Руларды санау Chapter 27

For English

Read Руларды санау Chapter 27 Online

Read Руларды санау Chapter 27 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Руларды санау and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Руларды санау 27

Тарау 27

1. Бір күні Салопахадтың қыздары: Махла, Ноға, Хоғла, Мылқа, Тирса жамағаттың алдына шықты. Олардың әкесі Салопаход Хефердің ұлы, Ғилахадтың немересі, Махырдың шөбересі еді, ол Жүсіптің ұлы Манасаның руына жататын.

2. Осы қыздар кездесу шатырының кіреберісінің маңына Мұсаның, діни қызметкер Елазардың, жетекшілердің және бүкіл жамағаттың алдына шығып, былай деп өтініш жасады:

3. «Әкеміз иен далада көз жұмған еді. Соңынан ұл қалмады. Ол Жаратқан Иеге қарсы шыққан Қорахтың сыбайластар тобына қосылған жоқ, (өзге пенделер іспетті) өз күнәсі үшін өлді.

4. Артынан қалған ұлы жоқ болғандықтан, әкеміздің аты өз әулетінен өшіп қалуға тиіс пе? Сол себептен бізге әкеміздің ағайындарының арасынан мұралық жер үлестіріп берсеңіз екен».

5. Сонда Мұса олардың даулы мәселесін Жаратқан Иенің алдына жеткізді.

6. Жаратқан Иенің Мұсаға берген жауабы мынау болды:

7. «Салопахадтың қыздары дұрыс айтады. Оларға әкесінің ағайындарының арасынан, сөзсіз, мұралық жер үлестіріп беруің керек. Әкелеріне тиесілі мұралық жерін қыздарына табыста.

8. Исраилдіктерге мынаны айт: егер біреу артынан ұл қалдырмай қайтыс болса, онда оның мұралық жерін қызына табыстаңдар.

9. Егер қызы да болмаса, онда мұралық жерін туған ағайындарына беріңдер.

10. Егер туған аға-інісі де болмаса, онда мұралық жерді қайтыс болған адамның әкесінің туған ағайындарына табыстаңдар.

11. Ал егер әкесінің туған аға-інісі де болмаса, онда мұралық жерді марқұмның әулетінің ішіндегі ең жақынының иелігіне беріңдер». Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай, бұл шешім исраилдіктерге арналған ереже болуға тиіс.

12. Содан соң Жаратқан Ие тіл қатып Мұсаға былай деді: «Абарим қыратындағы мына таудың басына шық. Мен исраилдіктерге табыстағалы тұрған елге көз таста.

13. Соны көргеннен кейін ағаң Һарон сияқты сен де ата-бабаларыңның қасына жөнелесің.

14. Себебі қауым Сін атты елсіз далада Маған қарсы бас көтергенде, екеуің де Менің бұйрығыма бағынбай, жартастан су аққызған кезімде олардың алдында Мені қастерлеп, киелілігімді көрсетпедіңдер». — Бұл оқиға Сін даласындағы Қадештің маңындағы Меріба суының қасында болды.

15. Мұса Жаратқан Иеге былай деп жауап берді:

16. «Жаны бар күллі адамзаттың Құдайы — Жаратқан Ие осы қауымның үстінен біреуді жетекшілікке тағайындасын.

17. Сол кісі оларды бастап алып жүреді. Осылайша Жаратқан Иенің қауымы бағушысы жоқ бір отар қой сияқты болмайды. —

18. Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді: — Бойында Менің Рухым бар адам — Нұн ұлы Ешуаны қасыңа ал да, оның үстіне қолыңды қойып бата бер.

19. Ешуаны діни қызметкер Елазардың және бүкіл жамағаттың алдына тұрғызып, олардың көз алдында оған міндетін өсиеттеп тапсыр.

20. Өзіңнің билігіңнің біразын Ешуаға табыста! Осылай Исраилдің үрім-бұтағының бүкіл қауымы оған бағынатын болсын.

21. Ешуа Менің, Жаратқан Иенің, еркін білу үшін діни қызметкер Елазардың алдында тұрсын. Елазар «Нұр және Кемелділік» деген қасиетті жеребелер арқылы Жаратқан Иенің алдында Оның шешімін анықтасын. Соның білдіргенімен Ешуа және барлық исраилдіктер ел қонысынан аттанып, оған қайта оралатын болсын».

22. Мұса Жаратқан Иенің берген бұйрығын орындап, Ешуаны діни қызметкер Елазар мен бүкіл жамағаттың алдында тұрғызды.

23. Содан ол Ешуаның үстіне қолын қойып бата беріп, оған міндетін өсиеттеп тапсырды. Бұның бәрі Жаратқан Иенің Мұса арқылы білдірген еркі бойынша істелінді.

About Руларды санау Chapter 27

Read Руларды санау Chapter 27 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Руларды санау
Chapter: 27
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Руларды санау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Руларды санау Chapter 27 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Руларды санау Chapter 27?

Руларды санау Chapter 27 is part of the Book of Руларды санау in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Руларды санау Chapter 27 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from руларды санау

  1. Руларды санау Chapter 14
  2. Руларды санау Chapter 23
  3. Руларды санау Chapter 17
  4. Руларды санау Chapter 34
  5. Руларды санау Chapter 30
  6. Руларды санау Chapter 33
  7. Руларды санау Chapter 35

Related Chapters & Readings

  1. Заңды қайталау Chapter 11
  2. Даниял Chapter 2
  3. Забур жырлары Chapter 40
  4. Жаратылыстың бастауы Chapter 46
  5. Әйүп Chapter 25
  6. 2 Петірдің Chapter 3
  7. Філіпіліктерге Chapter 1
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *