Read Ишая Chapter 63 Online
Read Ишая Chapter 63 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Ишая and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Ишая 63
Тарау 63
1. — Едом еліндегі Босорадан келе жатқан, қан қызыл шапан жамылған мына Кісі кім екен? Сән-салтанатпен киініп, зор күшпен алға басқан Бұл кім Өзі? — Ол: — Мен әділдікті айтамын, құтқаруға құдіреттімін, — дейді.
2. — Неліктен киімдеріңіз бен шапаныңыз қып-қызыл? Олар арнайы шұңқырда жүзімді таптап, қызыл шырынын сығып шығаратын кісінің киіміндей қан қызыл ғой?
3. — Мен «жүзімдерді» жалғыз таптадым, халықтардан ешкім қасымда болып көмектеспеді. Ашуға мініп, зұлым жауларымды таптап, қаһарлана басып-жаншыдым. Солардың қаны шапаныма шашырап, барлық киімдерім де ластанды.
4. Мен халқымды езгіден құтқаратын жыл келді, арамза жауларыма жазаларын тартқызатын мезгіл жетті деп ұйғардым.
5. Айналама қарасам, Маған көмектесіп, сүйеніш болатын ешкімнің жоқтығына қатты таңғалдым. Сонда құтқаруды өз құдіретті қолыммен іске асырдым, өз қаһарым Өзіме сүйеніш болды.
6. Мен ашуға мініп, зұлым халықтарды таптадым. Оларды қаһарыммен мас қылып теңселтіп, қандарын жерге төктім.
7. Жаратқан Иенің берік мейірімін, Біз үшін жасаған бар игі істерін Мен есіме түсіріп дәріптеймін. Иеміз Исраил халқына молынан Көрсетіп келеді мейірімділігін, Аямай төккен шексіз рақымымен Тәңір істеп келеді зор игіліктерін.
8. Жаратқан Ие былай деген болатын: «Шынында олар Менің меншікті халқым, Алдамайтын рухани балаларым». Содан Ол халқын құтқармақшы болды.
9. Олар азап шеккен кездің бәрінде Жаратқан Ие бірге азап шекті, Өзінің қасындағы періштесі Таңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді. Құдайымыз сүйіспеншілігімен Және мол қайырымдылығымен Халқын құтқарып алып, бүкіл өткен Заманда Қамқоршысы болып келген.
10. Ал өз халқы Құдайға қарсы көтерілді, Киелі Рухын қатты ренжіте берді. Сондықтан Тәңір оның жауына айналды, Халқына қарсы Өзі күреске шықты.
11. Сонда Оның халқы ежелгі заманды — Мұса пайғамбар мен оның қасындағы Халқының тарихын естеріне алды: «Бағушысы Мұсамен бірге халықты Теңізден өткізіп, басшыларына Өзінің Киелі Рухын қондырған Сол Жаратқан Иеміз қазір қайда?
12. Өзі Мұсаны ұлы құдіретімен Қолынан ұстағандай болып жетелеген, Алдынан теңіз суын қақ айырған, Халқын теңіз түбімен бастап алып шыққан, Өз даңқын мәңгілікке нық орнатқан Құдай Иеміз қазір қайда екен? Олар кең далада көсіле шапқан Сайгүліктей терең теңіз түбінен Ешбір сүрінбестен-ақ өте шықты.
14. Шұрайлы сайға түскен мал сияқты Халқына Жаратқан Иенің Рухы Сыйлады тыныштық пен амандықты». О, Құдай, осылай халқыңды Өзіңнің Ежелгі замандарда бастап жүрдің, Осы бір құдіретті істеріңмен Мәңгілік өшпейтін даңққа кенелдің.
15. Уа, Жаратқан Иеміз, енді көктен, Қасиетті, салтанатты мекеніңнен, Қайтадан бізге назар аудара гөр! Өз қайрат-жігерің мен құдіретің, Зор жанашырлығың мен қайырымың Қазіргі уақытта қайда екен? Неге рақымыңды аяйсың бізден?
16. Себебі Сен рухани Әкемізсің, Түпкі аталарымыз Ыбырайым Мен Исраил бізді танымайды екен, Ал Сен, Жаратқан Ие, бізге Әкесің, Ежелден-ақ мынау болды өз есімің: «Құтқарып алған Қамқоршымыз біздің».
17. Уа, Жаратқан Ие, бізге неліктен Жолыңнан тайып кетуге жол бердің? Неге жүрегіміздің қасарысып, Өзіңді сыйламауына жол бердің? Қайтып келе гөр қызметшілеріңнің, Меншікті руларыңның, мүддесі үшін!
18. Сенің халқың біраз уақытқа ғана Ие болды қасиетті орныңа. Енді жауымыз ғибадатханаңды Тас-талқан етіп, таптап тастады.
19. Біз Өзің арнайы билік құрмаған, Сенің атыңмен еш те атамаған Бөтен халықтардай болып кеттік содан! (Сен неге жол беріп келесің бұған?)
About Ишая Chapter 63
Read Ишая Chapter 63 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Ишая
Chapter: 63
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Ишая. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Ишая Chapter 63 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Ишая Chapter 63?
Ишая Chapter 63 is part of the Book of Ишая in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Ишая Chapter 63 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from ишая
- Ишая Chapter 50
- Ишая Chapter 47
- Ишая Chapter 38
- Ишая Chapter 34
- Ишая Chapter 5
- Ишая Chapter 46
- Ишая Chapter 3