Әйүп Chapter 42

For English

Read Әйүп Chapter 42 Online

Read Әйүп Chapter 42 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 42

Тарау 42

1. Сонда Әйүп Жаратқан Иеге былай деп жауап берді:

2. — Сенің барлық нәрсені де істей алатыныңды енді білдім. Ешбір ниетіңді тоқтату мүмкін емес.

3. «Байыбына бармай сөйлеп, Менің данышпан шешімдеріме күмән келтіретін кім бұл өзі?!» — деп едің. Шынында да өзім түсінбейтін, білуіме тым керемет нәрселерді сөз қылыппын.

4. «Сен тыңда, Мен сөйлейін. Саған сұрақтар қояйын, ал сен түсіндіріп берші!» деген де едің.

5. Сен туралы бұрын өзгелерден естігенмін, ал енді Сені өз көкірек көзіммен көріп тұрмын.

6. Сондықтан бұрынғы айтқандарыма өкініп, қатты қайғырып күл-топырақта отырмын.

7. Жаратқан Ие Әйүпке арнаған сөздерін айтып болған соң, темандық Елипазға тіл қатып былай деді: «Мен өзіңе және осы екі досыңа қаһарланып отырмын, себебі сендер Өзім туралы қызметшім Әйүп сияқты дұрыс сөйлеген жоқсыңдар!

8. Сондықтан жеті жас бұқа мен жеті қошқарды қызметшім Әйүпке алып барып, оларды өздерің үшін түгелдей өртелетін құрбандыққа шалыңдар. Қызметшім Әйүп сендер үшін сиынады. Сонда Мен оның мінажатын қабылдаймын, әрі сендерге надан сөздеріңе бола тиісті жазаларыңды тартқызбаймын. Өйткені сендер Өзім туралы қызметшім Әйүп сияқты дұрыс сөйлеген жоқсыңдар».

9. Сонда үшеуі — темандық Елипаз, шуахтық Билдад және нағамалық Сопар Жаратқан Иенің айтқанын орындады. Әйүптің олар үшін еткен мінажатын Жаратқан Ие қабылдады.

10. Әйүп достары үшін сиынғаннан кейін, Жаратқан Ие оның хал-жағдайын қайтадан қалпына келтірді. Тіпті оған мал-мүлікті бұрынғысынан екі есе мол қылып берді.

11. Әйүптің аға-інілері, апа-қарындастары және таныс-жақындарының бәрі үйіне келіп, дәм татып қонақ болды. Олардың барлығы Жаратқан Иенің Әйүптің басына салған азабы мен қиындығы үшін оған жұбаныш айтып, әрқайсысы бір-бір күміс теңге мен алтын жүзіктен сыйлады.

12. Жаратқан Ие Әйүптің өмірінің соңғы кезеңін алдыңғысынан бетер молынан жарылқады. Оның енді он төрт мың қой-ешкісі, алты мың түйесі, бір мың жұп өгізі мен бір мың есегі болды.

13. Әйүп тағы да жеті ұл мен үш қызға әке болды.

14. Бірінші қызына Емима, екіншісіне Кесия, үшіншісіне Керен-Хапух деген ат қойды.

15. Бүкіл елде Әйүптің қыздарындай сұлу әйел заты болмады. Әйүп оларға еншіні аға-інілерінікімен бірдей етіп бөліп берді.

16. Бұдан кейін Әйүп тағы жүз қырық жыл өмір сүріп, шөбере-шөпшектерінің қызығын көрді.

17. Осылай Әйүп мағыналы өмір сүріп, жасы ұлғайған шағында дүниеден өтті.

About Әйүп Chapter 42

Read Әйүп Chapter 42 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 42
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 42 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 42?

Әйүп Chapter 42 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 42 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 12
  2. Әйүп Chapter 10
  3. Әйүп Chapter 17
  4. Әйүп Chapter 2
  5. Әйүп Chapter 41
  6. Әйүп Chapter 33
  7. Әйүп Chapter 16

Explore More from Ескі өсиет

  1. Шежірелер 1-ж Chapter 26
  2. Әйүп Chapter 37
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 18
  4. Амос Chapter 6
  5. Жаратылыстың бастауы Chapter 26
  6. Мысырдан шығу Chapter 7
  7. Нақыл сөздер Chapter 20

Related Chapters & Readings

  1. Әйүп Chapter 6
  2. Патшалықтар 4-ж Chapter 1
  3. Шежірелер 1-ж Chapter 24
  4. Забур жырлары Chapter 27
  5. Римдіктерге Chapter 9
  6. Патшалықтар 2-ж Chapter 9
  7. Забур жырлары Chapter 125
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *