Забур жырлары Chapter 35

For English

Read Забур жырлары Chapter 35 Online

Read Забур жырлары Chapter 35 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Забур жырлары 35

Тарау 35

1. Менімен ерегісіп келгендермен Сен Өзің ерегісе гөр, уа, Ием. Маған қарсы күресіп келгендермен Сен Өзің күресе гөр, уа, Ием.

2. Сауыт киіп, қалқаныңды қолыңа алшы, Мені қолдап айқасуға дайындалшы.

3. Семсер суырып, қуғыншыларды бөгеші, «Мен Құтқарушыңмын!» деп жаныма жігер берші.

4. Жанымды алмақ жаулар ұятқа қалсын, Мені құртуға әрекет еткендер жасырын Енді кері қайтып, әбден масқаралансын!

5. Олар жел өтіндегі қауыздай шашырасын, Жаратқанның періштесі айдап шықсын,

6. Жолдары қараңғы да тайғақ болсын, Иә, Жаратқанның періштесі қуғындасын!

7. Өйткені олар жазықсыз маған тор құрды, Еш айыпсыз маған арнап ор қазды.

8. Сондықтан оларға кенет ажал жетсін, Маған құрған торына өздері түссін, Осылайша өз бастары құрып кетсін.

9. Сонда мен Жаратқанға шаттанамын, Мені құтқарған Иеме қуанамын,

10. Жан-тәніммен Оны былай деп мақтаймын: «Күшсіз жанды күштіден қорғайтын, Бейшара кедейді тонаушыдан сақтайтын Саған кім тең келер, уа, Жаратқаным?»

11. Ал мені айыптайды жалған куәлар, Мен білмейтін жайттарды тергеп сұрар.

12. Жақсылығыма жамандықпен қайтарар, Жан дүниемді қаңыратып бос қалдырар.

13. Ал олар ауырған кезде мен де қайғырдым, Ораза ұстап жанымды қалжыраттым, Жаратқанға олар үшін жалбарындым. Жауапсыз қайтқанда сол мінажатым,

14. Олар үшін дос-жарандай қамықтым, Анамды жоқтағандай бас иіп қайғырдым.

15. Алайда мен сүрінгенде олар қуанды, Айыптауға маған қарсы жиналды, Бейхабар мені үздіксіз даттады,

16. Арсыз мазақтаушылармен бас қосты, Маған қарсы тістерін қайрап бақты.

17. Уа, Жаратқан, бұған төзесің қашанғы? Сол «кәрлі арыстандардан» жалғыз жанымды Құтқаршы, һәм зұлымдықтарынан ғұмырымды.

18. Мен үлкен жиында Сені даңқтаймын, Көп халықтың алдында Сені мақтаймын.

19. Себепсіз жауым болған жандар қуанбасын, Кінәсіз мені жек көргендер табаламасын!

20. Татулық сөзін олар еш қозғамайды, Елдегі бейбіт жұртқа сұмдық жоспарлайды.

21. Арандарын кең ашып маған мін тағады: «Рас, біз сенің жамандық жасағаныңды Өз көзімізбен көрдік» деп айыптайды.

22. Уа, Жаратқан, мұны көрдің, үнсіз қалма, О, Ием, Сен менен еш қашықтама,

23. Тұрып, мені қорғауға ұмтыла гөр, Уа, Ием, Құдайым, мүддемді қорғай гөр,

24. Әділдігіңе сай мені ақтай гөр, Уа, Құдай Ием, табаламасын олар!

25. «Жақсы екен бұл, дәл көңілдегідей, Енді оны жеп құртамыз тірідей!» Деп ойлай алмасын сол зұлым жандар.

26. Менің мүшкіл халіме қуанғандар Бәрі ұятқа қалып, масқаралансын, Өздерін менен тым жоғары қойғандар Қара бет болып, ұятқа орансын.

27. Ал қалағандар ақталуымды менің Шаттана дауыстап қуанышқа кенелсін. «Қызметшісіне амандығын сүйсіне сыйлаған Жаратқан Иеміз мадақталсын әрқашан!» Деп дәріптей берсін олар тоқтамастан.

28. Күн сайын мен де Сені мақтап дәріптеймін, Әділдігіңді бар халыққа паш етемін.

About Забур жырлары Chapter 35

Read Забур жырлары Chapter 35 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Забур жырлары
Chapter: 35
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Забур жырлары Chapter 35 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Забур жырлары Chapter 35?

Забур жырлары Chapter 35 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 35 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from забур жырлары

  1. Забур жырлары Chapter 45
  2. Забур жырлары Chapter 38
  3. Забур жырлары Chapter 3
  4. Забур жырлары Chapter 46
  5. Забур жырлары Chapter 12
  6. Забур жырлары Chapter 52
  7. Забур жырлары Chapter 71

Related Chapters & Readings

  1. Еремия Chapter 2
  2. Лұқа Chapter 24
  3. Римдіктерге Chapter 9
  4. Ешуа Chapter 20
  5. Лұқа Chapter 21
  6. Забур жырлары Chapter 21
  7. Патшалықтар 4-ж Chapter 11
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *