Read Нехемия Chapter 1 Online
Read Нехемия Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нехемия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нехемия and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Нехемия 1
Тарау 1
1. Бұл — Ахалиях ұлы Нехемияның басынан кешкендерін баяндаған сөздері. (Артақсерікс патшалық құрған) жиырмасыншы жылдың тоғызыншы айында мен бекіністі астана Сузыда тұрып жаттым.
2. Сол кезде ағайындарымның бірі — Ханани бірнеше адаммен бірге Яһуда аймағынан сапарлап келіп, маған соқты. Мен олардан (Бабылға) жер аударылудан елге қайтқан яһудилердің күй-жайын және Иерусалим қаласының хал-жағдайын сұрадым.
3. Олар маған: «Жер аударылудан аман қалып, сол аймаққа қайта оралғандардың күй-жайы мүшкіл, көргендері қорлық! Иерусалимді қоршаған қабырғалар қиратылған, қақпалары да өртелген», — деп баяндады.
4. Мұны естігенде мен отыра қалып, бірнеше күн бойы қайғырып жылап, ораза ұстап, көктегі Құдайға мінажат еттім.
5. Былай деп сиындым: «Уа, Жаратқан Ие, көктегі Құдай! Сен Өзіңді сүйіп, өсиеттеріңді ұстанатындарға Келісіміңнің уәделерін орындап, берік мейіріміңді көрсететін ұлы да айбынды Құдайсың.
6. Қызметшілерің — Исраилдің үрім-бұтағы үшін күні-түні Өзіңе сиынып отырған мендей құлыңның дұғаларына құлағыңды түріп, назарыңды аудара гөр! Исраилдің үрім-бұтағы — біздер Саған қарсы жасаған күнәларымызды мойындаймыз. Менің өзім де, шыққан әулетім де күнә жасадық.
7. Өзіңе қарсы зұлым істер істедік. Өз қызметшің Мұса арқылы бұйырған өсиеттерің, ережелерің және шешімдеріңді ұстанған жоқпыз.
8. Сен қызметшің Мұсаға тапсырған мына сөзіңді есіңе ала гөр: «Егер Маған опасыздық жасасаңдар, сендерді басқа халықтардың арасына таратып жіберемін.
9. Бірақ егер Маған қайта оралып, өсиеттерімді ұстанып орындайтын болсаңдар, онда тіпті жердің қиыр шеттеріне дейін айдалып тасталған болсаңдар да, Мен сендерді сол жақтан жинаймын, әрі өз есімімді орнатуға таңдап алған жерге қайтарып әкелемін!»
10. Исраил халқы — Сенің құдіретті қолыңды алға созып ерен күш-қуатыңмен құтқарып алған қызметшілерің әрі халқың ғой.
11. О, Жасаған Ие, Саған бойсұнған менің және есіміңді сүйсіне қастерлейтін басқа да қызметшілеріңнің дұғаларымызға құлақ аса гөр! Енді патшаны маған оң көзімен қаратып, ісімді табысты қыла гөр!» Себебі сол кезде мен патшаның сусындарын басқарып, дайындайтын уәзірі болатынмын.
About Нехемия Chapter 1
Read Нехемия Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нехемия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Нехемия
Chapter: 1
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нехемия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Нехемия Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Нехемия Chapter 1?
Нехемия Chapter 1 is part of the Book of Нехемия in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Нехемия Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from нехемия
- Нехемия Chapter 8
- Нехемия Chapter 13
- Нехемия Chapter 5
- Нехемия Chapter 4
- Нехемия Chapter 6
- Нехемия Chapter 7
- Нехемия Chapter 10