Нақыл сөздер Chapter 1

For English

Read Нақыл сөздер Chapter 1 Online

Read Нақыл сөздер Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Нақыл сөздер 1

Тарау 1

1. Бұл жазбада Исраилдің патшасы Дәуіт ұлы Сүлейменнің нақыл сөздері берілген.

2. Нақыл сөздердің мақсаты мынау: Даналық пен тағылымды білдіріп, Парасатты сөздерді ұғындыру,

3. Әділдік, дұрыс іс, ақ ниетке бағыттап, Тәрбиелі, саналы өмірді иеленту,

4. Ақылы толмағанға ақыл беріп, Жастарға білім, саналылық сыйлау.

5. Саналы жан тыңдап, ақыл-кеңес табады, Дана жан біліміне білім қосады,

6. Осылай нақыл да астарлы сөздерді, Данышпан адамдар айтып кеткендерді Һәм олардың жұмбақтарын түсінеді.

7. Білімнің бастауы — Жаратқан Иені Терең қастерлеп, Оған мойынсұну. Ал Құдайдан безген надандар болса, Елемейді даналық пен тәрбиені.

8. Балам, әкеңнің тәрбиесін тыңда, Шешең берген тәлімнен де бас тартпа!

9. Олар басыңдағы тәждей тамаша, Мойныңдағы моншақтай ұнамды да.

10. Балам, күнәкарлар еліктіргенде Айтқандарына сен ешқашан көнбе,

11. Олар сені шақырып былай десе: «Кәнеки, кеттік, біреуді аңдиық! Сол бір айыпсыздың жолын ториық, Аңдаусызда бас салып, қанын төгейік!

12. Сондайларды тып-типыл тонайық, Көрге түсіргендей түгел бітірейік.

13. Алуан асыл заттарға ие боламыз, Үйлерімізді олжаға толтырамыз.

14. Тәуекелге бізбен бірге бел байла, Бар байлығымыз ортақ болады сонда!»

15. Балам, мұндайлармен бірге жолға шықпа, Олардың жолдарына мүлдем жолама!

16. Қылмыс жасауға олар құлшынады, Қан төгуге асыға құмартады.

17. Ал тор құру құстардың көз алдында Құр бекер, пайдасыз іс болмай ма?

18. Сол адамдар өз жандарын аңдиды, Өздеріне тор құрып, соңында құриды!

19. Арам табысқа құмардың тағдыры сол: Дүниеқор иесін жалмайды ол.

20. Даналық көшелерде шақырады, Алаңдарда дауыстап жар салады,

21. Жұрт жиналған жерлерде даусы шығады, Қала қақпасы алдында уағыз айтады:

22. «Аңғалдар, қашанғы аңғалдықты сүйесіңдер, Мазақшылдар, қашанғы мазақтай бересіңдер, Ақымақтар, қашанғы білімді жек көресіңдер?

23. Кәне, менің тәрбиеме құлақ түріңдер! Сонда сендерге рухымды молынан төгемін, Айтатын сөздерімді түгел білдіремін.

24. Бірақ шақырсам да, тыңдаудан бас тарттыңдар, Құшағымды жайсам да, назар аудармадыңдар,

25. Ақыл-кеңесіме мүлдем ден қоймадыңдар, Ескертулерімді де қабылдамадыңдар!

26. Сол үшін қиналған кездеріңде күлемін, Үрейлерің ұшқанда келеке етемін.

27. Қорқыныш сұрапыл дауылдай соққанда, Зобалаң бастарыңа құйындай туғанда, Қайғыға ұшырап сендер тарыққанда.

28. Сонда естімеймін мұндайлар шақырғанмен, Мені таппайды шарқ ұрып іздегенмен,

29. Өйткені олар білімді жек көрген, Жаратқанды қастерлегілері келмеген,

30. Ақыл-кеңесімнен менің безіп кеткен, Бар ескертулерімді менсінбей жүрген.

31. Сондықтан олар істерінің жемісін жейді, Өз қулық-сұмдықтарына «кенеледі».

32. Аңғырттың қыңырлығы өзін күйретеді, Аңғалдың бейқамдығы өз түбіне жетеді.

33. Ал мені тыңдаған қауіпсіз тұрады, Еш пәледен қорықпай, алаңсыз болады».

About Нақыл сөздер Chapter 1

Read Нақыл сөздер Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Нақыл сөздер
Chapter: 1
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Нақыл сөздер Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Нақыл сөздер Chapter 1?

Нақыл сөздер Chapter 1 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from нақыл-сөздер

  1. Нақыл сөздер Chapter 30
  2. Нақыл сөздер Chapter 13
  3. Нақыл сөздер Chapter 21
  4. Нақыл сөздер Chapter 19
  5. Нақыл сөздер Chapter 12
  6. Нақыл сөздер Chapter 6
  7. Нақыл сөздер Chapter 23

Related Chapters & Readings

  1. Заңды қайталау Chapter 13
  2. Матай Chapter 16
  3. Патшалықтар 3-ж Chapter 15
  4. Естер Chapter 9
  5. Забур жырлары Chapter 132
  6. Аян Chapter 17
  7. Еврейлерге Chapter 10
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *