Нақыл сөздер Chapter 29

For English

Read Нақыл сөздер Chapter 29 Online

Read Нақыл сөздер Chapter 29 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Нақыл сөздер 29

Тарау 29

1. Ескертуді тыңдамай, қасарысқан жан Кенеттен күйреп, оңалмас содан.

2. Әділдер саны молайса халық қуанар, Зұлымдар билік құрса халық аһ ұрар.

3. Даналықты сүйген жан әкесін қуантар, Азғын әйелмен байланысқан байлығын шашар.

4. Патша әділдікпен елін нығайтар, Парақұмар болса елін құлдыратар.

5. Досына жағымпазданған Оның аяғына тор құрған.

6. Зұлым күнәсімен өзіне тор құрар, Әділ қуанып, көңілді ән салар.

7. Әділ жан жарлының құқығын ойлар, Зұлым соны білуден бас тартар.

8. Мазақшылдар қаланы даурықтырар, Даналар ашу-ызаны басар.

9. Дана жан ақымақпен соттасса, Ақымақ еліріп не күліп, бермес маза.

10. Қанқұмарлар мінсізді жек көреді, Ал әділдер мінсіздің игілігін көздейді.

11. Аңғал бар ашуын төгер, Дана өзін-өзі билер.

12. Әмірші өтірікке құлақ түрсе егер, Бар нөкері арамза боп шыға келер.

13. Кедей мен қанаушыға ортақ нәрсе: Жаратқан Ие көз нұрын сыйлады екеуіне.

14. Кедейлерге әділ үкім шығарар Патшаның тағы мәңгіге нығаяр.

15. Тиянақты тәрбие мен қажетті жаза Баланы ақылды қылар, Ал өз бетімен жіберілген бала Анасын масқараға қалдырар.

16. Зұлымдар көбейсе заңсыздық көбейер, Кейін әділдер олардың күйреуін көрер.

17. Балаңа жақсылап тәлім-тәрбие бер, Жаныңды ол тыншытып, шаттыққа кенелтер.

18. Құдайдың хабарын алмаса, халық бетімен кетер, Ал Оның тәлімін сақтағандар бақытқа кенелер.

19. Жай сөзбен құлды тәрбиелеуге болмас, Айтқанды ол ұқса да, іске асырмас.

20. Ағат сөйлейтін адамды көрсең, Аңғалдан үміт көбірек күтерсің.

21. Жасынан еркелеткен құлың Кейіннен болармын дер ұлың.

22. Ашулы жан дау-жанжал туғызар, Қызба жан көптеген күнә жасар.

23. Менмендік адамның мерейін түсірер, Кішіпейілдік оны құрметке жеткізер.

24. Қарақшымен сыбайлас өз жанына қас, Ол қарғанып ант беруге болар тиіс, Ал шын куәлік беруге батылы жетпес.

25. Пендеден қорқуы адамға тұзақ құрар, Жаратқанға сенуші қауіпсіз болар.

26. Көптеген кісі әміршінің ықыласын іздер, Ал әділет адамға Тәңір Иеден келер.

27. Азғын адам әділдерге жек көрінішті, Тура жүрген жан зұлымдарға жиренішті.

About Нақыл сөздер Chapter 29

Read Нақыл сөздер Chapter 29 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Нақыл сөздер
Chapter: 29
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Нақыл сөздер Chapter 29 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Нақыл сөздер Chapter 29?

Нақыл сөздер Chapter 29 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 29 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from нақыл-сөздер

  1. Нақыл сөздер Chapter 22
  2. Нақыл сөздер Chapter 13
  3. Нақыл сөздер Chapter 30
  4. Нақыл сөздер Chapter 31
  5. Нақыл сөздер Chapter 28
  6. Нақыл сөздер Chapter 7
  7. Нақыл сөздер Chapter 4

Related Chapters & Readings

  1. 2 Петірдің Chapter 2
  2. Руларды санау Chapter 14
  3. Заңды қайталау Chapter 8
  4. Жаратылыстың бастауы Chapter 31
  5. Ишая Chapter 32
  6. Елшілердің істері Chapter 17
  7. Патшалықтар 4-ж Chapter 10
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *