Read Нақыл сөздер Chapter 23 Online
Read Нақыл сөздер Chapter 23 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Нақыл сөздер 23
Тарау 23
1. Әміршімен дастарқандас болған уақытыңда Алдыңда кім отырғанын есіңде ұста.
2. Қомағай да ашқарақ болып жүрме, Тамағыңа пышақ тақағандай тәбетіңді бөге.
3. Әміршінің дәмді тағамдарына болма құмар, Мүмкін, ол қу ниетпен ұсынған шығар.
4. Бай боламын деп өзіңді зорықтырма, Даналық бар сондай ойдан бас тартқанда.
5. Байлыққа көзіңді салсаң, ол қанат бітіп Аспанға ұшқан бүркіттей лезде болар ғайып.
6. Сараңның асын ішпе, Дәмді тағамдарын көксеме.
7. Ол қара басының ғана қамын ойлайды, «Ішіп-же» деп сені қолпаштайды, Бірақ онысын шын жүректен айтпайды.
8. Аз-кем жеген асыңды кейін құсып тастарсың, Зая кетер инабатты айтқандарың.
9. Ақымаққа бекер айтпа сөздеріңді, Ол менсінбейді ғой берген кеңесіңді.
10. Ежелгі межені жасырын жылжытпа, Жетімнің жеріне қолыңды сұқпа!
11. Өйткені оны Қорғаушы қуатты, Мүддесін қорғап саған қарсы тұрады.
12. Санаңды тәлімге бұр, Құлағыңды нақылға түр.
13. Баланы тәрбиесіз, бетімен жіберме, Жөнімен жазаласаң ол өлмейді де,
14. Шектеу қойып, оны жөнге салсаң, Ажалдан жанын аман сақтарсың.
15. Балам, егер шынымен дана болсаң, Жүрегім қатты шаттанады бұған,
16. Ақиқат сөздер ғана шықса аузыңнан, Қуанышым қойныма сыймайды соған.
17. Күнәкарларды ешқашан күндеме, Тәңір Иені әр күні шын қастерле!
18. Сонда болар жарқын келешегің, Әрі үзілмес сенің күдерің.
19. Ақылды бол, балам, мені тыңда, Жүрегіңді тура жолға бағытта:
20. Шарап ішіп, етке тоймас Мешкейлерге сен қосылма!
21. Мешкейлік, маскүнемдік жарлы қылар, Ұйқышылдың киімі тоз-тоз болар.
22. Тыңда өзіңді дүниеге келтірген әкеңді, Менсінбей жүрме қартайды деп шешеңді.
23. Шындықты тауып, оны ешқашан сатпа: Ие бол даналық, тағылым мен парасатқа.
24. Әділдің әкесі қатты қуанады, Дананың шешесі де шаттанады.
25. Осылай ата-анаң шаттана алсын, Иә, туған анаң әндетіп қуансын!
26. Балам, жүрегіңді маған бағышта, Риза бол өзіңді жүргізетін жолдарыма!
27. Себебі азғын әйел — түпсіз шыңыраудай, Түскен адам шыға алмас тар құдықтай.
28. Бөтен әйел қарақшыдай торуылдап күтер, Опасыз жандардың санын көбейтер.
29. Кімде пәле, қайғы, жанжал бар? Кімде шағым, қажет емес жара бар? Кімнің көзі көреді бұлыңғыр?
30. Мұның бәрі шарап ішіп, Ұзақ отыратындарда болар, Ішімдіктерді араластырып, Дәмін тататындарда болар.
31. Сен шараптың қалай қызарып, Тостағанда құбыла жалтырап, Бірқалыпты жұмсақ жұтылғанына Лайым қызықтап қарайтын болма!
32. Әйтпесе ол соңында жыландай шағып алар, Денеңе сұр жыландай уын шашар,
33. Көз алдыңа елестеп бөгде бейнелер, Жүрегіңнен шығар жаман сөздер;
34. Сонда ұқсарсың теңіздің қақ ортасында Кеме діңгегінің ұшар басында Ұйықтап жатқан сорлы жанға;
35. Былай дерсің: «Ұрғанда ауырмады ешбір жерім, Итергенде мені түк те сезбедім, Оянғанда тағы да ішімдікті іздеймін».
About Нақыл сөздер Chapter 23
Read Нақыл сөздер Chapter 23 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Нақыл сөздер
Chapter: 23
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Нақыл сөздер Chapter 23 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Нақыл сөздер Chapter 23?
Нақыл сөздер Chapter 23 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 23 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from нақыл-сөздер
- Нақыл сөздер Chapter 28
- Нақыл сөздер Chapter 29
- Нақыл сөздер Chapter 12
- Нақыл сөздер Chapter 8
- Нақыл сөздер Chapter 25
- Нақыл сөздер Chapter 1
- Нақыл сөздер Chapter 20