Нақыл сөздер Chapter 19

For English

Read Нақыл сөздер Chapter 19 Online

Read Нақыл сөздер Chapter 19 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Нақыл сөздер 19

Тарау 19

1. Жалған тілді наданнан гөрі Адал жүрген жарлы игі.

2. Білімсіз құлшыныс жаман болар, Тым асыққан жолдан таяр.

3. Өз ақымақтығы адамның жолын бұзар, Ал жүрегінде ол Жаратқанға ашуланар.

4. Байлық «достарды» молайтар, Кедей бар досынан да айырылар.

5. Жалған куә жазасыз қалмас, Өтірік айтқыш құтыла алмас.

6. Мырзаға жағынуға көп жұрт әуес, Сый-тарту берушімен барлығы да «дос».

7. Бар туысы кедей жанды жек көрер, Ал достары солардан бетер одан безер, Сөйлессем деп талпынғаны болар бекер.

8. Парасатқа иемденуші өз жанын ұнатар, Естілікке мән беруші игілік табар.

9. Жалған куә жазасыз қалмас, Өтірік айтқыш тірі қалмас.

10. Наданға салтанатты өмір сүру жараспас, Малайға бастықтарды билеу одан бетер жараспас.

11. Даналығы адамға сабыр сыйлар, Қатені кешіру оған құрмет болар.

12. Патшаның ашуы — ақырған арыстандай, Ал ризалығы — шөптің ғанибет шығындай.

13. Ақылсыз бала әкесінің күйреуі болар, Ұрысқақ әйел аққан тамшыдай жүйкені жұқартар.

14. Үй мен мал-мүлкің — мұраң әке-шешеңнен, Ал ақылды әйелің — сыйың Жаратқан Иеңнен.

15. Жалқауды ұйқы басар, Енжардың қарны ашар.

16. Өсиетті сақтаған өмірін сақтар, Жолына ден қоймаған ажалға ұшырар.

17. Жарлыны қамқорлаған — Жаратқанға қарыз бергені, Игі ісінің сауабын Жаратқан қайтып береді.

18. Балаңды жөнге сал үміт барда, Өмірінің күйреуіне кінәлі болма.

19. Ашушаң жан лайықты жазасын тартсын, Аясаң, тағы жазалауға мәжбүр боларсың.

20. Ақылды тыңдап, нақылға бағын, Алдағы кезде дана боларсың.

21. Жүрегінде адам көптеген жоспар құрар, Ал Жаратқанның ұйғарымы жүзеге асар.

22. Адамның ұнамдылығы — берік мейірімі, Өтірікшіден гөрі жарлы болғаны игі.

23. Жаратқанды қастерлеу шын өмірге бастар, Жаныңа тыныштық сыйлап, пәледен қорғар.

24. Жалқау қолын табаққа салар, Ал аузына апаруға жалығар.

25. Мазақшылды жазаласаң, аңғырт жан да ұғынар, Естіге тек ескертсең, ол содан сабақ алар.

26. Әкесін тонап, шешесін қуған ұл — Ар-ұждансыз, жексұрын бұл.

27. Балам, тәлімді тыңдауды тоқтатқаның — Білімді сөзден бас тартқаның.

28. Жалған куәгер әділ сотты мазақтар, Зұлымдар аузымен жамандықты жалмар.

29. Мазақшыл адамға үкімі даяр, Қыңыр ақымаққа жазасы даяр.

About Нақыл сөздер Chapter 19

Read Нақыл сөздер Chapter 19 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Нақыл сөздер
Chapter: 19
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Нақыл сөздер Chapter 19 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Нақыл сөздер Chapter 19?

Нақыл сөздер Chapter 19 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 19 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from нақыл-сөздер

  1. Нақыл сөздер Chapter 23
  2. Нақыл сөздер Chapter 13
  3. Нақыл сөздер Chapter 6
  4. Нақыл сөздер Chapter 25
  5. Нақыл сөздер Chapter 2
  6. Нақыл сөздер Chapter 12
  7. Нақыл сөздер Chapter 22

Related Chapters & Readings

  1. Ишая Chapter 53
  2. Ишая Chapter 58
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 22
  4. Ишая Chapter 52
  5. Жаратылыстың бастауы Chapter 17
  6. Ишая Chapter 51
  7. Забур жырлары Chapter 125
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *