Шежірелер 2-ж Chapter 8

For English

Read Шежірелер 2-ж Chapter 8 Online

Read Шежірелер 2-ж Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 2-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Шежірелер 2-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Шежірелер 2-ж 8

Тарау 8

1. Сүлеймен Жаратқан Иеге арналған ғибадатхананы және өзінің патшалық сарайын жиырма жылда салып бітірді.

2. Ол сонымен қатар Тир патшасы Хирам өзіне табыстаған қалаларын да қайта салғызып, оларға исраилдіктерді орналастырды.

3. Сүлеймен Хамат-Соба патшалығына аттанып, оны да өзіне бағындырды.

4. Кейін ол елсіз даладағы Тадмор қаласын және Хамат еліндегі астық сақтауға арналған қойма қалаларының бәрін салғызды.

5. Сүлеймен жоғарғы және төменгі Бет-Хорон қалаларын қорған етіп қайта салғызып, қақпаларын мықты бөренелермен және ысырмалармен бекіткізді.

6. Патша, сондай-ақ, Бағалат қаласын және астық сақтау үшін қойма қалаларын әрі соғыс күймелері мен атты әскерінің жылқыларына арналған барлық қалаларды да салғызды. Жалпы, ол Иерусалимде, Ливан тауларында және өзінің билігіне бағынатын барлық жерде саламын дегендерінің бәрін де жүзеге асырды.

7. Елдің Исраил халқына жатпайтын байырғы тұрғындары, яғни хеттік, аморлық, перездік, хевтік және ебустік ұлттар да болды.

8. Солардың исраилдіктер елді иемденіп алғанда құртып жібермеген ұрпақтарының бәрін Сүлеймен жұмыс істеуге мәжбүрледі. Бұл жағдай әлі күнге дейін сақталып келеді.

9. Ал патша исраилдіктердің ешқайсысын малайлық жұмыстарына салмады. Бұларды өзінің жасақшылары, әскери бөлім басшылары, соғыс күймелері мен атты әскерінің жетекшілері етіп тағайындады.

10. Сүлеймен патшаның халықты басқарған екі жүз елу қызметкері де осылардың арасынан еді.

11. Сүлеймен өзінің жұбайы — Мысыр патшасы перғауынның қызына арнап сарай салғызып, оны Дәуіттің шаһарынан сол сарайға көшірді. Ол былай деді: «Бұл әйелім Исраилдің патшасы Дәуіт марқұмның сарайын мекендемеуі керек, себебі кезінде Жаратқан Иенің Келісім сандығы тұрған жерлер Құдайға ерекше бағышталған».

12. Сүлеймен киелі үйдің кіреберісінің алдында Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстелін жасатқан еді. Сол кездері ол оның үстінде Жаратқан Иеге шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар ұсынатын.

13. Патша Мұса пайғамбар қалдырған ереже бойынша әр күннің қажетті құрбандықтары мен сый-тартуларын Тәңір Иеге бағыштайтын. Ол, сондай-ақ, демалыс күндері, әр айдың басында және жыл сайын өткізілетін басқа үш мейрамда, яғни Ашымаған нан, Жеті апта және Күркелер мейрамдарында, Құдайға арнайы құрбандықтар бағыштайтын.

14. Патша әкесі Дәуіт марқұмның нұсқауларына сәйкес діни қызметкерлерге топ кезектері бойынша міндеттерін жүктеді. Ол өзге леуіліктерге мадақтау қызметін жүргізуді және күнделікті мұқтаждық бойынша діни қызметкерлерге көмектесуді тапсырды және қақпашыларды өз топтарына сай ғибадатхананың әр қақпасына бекітіп қойды. Патша осының бәрін Құдайдың таңдаған адамы Дәуіттің қалдырған нұсқауларына сәйкес істеді.

15. Барлық мәселелерде, соның ішінде ғибадатхана қазынасы бойынша да, діни қызметкерлер мен леуіліктер патшаның берген бұйрықтарын бұлжытпай орындап жүрді.

16. Осылайша Сүлейменнің Жаратқан Иенің киелі үйінің негізін салған күнінен бастап, оны толығымен бітірген күніне дейінгі жасаған еңбегі жүзеге асып, аяқталды.

17. Сол кезде Сүлеймен Едом жерінің Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Есион-Гәбер мен Елат қалаларына барды.

18. Хирам патша оған қызметшілері арқылы кемелерін жіберіп, соларды басқаратын тәжірибелі теңізшілерін де жолдады. Олар Сүлейменнің қызметшілерімен бірге кемемен (Қызыл теңіз арқылы) Опыр жеріне жүзіп барды. Сол жақтан олар төрт жүз елу ат басындай алтын алып келіп, Сүлеймен патшаның қолына тапсырды.

About Шежірелер 2-ж Chapter 8

Read Шежірелер 2-ж Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 2-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Шежірелер 2-ж
Chapter: 8
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Шежірелер 2-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Шежірелер 2-ж Chapter 8 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Шежірелер 2-ж Chapter 8?

Шежірелер 2-ж Chapter 8 is part of the Book of Шежірелер 2-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Шежірелер 2-ж Chapter 8 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from шежірелер 2 ж

  1. Шежірелер 2-ж Chapter 5
  2. Шежірелер 2-ж Chapter 15
  3. Шежірелер 2-ж Chapter 29
  4. Шежірелер 2-ж Chapter 25
  5. Шежірелер 2-ж Chapter 19
  6. Шежірелер 2-ж Chapter 1
  7. Шежірелер 2-ж Chapter 14

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 51
  2. Еремия Chapter 22
  3. Жохан Chapter 7
  4. Заңды қайталау Chapter 3
  5. Ошия Chapter 1
  6. Езекиел Chapter 42
  7. Римдіктерге Chapter 6
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *