Даниял Chapter 10

For English

Read Даниял Chapter 10 Online

Read Даниял Chapter 10 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Даниял in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Даниял and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Даниял 10

Тарау 10

1. Парсы патшасы Кирдің Бабылға билік құрған үшінші жылы Белшазар деп те аталған Даниялға Құдайдың хабары жетті. Осы шынайы хабар үлкен соғыс, ауыр кезең туралы болды. Даниял бір көрініс көріп, сол хабар туралы түсінік алып, мәнін ұқты.

2. Сол күндері мен, Даниял, үш апта бойы қайғырып,

3. дәмді тағамдардан, ет пен шараптан бас тарттым. Сонымен қатар толық үш апта бойы денеме иісмай жақпадым.

4. Бірінші айдың жиырма төрті күні үлкен дарияның, яғни Тигр өзенінің, жағасында тұр екенмін.

5. Басымды көтеріп қарсы алдыма көз салсам, ақ бәтестен киім киген, белін саф алтын белбеумен буған біреуді көрдім.

6. Оның денесі зүбәржат атты жылтыраған асыл тас сияқты, жүзі найзағайдың жарқылындай, көздері жалындаған алаулар іспетті, қол-аяғы жылтыратылған қоладай жалтырап тұрды. Ал даусы үлкен тобырдың даусындай гүрілдеді.

7. Сол көріністі жалғыз мен, Даниял, ғана көрдім. Қасымда болған адамдар оны көрген жоқ, бірақ олар зәрелері ұшып, қашып, тығылып қалды.

8. Осылай жалғыз қалған мен осы ұлы көріністен көз алмадым. Қатты әлсіреп, өңім құп-қу болып, дәрменсіз қалдым.

9. Мұнан кейін әлгі хабаршының сөйлеген даусын естідім. Естіген кезде мен есімнен танып, жерге етпеттей жата кеттім.

10. Бірақ бір қол денеме тиіп, мені дірілдеген күйімде төрттағандап тұрғызды.

11. Сол хабаршы былай деді: — Уа, Даниял, Құдайға өте ұнамды жан, айтатын сөздерімді мұқият тыңдап, ұғып ал! Мен саған жіберілдім, енді түрегел! — Ол осыны айтып жатқанда мен дірілдеп орнымнан тұрдым.

12. Содан соң ол сөзін жалғастырып былай деді: — Қорықпа, Даниял. Себебі сен сол мәселені түсінуге ұмтылып, Құдайыңа мойынсұнып сиына бастаған алғашқы күні-ақ мінажатың Құдайдың құлағына жеткен еді. Мен осында сол мінажатыңа бола келіп отырмын.

13. Ал парсы патшалығының рухани әміршісі маған жиырма бір күн бойы қарсы шығып, жолымды бөгеді. Сонда бас періштелердің бірі, Миқайл, маған көмекке келді. Себебі парсы патшасы мені жібермей бөгеп жатты.

14. Енді мен саған келешекте халқыңмен не болатынын түсіндіруге келдім. Сен көретін көрініс алдағы заманға қатысты.

15. Ол маған осыларды айтқан кезде мен басымды жерге дейін иіп, үнсіз қалдым.

16. Кенеттен адам баласына ұқсаған біреу ерніме саусағын тигізді. Сонда мен алдымда тұрған хабаршыға былай дей бастадым: — Мырзам, мен көрген көріністен қатты қиналып, әбден дәрменсіз болып қалдым.

17. Қалайша мен, жай пендеңіз, сізбен сөйлесе аламын, мырзам? Күш-қуаттан айырылып, демімді әзер алып тұрмын. —

18. Сонда адам баласына ұқсаған әлгі хабаршы маған тағы да саусағын тигізіп, күш-қуат дарытты да былай деді:

19. — Еш нәрседен қорықпа, Құдайға ұнамды жан! Аман-есен, күшті де батыл бол! — Ол маған осылай айтып тұрған кезде күш-қуатым артып, оған былай дедім: — Мырзам, сіз маған күш-қуат дарытқандықтан, айтпақ болғандарыңызды айта беріңіз! —

20. Оның жауабы мынау болды: — Менің өзіңе неге келгенімді білесің бе? Жуырда мен Персияның рухани әміршісімен күресуге қайтып барамын. Мен кеткеннен кейін Грекияның рухани әміршісі де келетін болады.

21. Бірақ алдымен мен саған «Ақиқат кітабында» не жазылғанын айтып беремін. Сенің халқыңды қорғаушы бас періште Миқайлдан өзге сол рухани әміршілерге қарсы тұрып, мені қолдап-қуаттайтын ешкім болмайды.

About Даниял Chapter 10

Read Даниял Chapter 10 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Даниял in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Даниял
Chapter: 10
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Даниял. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Даниял Chapter 10 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Даниял Chapter 10?

Даниял Chapter 10 is part of the Book of Даниял in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Даниял Chapter 10 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from даниял

  1. Даниял Chapter 12
  2. Даниял Chapter 11
  3. Даниял Chapter 7
  4. Даниял Chapter 9
  5. Даниял Chapter 4
  6. Даниял Chapter 3
  7. Даниял Chapter 5

Explore More from Ескі өсиет

  1. Ишая Chapter 64
  2. Еремия Chapter 26
  3. Шежірелер 2-ж Chapter 33
  4. Нақыл сөздер Chapter 7
  5. Нехемия Chapter 8
  6. Нақыл сөздер Chapter 12
  7. Забур жырлары Chapter 42

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 1-ж Chapter 22
  2. Мысырдан шығу Chapter 12
  3. Руларды санау Chapter 5
  4. Забур жырлары Chapter 145
  5. Елшілердің істері Chapter 11
  6. Жаратылыстың бастауы Chapter 45
  7. Ишая Chapter 31
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *