Read Әйүп Chapter 40 Online
Read Әйүп Chapter 40 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Әйүп 40
Тарау 40
1. Жаратқан Ие құйын ішінен Әйүпке тағы да тіл қатып былай деді:
2. — Беліңді нағыз ердей буып, дайын тұр! Мен саған сұрақ қояйын, ал сен түсіндіріп берші!
3. Менің әділдігіме күмән келтірмексің бе? Өзіңді ақтау үшін Мені қараламақсың ба?!
4. Сенде Құдайдың құдіретіндей құдірет бар ма? Даусыңды Ол сияқты күркірете аласың ба?
5. Ендеше ұлылық, даңқпен әшекейленіп, салтанат, абыройға бөленші!
6. Қаһарыңды төгіп, тәкаппар атаулыға көз салып, оларды жуасытып көр.
7. Барлық өркөкіректерге назарыңды бағыштап, оларды төмендетші, зұлымдарды тұрған жерлерінде табаныңмен тапташы.
8. Олардың бәрін топыраққа көміп, кебінге орап, жүздерін жауып көр.
9. Сонда сенің өз құдіретіңмен құтқарылғаныңды Мен де мойындайын.
10. Мен өзіңді жаратқанымдай жаратқан сусиырға көз салшы. Ол өгіз сияқты шөп жейді.
11. Оның белінің қуаты, құрсағындағы бұлшық еттерінің күші қандай!
12. Сол хайуан самырсын секілді мықты құйрығын шайқалтады, жамбасындағы сіңірлері бір-бірімен берік матасқан.
13. Аяқтары қола құбырдай, сүйектері темір бағанадай.
14. Сусиыр Құдай жаратқан мақұлықтардың ішіндегі ғаламаты, ал оның Жаратушысы оған айбат көрсете алады.
15. Қыраттар оған азық ұсынады, даланың аңдары да сол жерде ойнақтайды.
16. Сусиыр лотос бұталарының астында, мибатпақтағы қамыстың арасында тасаланып жатады.
17. Лотос жапырақтары оны көлеңкесімен жауып, өзен бойындағы талдар оны қоршап тұрады.
18. Өзен астан-кестен болса да, сусиыр абыржымайды. Иорданның тасыған толқындары аузына соғылса да, ол тыныш болады.
19. Оны байқатпай ұстап алып, танауын тесіп, оған мұрындық сала алатын біреу бар ма?
20. Әлде қолтырауынды қармақпен ұстап, тілін жіппен байлап-матауды оңай деп ойлайсың ба?
21. Сол зор аңның танауынан жіп өткізіп, жағына қармақ таға аласың ба?
22. Ол сенен рақым етуіңді жалына өтініп, саған жылы сөйлейтін бола ма?
23. Әлде саған жалдануға келісіп, сен оны өмірлік құлың ете аласың ба?
24. Қолтырауынды кішкене құс іспетті үй жануарың етіп, қыздарыңның онымен ойнауы үшін жіппен байлай аласың ба?
25. Сатып алушылар ол үшін саудаласа ма? Саудагерлер оны өзара бөлісіп ала ма?
26. Оның терісіне қармақтар, басына найза шаншып қоя аласың ба?
27. Қолыңды оған тигізіп көрші, кейін онымен күресу туралы ойдың өзінен қашатын боласың.
About Әйүп Chapter 40
Read Әйүп Chapter 40 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Әйүп
Chapter: 40
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Әйүп Chapter 40 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Әйүп Chapter 40?
Әйүп Chapter 40 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 40 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from әйүп
- Әйүп Chapter 12
- Әйүп Chapter 10
- Әйүп Chapter 17
- Әйүп Chapter 2
- Әйүп Chapter 33
- Әйүп Chapter 16
- Әйүп Chapter 42
Explore More from Ескі өсиет
- Еремия Chapter 11
- Забур жырлары Chapter 37
- Патшалықтар 3-ж Chapter 10
- Амос Chapter 8
- Езекиел Chapter 27
- Әйүп Chapter 17
- Нехемия Chapter 6