзіне қонсын қарғысы, Оң бата дегенді ол менсінбейтін, Ендеше оң бата оған қонбай кетсін.
18. Бұл өзі қарғауын «киімдей киетін», Тәніне сол су, май іспетті «сіңетін»,
19. Енді қарғыс болсын киетін киіміндей, Ұдайы буынатын белбеуіндей.
20. Ол мені айыптап, қастық айта беретін. Жаратқан оған қайтарсын соның есесін!» (Деп білдіреді олар теріс тілектерін.)
21. Ал Сен, уа, Тәңір Ием — Жаратушы, Есіміңе бола маған жақсы қарашы, Берік рақымың игі, мені құтқаршы.
22. Өйткені мен бейшара, мүсәпірмін, Әрі жаралы — бойымдағы жүрегім.
23. Ғайып болар көлеңкедеймін кешкі, Шегірткедей жау қағып жібереді мені.
24. Оразадан әлсіреді тізелерім, Денем жүдеу, омсырайған бүкіл тәнім.
25. Мен келекеге айналдым жұрт үшін, Көрсе мені шайқайды олар бастарын.
26. Уа, Құдай Ием, маған көмектесші, Рақымыңа сай мені құтқара көрші.
27. О, Ием, мұны істеген Сен екенін, Өз қолыңның жасағанын олар білсін!
28. Жауларым қарғайды, бірақ Сен жарылқайсың, Бас салса, өздері масқараға қалсын, Ал Сенің қызметшің шаттанатын болсын.
29. Айыптаушыларым ұятқа бөленсін, Олар масқараға жамылғыдай орансын.
30. Мен Жаратқан Иеге көп мақтау айтамын, Үлкен жиында Оның даңқын асырамын,
31. Жаратқан бейшара жанды қолдап-қорғайды, Айыптаушылардан аман-есен сақтайды.
About Забур жырлары Chapter 109
Read Забур жырлары Chapter 109 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Забур жырлары
Chapter: 109
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Забур жырлары Chapter 109 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Забур жырлары Chapter 109?
Забур жырлары Chapter 109 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 109 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from забур жырлары
- Забур жырлары Chapter 12
- Забур жырлары Chapter 37
- Забур жырлары Chapter 116
- Забур жырлары Chapter 83
- Забур жырлары Chapter 56
- Забур жырлары Chapter 106
- Забур жырлары Chapter 46