Read Нақыл сөздер Chapter 26 Online
Read Нақыл сөздер Chapter 26 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Нақыл сөздер 26
Тарау 26
1. Жаз кезіне қар жараспас, Орақ кезіне жаңбыр жараспас, Ақымаққа қадір жараспас.
2. Пыр еткен торғайдай, Ұшып кеткен қарлығаштай, Жөнсіз қарғыс адамға қонбас.
3. Атқа — қамшы, есекке — ауыздық, Қыңыр ақымаққа — қатаңдық.
4. Ақымаққа ақымақша жауап қайтарма, Әйтпесе оған ұқсап шығарсың соңында.
5. Ақымаққа ақымақтығын әшкерелеп жауап қайтар, Әйтпесе ол өзін ақылдымын деп санар.
6. Ақымақпен хабар жіберген жан Өз аяғын шапқандай басына пәле шақырған.
7. Наданның аузындағы нақылдар Сал адамның аяғындай ақсақ болар.
8. Ақылсыз жанды құрметтеуші Сақпанына тас байлаған іспетті.
9. Ақымақтың аузындағы дана нақылдар Мастың қолындағы тікенді бұтаққа ұқсар.
10. Наданды не көрінген жанды жалдаушылар Беталды жарақат салатын садақшыға ұқсар.
11. Төбет қайта оралар өзінің құсығына, Қайталар өз ақымақтығын аңқау жан да.
12. Өзін данышпан деп санайтыннан гөрі Ақымақтан жұрт көбірек үміт күтеді.
13. «Жолда арыстан бар, Алаңда арыстан жүр» Деп жалқау сылтау айтар.
14. Есік топсасында айнала берер, Еріншек төсегінде аунай берер.
15. Жалқау қолын табаққа салар, Ал аузына апаруға жалығар.
16. Ойланып жауап берер жетеуден гөрі Жалқау тым дана санайды өзін-өзі.
17. Жолшыбай өзгенің жанжалына араласқан Ұқсайды жанға иттің құлағынан тартқан.
18. Отты садақ атып, өлім себетін есуас
19. Жақынын алдап, «қалжыңдадым» дейтінге ұқсас.
20. Отын таусылса от өшер, Өсек таусылса дау өшер.
21. Көмірді шоқ, отынды от жандырар, Дау-жанжалды ұрысқақ адам тұтатар.
22. Өсекшінің сөзі сондай дәмді, Ішіңе кіріп, баурап алар жан дүниеңді.
23. Зұлым жүрек пен жалынды тіл Қыш ыдыстай тек сырты жылтыр.
24. Кекті адам сөзімен ойын жасырар, Ал жүрегіндегі ниеті арам қалар.
25. Қанша майда сөйлесе де сенбегін, Жеті сұмдық толтырып тұр жүрегін,
26. Қулықпен жасырса да өшпендігін, Жиында болар әшкереленетін.
27. Ор қазған қаскүнем орына өзі құлар, Өрге домалатқан тасы өзін басар.
28. Жалған тіл жәбірлегендерін жек көрер, Жағымпаз ауыз өзгені құртуды көздер.
About Нақыл сөздер Chapter 26
Read Нақыл сөздер Chapter 26 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Нақыл сөздер
Chapter: 26
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Нақыл сөздер Chapter 26 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Нақыл сөздер Chapter 26?
Нақыл сөздер Chapter 26 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 26 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from нақыл-сөздер
- Нақыл сөздер Chapter 31
- Нақыл сөздер Chapter 28
- Нақыл сөздер Chapter 22
- Нақыл сөздер Chapter 8
- Нақыл сөздер Chapter 18
- Нақыл сөздер Chapter 7
- Нақыл сөздер Chapter 15