Амос Chapter 8

For English

Read Амос Chapter 8 Online

Read Амос Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Амос in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Амос and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Амос 8

Тарау 8

1. Жаратушы Тәңір Ие маған тағы бір көріністі көрсетті. Сонда мен піскен жемістер салынған себетті көрдім.

2. Ол менен: — Не көріп тұрсың, Амос? — деп сұрады. — Піскен жеміс салынған себетті, — деп жауап бердім. Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: — Өз халқым Исраилдің де пісіп, жиналып, сотталатын уақыты жетті. Бұдан былай Мен олардың күнәларына шыдамдылық көрсетпеймін!

3. Сол күні ғибадатханадағы қуанышты ән-жырлар зарлаумен алмасады. Адам өлігі көп болып, оларды әр жерден жинап, қаладан шығарып тастайды. Бәрі де үн-түнсіз болмақ! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.

4. Әй, мұқтаждарды аяқасты қылатын, елдің жарлыларын құртатын сендер, мынаны тыңдаңдар:

5. Сендер іштей былай дейсіңдер: «Айдың алғашқы күні қашан өтер екен? Сонда бидай сатамыз. Демалыс күні қашан бітер екен? Сонда астықты базарға шығарамыз! Бидай өлшеп салатын ыдысымызды кішірек, күміс өлшейтін кір тастарымызды ауырырақ қылып, таразыдан да жейміз.

6. Кедейлерді күміске, мұқтаждарды бір жұп аяқкиімге сатып аламыз. Салмағын ауырлату үшін астықты кебегімен қоса сатамыз!»

7. Ал Жаратқан Ие «Жақып мақтан тұтқан (Құдай)» деген Өзінің атымен былай деп ант береді: «Мен сол істерінің бірін де есімнен шығармаймын!

8. Осыларың үшін бүкіл ел шайқалып, оның тұрғындары қайғыға батпай ма? Расында жер Мысырдың Ніл өзеніндей көтеріліп әрі тасып, сосын қайтадан басылып, төмендейтін болады».

9. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Сол кезде Мен күнді тал түсте бататын қылып, жерді күндіз қараңғылыққа бөлеймін!

10. Көңілді мейрамдарыңды қайғыру уақытымен, әрі қуанышты әндеріңді жоқтаумен алмастырамын. Сендерге азалы киім киіндіріп, қайғыдан шаштарыңды тақырлап алып тастатамын. Бұл жалғыз ұлдың өліміне жоқтау айтқанға ұқсайды. Иә, оның ақыры өте ащы болады!»

11. Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Біліп қойыңдар! Мен не нанды аңсайтын аштықты, не суды аңсайтын шөлді де емес, Менің, Жаратқан Иенің, сөзін естуге деген аштық пен шөлді жіберетін уақытым келе жатыр!

12. Сонда адамдар теңізден теңізге әрі солтүстіктен шығысқа қарай шарлап кезіп, Жаратқан Иенің сөзін сарсыла іздейтін болады. Бірақ оны таба алмайды.

13. Сол кезде көрікті бойжеткендер мен мықты жігіттер шөлден әлсірейтін болады.

14. Самарияның масқара тәңірсымағымен ант ішіп, «Сенің тәңіріңмен ант етемін, уа, Дан!» немесе «Сенің тәңіріңмен ант етемін, уа, Бер-Шеба!» дейтіндер құлап, енді қайтып тұра алмайды».

About Амос Chapter 8

Read Амос Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Амос in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Амос
Chapter: 8
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Амос. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Амос Chapter 8 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Амос Chapter 8?

Амос Chapter 8 is part of the Book of Амос in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Амос Chapter 8 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from амос

  1. Амос Chapter 8
  2. Амос Chapter 4
  3. Амос Chapter 1
  4. Амос Chapter 3
  5. Амос Chapter 9
  6. Амос Chapter 2
  7. Амос Chapter 7

Explore More from Ескі өсиет

  1. Уағыздаушы Chapter 2
  2. Патшалықтар 3-ж Chapter 1
  3. Еремия Chapter 8
  4. Шежірелер 2-ж Chapter 21
  5. Даниял Chapter 9
  6. Еремия Chapter 13
  7. Забур жырлары Chapter 142

Related Chapters & Readings

  1. Шежірелер 2-ж Chapter 31
  2. Забур жырлары Chapter 69
  3. Аян Chapter 21
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 26
  5. Леуіліктер Chapter 16
  6. Забур жырлары Chapter 94
  7. 2 Қорынттықтарга Chapter 8
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *