Нақыл сөздер Chapter 12

For English

Read Нақыл сөздер Chapter 12 Online

Read Нақыл сөздер Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Нақыл сөздер 12

Тарау 12

1. Тәрбиені ұнатқан — білімді де ұнатқан, Ал ескертуді жек көрген — санасыз надан.

2. Ізгі жанды Жаратқан Ие ұнатар, Зымиянға Ол үкімін шығарар.

3. Адам зұлымдықпен берік болмас, Ал әділ жанның түп-тамыры мызғымас.

4. Ізгі әйел күйеуінің абыройын асырар, Арсыз әйел күйеуінің қуатын тауысар.

5. Әділдің ой-ниеті әділетті, Арамзаның кеңесі алдамшы.

6. Зұлымның сөзі қан төгер тұзақ құрар, Әділдің сөзі пәледен құтқарар.

7. Зұлым құлап, із-түзсіз жоқ болар, Әділдің шаңырағы берік тұрар.

8. Ақылына қарап адамды мақтар, Ойы бұзық жан жексұрын болар.

9. Кеуде көтеріп аш жүргеннен гөрі, Адал еңбек еткен қарапайым жан игі.

10. Ізгі жан малының да қамын ойлар, Арамзаның жүрегі қатыгез болар.

11. Жерін өңдегеннің қарны тоқ, Бос қиял қуғанның ақылы жоқ.

12. Зұлымның олжасына сұрқия көз салар, Тамыры берік әділ жан жемісті болар.

13. Арамза жалған сөзінен ұсталар, Әділ жан пәледен аман құтылар.

14. Аузынан шыққан жақсы сөзі адамды тоқ қылар, Еңбек еткен қолы да ақысын алар.

15. Ақымақ жүрген жолым тура дер, Дана жан кеңеске құлақ түрер.

16. Ақымақтың ашуы бірден бетіне шығар, Ақылды жан шеккен жәбіріне немқұрайды қарар.

17. Білген шындығын айтқан әділдікті паш етер, Жалған куәгер болған опасыздық етер.

18. Мылжың өз тілімен семсердей шағар, Дана өз тілімен жанның жарасын сауықтырар.

19. Шыншылдың сөзі мәңгілік, Өтірікшінің сөзі бір-ақ сәттік.

20. Зұлымдық ойлағанның жүрегі толған сұмдық, Татулық ойлағанның жүрегі толған шаттық.

21. Әділге күнәнің кесірі жұқпас, Зұлым толған пәлесінен арылмас.

22. Жалған тіл Жаратқанға жиренішті, Ақиқатты айтатын Оған сүйкімді.

23. Зерделі білімін жасырар, Зердесіз надандығын жариялар.

24. Еңбекқор қол билікке жеткізер, Жалқау қол құлдыққа түсірер.

25. Сары уайым адамның еңсесін басар, Жақсы сөз оның көңілін тасытар.

26. Әділ жан серіктерін ақ жолмен бастар, Арамзаның жолы оларды адастырар.

27. Жалқау аң аулап, етін қуыруға да ерінер, Ал еңбекқордың меншігі құндана түсер.

28. Әділдік жолында шынайы өмір бар, Онымен жүрген мәңгі өлімнен құтылар.

About Нақыл сөздер Chapter 12

Read Нақыл сөздер Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Нақыл сөздер
Chapter: 12
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Нақыл сөздер Chapter 12 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Нақыл сөздер Chapter 12?

Нақыл сөздер Chapter 12 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 12 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from нақыл-сөздер

  1. Нақыл сөздер Chapter 25
  2. Нақыл сөздер Chapter 31
  3. Нақыл сөздер Chapter 22
  4. Нақыл сөздер Chapter 14
  5. Нақыл сөздер Chapter 15
  6. Нақыл сөздер Chapter 3
  7. Нақыл сөздер Chapter 26

Related Chapters & Readings

  1. Ошия Chapter 4
  2. Забур жырлары Chapter 106
  3. Ишая Chapter 49
  4. Патшалықтар 4-ж Chapter 24
  5. Матай Chapter 12
  6. 2 Қорынттықтарга Chapter 8
  7. Жаратылыстың бастауы Chapter 21
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *