Нақыл сөздер Chapter 14

For English

Read Нақыл сөздер Chapter 14 Online

Read Нақыл сөздер Chapter 14 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Нақыл сөздер 14

Тарау 14

1. Ақылды әйел үйін өркендетер, Ақылсыз әйел үйін өз қолымен күйретер.

2. Тура жолмен жүрген Жаратқанды қастерлейді, Қисық жолға түскен Оны менсінбейді.

3. Ақымақ паң сөздері үшін жазаланар, Ақылдының сөздері өзін аман сақтар.

4. Өгізі жоқтың қорасы таза тұрар, Ал өгіздің күшінен пайда мол болар.

5. Адал куәгер өтірік айтпас, Жалған куәгер өтірігін доғармас.

6. Мысқылшыл даналықты іздеп таппас, Зерделіге білім жинау қиын болмас.

7. Аулақ жүр ақымақтың қасынан, Ақылды сөз шықпас оның аузынан.

8. Естінің даналығы — өз жолын ұғынуы, Ессіздің надандығы — алданып адасуы.

9. Надандар күнәні күлкі қылар, Ал әділдер арасында ізгілік орнар.

10. Өз қайғысы әркімнің өзіне аян, Қуанышын да бөлісе алмас бөтен жан.

11. Қылмыстының үйі құрып кетер, Әділдің мекені гүлденіп өркендер.

12. Адамға түзу болып көрінген жолдар да бар, Ақырында олар ажалға бастап апарар.

13. Күлгенде кейде жүрегің сыздар, Қуаныш кейде қайғымен аяқталар.

14. Опасыз адам тиісті жазасын тартар, Ал ізгі жан лайықты сыйын алар.

15. Аңғал кез келген сөзге нанар, Есті жан қадамын байқап басар.

16. Ақылды абай болып, пәледен безер, Ақылсыз өркөкірек, бейқам келер.

17. Ашушаң мінезді ақымақтық жасар, Арамдық ойлаушы жексұрын болар.

18. Ақымақтық — аңғалдың алар үлесі, Білімділік — дананың алар тәжі.

19. Жақсының алдында зұлым басын иер, Әділдің қақпасында арамза тізесін бүгер.

20. Кедейге өз жақыны да менсінбей қарар, Ал байға доссымақтар көп болар.

21. Жақынын жек көрген күнә жасар, Жарлыға игілік еткен жарылқанар.

22. Зұлымдық ойлаған жолдан адасып кетер, Игілік ойлаған мейірім мен адалдық көрер.

23. Әр бейнеттің зейнеті бар, Бос сөзден тек жоқшылық шығар.

24. Дананың алар тәжі — байлық, Наданның алар үлесі — ақымақтық.

25. Адал куәгер адам жанын сақтар, Жалған куәгер көпті алдар.

26. Жаратқанды шын қастерлеу — берік сүйеніш, Әрі келер ұрпақ та бас сауғалар қорғаныш.

27. Жаратқанды шын қастерлеу — өмірдің бұлағы, Ол ажалдың торынан адамды алшақтатады.

28. Патшаның ұлылығы — халқының молдығында, Ал бақытсыздығы — соның аздығында.

29. Түсінігі мол — ұстамды жанның, Ақымақтығы аян — ашушаңның.

30. Жан тыныштығы ғұмырды ұзартар, Ал қызғаныш денеге жара салар.

31. Жарлыны қанаған — Жаратушысын менсінбеген, Жарлыны қамқорлаған — Жаратушысын қастерлеген.

32. Арамза өз күнәсінен опат болар, Ал әділдің өлерде де үміті бар.

33. Даналық зерделінің жүрегіне орнығар, Аңғалдардың арасынан да өзін танытар.

34. Әділдігі халықтың дәрежесін көтерер, Ал заңсыздығы халықты масқара етер.

35. Парасатты нөкері патшаға жағар, Масқара болғаны ашуын туғызар.

About Нақыл сөздер Chapter 14

Read Нақыл сөздер Chapter 14 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Нақыл сөздер
Chapter: 14
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Нақыл сөздер Chapter 14 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Нақыл сөздер Chapter 14?

Нақыл сөздер Chapter 14 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 14 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 12
  4. Ешуа Chapter 6
  5. Ешуа Chapter 4
  6. Ешуа Chapter 3
  7. Ешуа Chapter 8

Explore More from нақыл-сөздер

  1. Нақыл сөздер Chapter 21
  2. Нақыл сөздер Chapter 17
  3. Нақыл сөздер Chapter 9
  4. Нақыл сөздер Chapter 10
  5. Нақыл сөздер Chapter 24
  6. Нақыл сөздер Chapter 20
  7. Нақыл сөздер Chapter 23

Related Chapters & Readings

  1. Жохан Chapter 11
  2. Еремия Chapter 41
  3. Шежірелер 2-ж Chapter 36
  4. Лұқа Chapter 17
  5. Езекиел Chapter 17
  6. Забур жырлары Chapter 6
  7. Забур жырлары Chapter 43
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *