Read Әйүп Chapter 39 Online
Read Әйүп Chapter 39 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Әйүп 39
Тарау 39
1. Тау ешкілері қашан лақтайтынын білесің бе? Маралдың бұзаулағанына қарап тұратын ба едің?
2. Оның қанша ай буаз болып, қашан туатынын білесің бе?
3. Марал толғатып, төлін еңкейіп туады.
4. Төлі күшейіп, ашық далада өсіп-жетіледі. Кейін енесінен ажырап, оған қайтып келмейді.
5. Ал жабайы есекті еркіне қоя берген, құланды жүгенсіз бос жіберген кім?
6. Соларға мекені болсын деп айдаланы, тұрағы болсын деп сортаңды бергенмін.
7. Қаланың әбігерінен олар мүлдем аулақ, айдаушының айқайын да естімейді.
8. Қайта, олар қыраттарды шарлап, өздеріне әр түрлі шөп іздейді.
9. Керік саған қызмет етуге келісіп, мал қораңда түней ме?
10. Оны жүгендеп, соқаға жеге аласың ба? Ол соңыңнан еріп егіндігіңді тырмалай ма?
11. Керіктің зор күшіне сүйеніп, ауыр жұмысыңды оған істете аласың ба?
12. Астығыңды жинап, оны бастыратын қырманыңа алып келуді соған сеніп тапсырасың ба?
13. Түйеқұс қанаттарын құшырлана қақса да, ол ләйлектің қауырсыны мен мамығына жетпейді.
14. Түйеқұс жұмыртқаларын жерге қалдырып кетеді, ал топырақтың жылуы оларды жылытады.
15. Біреу соларды табандарымен таптап, бір жабайы аң аяқтарымен басып кетпей ме, сол туралы еш ойланбайды.
16. Осылай түйеқұс балапандарына өзінікі еместей қатыгез болып, «бейнетім зая кетеді-ау» деп те уайымдамайды.
17. Себебі Құдай оған сондай даналық дарытқан жоқ, ақыл-санадан үлес бөлген жоқ.
18. Бірақ егер қанат қағып шабатын болса, тұлпар мен шабандозды басып озып, күлкі қылады.
19. Тұлпарға оның қуатын сен беріп пе едің? Оның желкесіне жал бітірген сен бе едің?
20. Тұлпарды шегірткедей алысқа секіретін қылған кім? Оның пысқыруының өзінен жұрт шошынады.
21. Тұлпар өршелене тұяғымен жер тебініп, өз күшіне шаттанып, шайқасқа бас салады.
22. Ол қорқынышқа күле қарап, ештеңеден қаймықпайды, семсерден де именбейді.
23. Жауынгердің қорамсағы, жалтыраған найзасы мен алдаспаны атының бүйіріне соғылып сатырлайды.
24. Керней тартылғанда, тұлпар өзін ұстай алмай, аласұрған шабытпен шайқасқа бас салады.
25. Ол керней тартылған сайын кісінеп, алыстан шайқастың иісін сезеді, қолбасшылардың өктем дауыстары мен айқайларын естіп тұрады.
26. Сұңқардың самғап ұшатыны, қанаттарын оңтүстік желге қарай жаятыны сенің даналығыңның арқасы ма?
27. Күшіген заңғар биікке самғап, сол жерге ұясын сенің бұйрығыңмен сала ма?
28. Ол жартаста өмір сүріп, сонда түнейді, жартастың ұшар басы — оның қорғаны.
29. Сол жерден шығып, азық іздеп, олжасын алыстан-ақ көзі шалады.
30. Балапандары да қан сорып тамақтанады. Жемтік қайда болса, күшігендер сонда жиылар. —
31. Жаратқан Ие сөзін жалғастырып, Әйүпке былай деді:
32. — Әлі де құдіреті шексіз Тәңірдің үстінен шағым айтып, дауласпақсың ба? Мейлі, Құдайды айыптап келген енді өзі жауап берсін!
33. Сонда Әйүп Жаратқан Иеге жауап беріп былай деді:
34. — Мен бұған лайықты емеспін, Саған қалай жауап бермекпін? Аузымды қолыммен жауып аламын.
35. Бір-екі рет еркінсіп аузымды ашқанмын, енді қайтып тіс жармаймын.
About Әйүп Chapter 39
Read Әйүп Chapter 39 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Әйүп
Chapter: 39
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Әйүп Chapter 39 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Әйүп Chapter 39?
Әйүп Chapter 39 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 39 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from әйүп
- Әйүп Chapter 12
- Әйүп Chapter 33
- Әйүп Chapter 10
- Әйүп Chapter 2
- Әйүп Chapter 42
- Әйүп Chapter 26
- Әйүп Chapter 27
Explore More from Ескі өсиет
- Забур жырлары Chapter 55
- Софония Chapter 3
- Мысырдан шығу Chapter 16
- Забур жырлары Chapter 127
- Мысырдан шығу Chapter 31
- Ишая Chapter 50
- Патшалықтар 1-ж Chapter 4