Нақыл сөздер Chapter 16

For English

Read Нақыл сөздер Chapter 16 Online

Read Нақыл сөздер Chapter 16 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Нақыл сөздер 16

Тарау 16

1. Адам жүрегінде жоспар құрар, Ал соның жауабы Жаратқаннан болар.

2. Адамға күллі істері жөн іспетті, Ал Жаратқан Ие тексереді ой-ниетті.

3. Жаратушыға сеніп тапсыр бар ісіңді, Сонда құрған жоспарың болар өнімді.

4. Жаратқан Ие бәрін де өз мақсатына сай жасар, Арамзаны Ол апатты күнге қалдырар.

5. Жаратқан Иеге жексұрын — жүрегі паңдар, Шүбә жоқ, жазасыз қалмайды олар.

6. Рақыммен және шындықпен күнәлар кешірілер, Жаратқанды шын қастерлейтін күнәдан аулақ жүрер.

7. Адамның жолы Жаратқанға ұнаса, Тату қылар соның жауларын да.

8. Ағыл-тегіл арам кірістен гөрі, Аз болса да адал пайда игі.

9. Жүрер жолын адам жүрегінде жоспарлар, Ал оның қадамдарын Жаратқан Ие бағыттар.

10. Патшаның сөзі Тәңірдің шешімі іспетті, Ол әділ билік айтуға тиісті.

11. Адал таразы — Тәңір Иенің талабы, Өлшеуіш тастарға Ол назар аударады.

12. Патшаға зұлымдық жексұрын болар, Әділдік оның тағын нығайтар.

13. Адал тілді патша жақтырар, Ақиқат айтқанды ол ұнатар.

14. Патшаның қаһары — ажалдың жаршысы, Ал ақылды жан оның қаһарын басады.

15. Патшаның жылы жүзі жігерлендірер, Ризашылығы көктемгі жаңбырдай сергітер.

16. Даналық иемденгенің алтыннан да құнды, Естілік иемденгенің саф күмістен тиімді.

17. Әділдің ақ жолы зұлымдықтан алшақтатар, Жолына қырағы жан өмірін аман сақтар.

18. Менмендік — күйреудің басы, Асқақтық — құлаудың алды.

19. Асқақпен олжа бөліскенше, Кедеймен кішіпейіл болған артық.

20. Ақылмен еңбек еткен игілік табар, Жаратқанға сенім артқан бақытты болар.

21. Жүрегі дананы зерделі дер, Ұнамды тіл әсерлі тәлім берер.

22. Ақылдыға естілік — өмір бұлағы, Ақылсызға ақымақтық — тартар жазасы.

23. Дананың ақылы сөзін де дана қылар, Ол аузынан тәлімді сөз шығарар.

24. Ұнамды сөз балдай тәтті, Жаныңа жағымды, тәніңе шипалы.

25. Адамға түзу болып көрінген жолдар да бар, Ақырында олар ажалға бастап апарар.

26. Тәбеті жұмысшыға жұмыс істетер, Аштығы оған еңбек еткізер.

27. Сұрқия адам зұлымдық ойлайды, Айтқан сөзі жалындай жалмайды.

28. Арамза араздық туғызар, Өсекші достарды айырар.

29. Зорлықшыл адам жолдасын аздырар, Еліктіріп оны теріс жолға салар.

30. Көзін сығырайтатын сұмдық ойластырар, Ернін жымқыратын зұлымдық дайындар.

31. Ағарған шаш — салтанатты тәж, Ақ жолмен жүрген соған қол жеткізер.

32. Қуатты жасақшыдан сабырлы жан артық, Қаланы басып алғаннан ұстамды жан артық.

33. Лақтырған жеребең алдыңа түсер, Оның шешімін Жаратқан Ие берер.

About Нақыл сөздер Chapter 16

Read Нақыл сөздер Chapter 16 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Нақыл сөздер
Chapter: 16
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Нақыл сөздер Chapter 16 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Нақыл сөздер Chapter 16?

Нақыл сөздер Chapter 16 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 16 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 19
  6. Ешуа Chapter 12
  7. Ешуа Chapter 6

Explore More from нақыл-сөздер

  1. Нақыл сөздер Chapter 27
  2. Нақыл сөздер Chapter 23
  3. Нақыл сөздер Chapter 5
  4. Нақыл сөздер Chapter 29
  5. Нақыл сөздер Chapter 11
  6. Нақыл сөздер Chapter 21
  7. Нақыл сөздер Chapter 17

Related Chapters & Readings

  1. Билер Chapter 7
  2. Жаратылыстың бастауы Chapter 46
  3. Нақыл сөздер Chapter 6
  4. Руларды санау Chapter 6
  5. Ишая Chapter 45
  6. Жаратылыстың бастауы Chapter 8
  7. Шежірелер 1-ж Chapter 17
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *